Жаңалықтар

Төретайұлы Қабылбек

Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Сайрам ауданы, «Қайнарбұлақ» ауылында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1968 жылы «Казмеханомонтаж» трестінде слесарь-жөндеуші қызметінен бастады. 1976 жылы «Фосфор үшін» көпбасылымды газет редакциясында редактордың орынбасары, 1977 жылдың маусым айынан 1981 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облыстық ЛКЖО комитетінің аппаратында - лектор, лекторлық топтың меңгерушісі, 1981 жылдың тамыз айынан Еңбекші аудандық және облыстық партия комитеттерінде, 1991 жылдың шілде айынан бастап Шымкент облыстық Халық депутаттары атқару Кеңесінде ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі, баспасөз қызметінің хатшысы қызметтерін атқарған, ал 1992–1997 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің және жалпы бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
17.01.2013 04:10 3295

Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Сайрам ауданы, «Қайнарбұлақ» ауылында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1968 жылы «Казмеханомонтаж» трестінде слесарь-жөндеуші қызметінен бастады. 1976 жылы «Фосфор үшін» көпбасылымды газет редакциясында редактордың орынбасары, 1977 жылдың маусым айынан 1981 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облыстық ЛКЖО комитетінің аппаратында - лектор, лекторлық топтың меңгерушісі, 1981 жылдың тамыз айынан Еңбекші аудандық және облыстық партия комитеттерінде, 1991 жылдың шілде айынан бастап Шымкент облыстық Халық депутаттары атқару Кеңесінде ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі, баспасөз қызметінің хатшысы қызметтерін атқарған, ал 1992–1997 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің және жалпы бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1997 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағат және құжаттама бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2003 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік құжат жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бір жылдық біліктілігін жоғарлату бойынша сырттай оқу курсын бітірді. Төретай Қабылбек 2005 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағат және құжаттама бөлімінің Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы болып қайта аталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы болып тағайындалды. Өз қызметі барысында Төретай Қабылбек Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасымен, Қазақстан Республикасының мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына - 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Төретай Қабылбек Қазақстан Республикасы Жазушылар және журналистер одағының, сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, облыстық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер қауымдастығының төрағасы. Қабылбектің алғашқы жырлары «Жетісай әуендері» атты жинақта жарияланды. Ол «Қазығұрт - Қайнарбұлақ», «Бас-басына би болғаннан сақтасын», «Жан шуағы», «Қаракөз қалқам», «Арымның алауы», «Найзағай намыс» деген кітаптардың авторы. Шымкент қаласында тұрады.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға