Жаңалықтар

Ілиясқар Мәжит Жамбылұлы

Ілиясқар Мәжит Жамбылұлы 1937 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангельдин колхозының Сергеевка атты ауылында (кейіндері «Бұғымүйіз – Бесмойнақ», қазір «Найманбай батыр» ауылы) кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1942 жылы 5 жасар баланы Байбатшаев Сейдахпар – бригадир азаннан «Ажал төбеге» қуады. «Ажал төбеде» бастық – Сартжанов Бейсенбай тізім бойынша белгілеген соң бидай ішінен кекіре деген арам шөпті жұлуға аттандырады. Сөйтіп көзін еңбекпен «тырнап» ашып өзінің еңбектегі өмірбаянын бастады. 1945 жылы ауылдың 4 жылдық бастауыш мектебіне барды. 1950 жылы Сергеевканың 7 жылдық мектебіне өтті.
11.12.2012 10:28 3867

Ілиясқар Мәжит Жамбылұлы 1937 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангельдин колхозының Сергеевка атты ауылында (кейіндері «Бұғымүйіз – Бесмойнақ», қазір «Найманбай батыр» ауылы) кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1942 жылы 5 жасар баланы Байбатшаев Сейдахпар – бригадир азаннан «Ажал төбеге» қуады. «Ажал төбеде» бастық – Сартжанов Бейсенбай тізім бойынша белгілеген соң бидай ішінен кекіре деген арам шөпті жұлуға аттандырады. Сөйтіп көзін еңбекпен «тырнап» ашып өзінің еңбектегі өмірбаянын бастады. 1945 жылы ауылдың 4 жылдық бастауыш мектебіне барды. 1950 жылы Сергеевканың 7 жылдық мектебіне өтті. 1952-1955 жылдары осы ауданға қарасты №55 «Дегересс» жылқы зауытының интернатында орта мектепті бітірген соң, туған ауылы «Бұғымүйіз – Бесмойнақта» екі жыл маусымдық жұмыстар: темірұста, қырықтық, күпке салу, егінді егу-ору, пішен шабу, мал төлдету т.б айналысқан.

1957 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік Консерваториясының Театр бөліміне түсіп, 1961 жылы оны Қазақстан халық әртісі, ҚР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, қазақтың тұңғыш профессионал режиссері, профессор Асқар Тоқпановтан бітіріп, «театр актері» деген мамандық алып шықты. Содан бері қарай 55 жыл бойы талмастан, өз өнерімен сүйікті халқына қызмет етіп келеді. Ол ойнаған 300-ден астам рөлдер ішінде: М.Әуезовтен Кеңгірбай, Алшағыр, Көбікті, Жабай, Жарылғап, Хлыновский, Долгов; Ғ.Мүсіреповтен: Жылкелді, Қоңқай, Балта, Қодар, Қарабай, Жантық; Әкім Таразиден: «Қорқау жұлдызындағы» Д.Қонаев бейнелерін жасады. Шетел драматургиясынан: Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатындағы» - Гофмаршал Фон Кальб; Шекспирдің «Ромео-Жулиеттасы» мен «Юлий Цезарындағы» - Меркуцио мен Кассий; Мольердің «Сараңындағы» - Горпогон; Гогольдің «Үйленуіндегі» - Жевакин; Шолоховтың «Көтерілген Тыңындағы» - Осетровтың образдарын сомдады. «Марғау үні» мен «Ұлан асу» телеспектакльдеріне, «Ажал періштесі – Суржекей», «Дәнекер» және «Исабеков әлемі» фильмдеріне түсті.

Оңтүстік өңірінің халқына Шона Смаханұлының «Апатқа ұшыраған шофері» мен Қыдыр Ата арқылы белгілі болды.

Еңбегін ел бағалап: Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Тәуелсіз Қазақстанға 10 толғандағы мерекелік медальмен марапаттап, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметті атақ берді.

1980-1991 жылдар аралығында, Ж.Шанин атындағы Облказдрамтеатр бастауыш партия ұйымының хатшысы, 2004-2011 жылдарда – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Оңтүстік Қазақстан обкомының екінші хатшысы.

1980 жылы Қазақ ССР-ның Шымкент облысы, Шымкент қаласына қарасты, Дзержинский аудандық еңбекшілер Халық депутаттары Кеңесінің №96 сайлау округі бойынша депутат болып сайланды.

Ұлы, келіні, және немере қызы бар.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға