Жаңалықтар

Ерғали Сиябекұлы Уразимбетов

Ерғали Сиябекұлы Уразимбетов Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы Шорнақ ауылында 1943 жылы 10 қазанда дүниеге келді, ұлты қазақ. Әкесі   Уразимбетов Сиябек 1942 жылы ұлы отан соғысында қайтыс болған. Шешесі Кульбаева Оразгүл 1995 жылы қайтыс болған. 1950 жылы Түркістан қаласында № 19 мектепте, кейіннен № 386 деп аталған мектепті 1959 жылы бітіреді. 1960-1962 ж.ж Түркістан ауданы Кентау қаласындағы СУ № 2 «Ағаш шебері» деген мамандық алады. 1962-1966 ж.ж кеңес одағының қарулы күштерінің қатарында, азаматтық борышын өтеді. 1967 жылы Шымкент қаласындағы телефон станциясында «оператор» болып қызмет жасап, осы жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтының актерлік факультетіне түсіп 1972 жылы жоғарғы білімді «актер» деген мамандығын алады.
11.12.2012 10:07 3301

Ерғали Сиябекұлы Уразимбетов Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы Шорнақ ауылында 1943 жылы 10 қазанда дүниеге келді, ұлты қазақ. Әкесі   Уразимбетов Сиябек 1942 жылы ұлы отан соғысында қайтыс болған. Шешесі Кульбаева Оразгүл 1995 жылы қайтыс болған. 1950 жылы Түркістан қаласында № 19 мектепте, кейіннен № 386 деп аталған мектепті 1959 жылы бітіреді. 1960-1962 ж.ж Түркістан ауданы Кентау қаласындағы СУ № 2 «Ағаш шебері» деген мамандық алады. 1962-1966 ж.ж кеңес одағының қарулы күштерінің қатарында, азаматтық борышын өтеді. 1967 жылы Шымкент қаласындағы телефон станциясында «оператор» болып қызмет жасап, осы жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институтының актерлік факультетіне түсіп 1972 жылы жоғарғы білімді «актер» деген мамандығын алады. 1979 жылы СССР Мәдениет Министрінің бұйрығымен Ленинград мемлекеттік Академиялық Ленсовет атындағы театрында, СССР халық артисі, театрдың көркемдік жетекшісі И.П.Владимировтың шәкірті болып 1981 жылы «Драма режиссері» мамандығын игерген. 1981 жылы Жамбыл облысының Абай атындағы драма театрының бас режиссері. Сол жылдары Қазақстандағы қазақ-орыс, Алматы театрларында Г.Боровиктің «Буэнос-Айрестегі интервью», В.Шекспир «Гамлет», «Дуалы түнгі думан», В.Шаңковтың «Волокалам тас жолы», Б.Арбузовтың «Қауіпті ойын», М.Митровигтің «Түнгі тонау», Ғ.Мүсірепов «Қозы көрпеш Баян сұлу», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», О.Иоселлани «Арбаң аман болсын» т.б көркемдік деңгейі жоғары спектакльдер сахналады.

Москва және де басқада Республикалық театр сыншылары Е.Уразимбетовты диапазоны кең, қиялы алыс, терең ойға құрылған режиссер екенін БАҚ беттерінде жариялап келеді.

Республикаға және де СССР-ге танымал режиссер еңбектері бағаланып Қазақстан Мәдениет Министрлігінің грамоталары, дипломдары мен қазақ ССР жоғары Советі Президиумының 1986 жылы Құрмет грамотасымен марапатталған.

Москва қаласының кәсіподақтар ұйымының «Ерен еңбегі үшін» деген «алтын» төс белгісімен 1986 жылы марапатталған.

Классикалық 100-ден астам қойылымдардың иесі.

Сондай-ақ, қазақ фильмдегі «Охотник», «Доверие», «Құлан», «Манчжурский вариант», «Екі сериялы Абай», «Көшпенділер», «Мұстафа Шоқан» фильмдерінде басты рольдерді орындағанын актер ретінде атауға болады. Осындай еңбектері ескеріліп Ерғали Сиябекұлы Уразимбетовке 1993 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1988 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт-Ата» мемлекеттік университетінің ғылыми профессоры.

2001 жылдың қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі-директоры.

2003 жылдан қазіргі уақыт ішінде осы аталған театрдың көркемдік жетекшісі.

2002-2003 жылдары Ғ.Мүсіреповтың-100 жылдық М.Өтемісұлының 200-жылдығына арналған мерей тойларына арналған Республикалық театрлар фестивальдерінде «Ұлттық театр дәстүрін дамытқаны» үшін және де «Ең үздік режиссер» номинациясына ие болған өнер қайраткері.

2006 жылы «Нұрын шашқан Оңтүстік» атты энциклопедиясына «Сахна ардагері» ретінде кітапқа енген.

2006 жылы маусым айындағы жақын шетел Қырғыз Республикасында Бішкекте болған екінші Бішкек ел аралық театр «АRT-ORDO» фестивалінде қырғыз халқының ғұлама жазушысының Ш.Айтматовтың «Плаха» романының жүйесі бойынша Ерғали Сиябекұлы Уразимбетовтың «Жанпида» атты жазған инсценировкасымен және де өзінің режиссерлық қойылымымен қатысып «Ең үздік қоюшы режиссері» номинациясының жүлдегері. Сонымен қатар екі жылда бір рет және жалғыз шығармашылық суреткерге берілетін Мұратбек Рысқұлов атындағы суреткер, актер, режиссер, драматург деген «Алтын» төс медалі мен дипломын алып, үшінші номинация «Сахна ардагері» атты медальдің, құрметті атақтарының жеңімпазы.

XV, XVI, XVII Республикалық фестивальдерде «Ең үздік режиссер» номинациясының иегері. 2008-2010 жылдар аралығында Түркістан қалалық театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері. 2011 жылдан Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының түсірген бірнеше көркем фильмдеріне түскен кәсіби актер.

Ерғали Сиябекұлы Уразимбетов Қазақстан Республикасының – белгілі, зиялы, атақты, шебер, «кәсіби» суреткер – таңдаулы өз мектебі, қолтаңбасы бар алдыңғы шептегі Қазақстанның режиссері.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға