Жаңалықтар

Төлепберген Мейрамбек

М.Төлепберген 1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Түгіскен аулында дүниеге келген. Журналист, саяси шолушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1981 жылы бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Сарысу ауданында құрылысшы болып бастаған (1974-1975 жылдары). 1980-1990 жылдар аралығында Алматы облысының «Жетісу» газетінде әдеби тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. Журналистика саласында өз қолтаңбасын  әуелі спорт тақырыбында қалдырып танылған ол, Орта Азия және Қазақстан спорт журналистерінің халықаралық байқауында (1989) бас жүлдеге ие болды. 1991-1995 жылдары М.Төлепберген республикалық «Халық кеңесі» газетінде сектор меңгерушісі, бөлім редакторы қызметін атқарып жүріп, Парламент жұмысының қыр-сырына үңіліп, саяси тақырыптарға жазылған сараптама мақалаларымен көзге түсті. Шығармашылықтық қарым-қабілеті оны еліміздің таңдаулы журналистер шоғырына қосты. 1996 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты ой-толғамдарымен және публицистикалық мақалаларымен кеңінен танылды.
30.01.2013 09:34 4516

М.Төлепберген 1957 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Түгіскен аулында дүниеге келген. Журналист, саяси шолушы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1981 жылы бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Сарысу ауданында құрылысшы болып бастаған (1974-1975 жылдары).

1980-1990 жылдар аралығында Алматы облысының «Жетісу» газетінде әдеби тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. Журналистика саласында өз қолтаңбасын  әуелі спорт тақырыбында қалдырып танылған ол, Орта Азия және Қазақстан спорт журналистерінің халықаралық байқауында (1989) бас жүлдеге ие болды. 1991-1995 жылдары М.Төлепберген республикалық «Халық кеңесі» газетінде сектор меңгерушісі, бөлім редакторы қызметін атқарып жүріп, Парламент жұмысының қыр-сырына үңіліп, саяси тақырыптарға жазылған сараптама мақалаларымен көзге түсті. Шығармашылықтық қарым-қабілеті оны еліміздің таңдаулы журналистер шоғырына қосты. 1996 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты ой-толғамдарымен және публицистикалық мақалаларымен кеңінен танылды.

2007-2008 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ бұқарамен байланыс басқармасының бастығы, бұқарамен байланыс департаментінің директоры, 2009 жылы Жамбыл және Алматы облыстары бойынша «Қазақ газеттері» ЖШМ өкілі қызметтерін атқарды. 2010 жылдың қаңтарынан бері – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

М.Тқлепберген ұзақ уақыт белгісіз болып келген, ал 1997 жылы Ресей батыры және Халық Қаһарманы атанған Бақтыораз Бейсекбаевтың ақиқаты мен есімін қайта оралту үшін оның дерегін тынбай іздестіріп табады. ХІХ ғасырдағы қазақ айтыс өнерінің дүлдүлі Ұлбике Жанкелдіқызының әдеби мұрасын зерттеп жинақтауға елеулі еңбек сіңірді.

Журналистік ресми сапармен оннан астам шет елдерде болып, арнайы репортаждар мен жолжазбалар жазды.

«Сағасында Таластың бір ауыл бар» (1995 жыл), «Қаһарман Бақтыораз» (2000 жыл), «Ақиқат алдында» (2002 жыл), «Ұлбике» (2002 жыл), «Шоқыр» (2003 жыл) деген кітаптардың авторы. Сегіз жинаққа таңдаулы очерктері енген.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1999 жыл), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2000 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен  марапатталған.  Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1998 жыл), Президенттік гранттың (2005 жыл), ҚР Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық жүлдесінің (2007 жыл) лауреаты. Алматы облысы Балқаш ауданының құрметті азаматы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға