Жаңалықтар

Мұханов Нұрнияз Мұханұлы

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. 27.06.1948 ж. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Алматы опера студиясын, Шымкент мәдениет институтының іштей бөлімінде оқып, оқуды 1973 жылы  бітіріп, жоғары білікті мәдениет қызметкері дәрежесіне ие болды.                          Нұрнияз Мұханұлы Маңғыстау өңірінде көптеген мәдениет ошақтарының дүниеге келуіне және олардың қалыптасып дамуына, көркейіп өркендеуіне белсенді түрде  ат салысып  еңбек етті. 1973 - 1980 жылдары аралығында  Маңғышлак Халық шығармашылық үйінің директоры болып тағайындалды. 1980-1988 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығын  ашып, оған біраз жылдар бойы басшылық  етті. 1988-1989 жылдар аралығында  Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының директордың орынбасары  қызметін атқарып, қуыршақ театрының  қазақ труппасын ашып, оның жоғары деңгейде дамып өркендеуіне жол ашты. 1989-1995 жылдар аралығында Облыстық филармонияның директоры қызметін атқарды. Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін, «Ақ жарма» ансамблі, «Ақ шағала» ансамблі өнер ұжымдарын, халықтық - ұжымдық «Кең жайлау», «Ақ желкен», «Үгіт» бригадаларын, «Маңғыстау маржандары», «Жастар» сияқты көптеген өнер ұжымдарын ашты. Ол басқарған өнер ұжымдары Алжир, Түркия, Египет, Қытай, Татарстан, Румыния және т.б. көптеген шет елдерде өнер көрсетіп, түбектің, елдің мәртебесін  өсірді. 1993 жылы Ақтауда алғаш өнер колледжін ашып, директор болды. 1995-2006 жылдар  аралығында  Облыстық мәдениет бөлімін басқарды. Маңғыстау өлкесінің тарихи - мәдени  ескерткіштерін қалпына келтіруге, әсіресе,  «Бекет Ата» және «Шопан Ата» кесенелерінің қалпына келтіруіне ерекше көңіл бөліп,  ат салысып еңбек етті. Маңғыстау мәдениетінің қалыптасып, дамып өркендеуіне мейлінше көп үлес қосқан мәдениет саласының бірегейі.      2006 жылы өзі ашқан Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық  - драма  театрының  директоры  қызметіне тағайындалды. Қазіргі  таңда, өзі жетекшілік етіп отырған Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрын елімізге және басқа да көрші елдерге танымал етті. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды. 2 рет Қазақстан Республикасы фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Қазан қаласында өткен түркі тілдес елдер театры фестиваліне қатысып лауреат атанды. Каир қаласында өткен эксперименталдық театрлары фестиваліне қатысып жүлдегер атанды. Оның осынша ерен еңбектері – асқан үлкен абыройға лайықты етті. Нұрнияз Мұханұлының осы еңбектері жоғары бағаланып, көптеген мемлекеттік медальдармен марапатталған.   «Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» жоғарғы атағына ие, «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Астана», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы»  медальдерімен  марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері» және «Одақ мәдениетінің үздік қызметкері» төс белгісіне ие болды  және  т.б. көптеген одақтық, республикалық, облыстық, мемлекеттік  грамота,  дипломдарға  ие.
05.02.2013 05:23 5019

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
27.06.1948 ж. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Алматы опера студиясын, Шымкент мәдениет институтының іштей бөлімінде оқып, оқуды 1973 жылы  бітіріп, жоғары білікті мәдениет қызметкері дәрежесіне ие болды.                         
Нұрнияз Мұханұлы Маңғыстау өңірінде көптеген мәдениет ошақтарының дүниеге келуіне және олардың қалыптасып дамуына, көркейіп өркендеуіне белсенді түрде  ат салысып  еңбек етті.
1973 - 1980 жылдары аралығында  Маңғышлак Халық шығармашылық үйінің директоры болып тағайындалды.
1980-1988 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығын  ашып, оған біраз жылдар бойы басшылық  етті.
1988-1989 жылдар аралығында  Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының директордың орынбасары  қызметін атқарып, қуыршақ театрының  қазақ труппасын ашып, оның жоғары деңгейде дамып өркендеуіне жол ашты.
1989-1995 жылдар аралығында Облыстық филармонияның директоры қызметін атқарды. Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін, «Ақ жарма» ансамблі, «Ақ шағала» ансамблі өнер ұжымдарын, халықтық - ұжымдық «Кең жайлау», «Ақ желкен», «Үгіт» бригадаларын, «Маңғыстау маржандары», «Жастар» сияқты көптеген өнер ұжымдарын ашты. Ол басқарған өнер ұжымдары Алжир, Түркия, Египет, Қытай, Татарстан, Румыния және т.б. көптеген шет елдерде өнер көрсетіп, түбектің, елдің мәртебесін  өсірді. 1993 жылы Ақтауда алғаш өнер колледжін ашып, директор болды.
1995-2006 жылдар  аралығында  Облыстық мәдениет бөлімін басқарды. Маңғыстау өлкесінің тарихи - мәдени  ескерткіштерін қалпына келтіруге, әсіресе,  «Бекет Ата» және «Шопан Ата» кесенелерінің қалпына келтіруіне ерекше көңіл бөліп,  ат салысып еңбек етті. Маңғыстау мәдениетінің қалыптасып, дамып өркендеуіне мейлінше көп үлес қосқан мәдениет саласының бірегейі.     
2006 жылы өзі ашқан Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық  - драма  театрының  директоры  қызметіне тағайындалды.
Қазіргі  таңда, өзі жетекшілік етіп отырған Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрын елімізге және басқа да көрші елдерге танымал етті. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды. 2 рет Қазақстан Республикасы фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Қазан қаласында өткен түркі тілдес елдер театры фестиваліне қатысып лауреат атанды. Каир қаласында өткен эксперименталдық театрлары фестиваліне қатысып жүлдегер атанды. Оның осынша ерен еңбектері – асқан үлкен абыройға лайықты етті.
Нұрнияз Мұханұлының осы еңбектері жоғары бағаланып, көптеген мемлекеттік медальдармен марапатталған.  
«Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» жоғарғы атағына ие, «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Астана», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы»  медальдерімен  марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, «Мәдениет қайраткері» және «Одақ мәдениетінің үздік қызметкері» төс белгісіне ие болды  және  т.б. көптеген одақтық, республикалық, облыстық, мемлекеттік  грамота,  дипломдарға  ие.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға