Жаңалықтар

АЙДАРБАЕВА РОЗА ТАЙМАНҚЫЗЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1952 жылдың желтоқсанның 18 жұлдызында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Таушық кентінде өмірге келді. 1959 жылы 6 жасында мектеп табалдырығын аттайды. Әкесі Айдарбайдан күй дарыған Тайман кішкене Розаға, осы жылы домбыраны үйретеді. X. Тастановтың «Қазақ биі» күйі, Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» Сейтектің «Заман-ай» т.б. күйлерді үйретеді. Табиғатынан зерек Роза, әкесі үйреткен күйлерді, тез арада жаттап алып отырған. 1962 жылы сол кездегі жыл сайынгы болып түратын мектеп аралық олимпиядага 3-ші класта оқып жүрій Тастановтың «Би» күйін орындап 1-ші орын Диплом алып келеді. Сол жылдан бастап күй тартудан 1-ші орынды Роза, жыл сайын мектеп бітіргенше иеленіп отырады. 1970 жылы Роза Тайманқызы Гурьев облысындағы музыка училищесінің Г.Адебқалиев дәріс беретін домбыра класына окуға түсіп, өте жақсы бағамен 1974 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Алматы мемлекеттік консеваториясына профессор Құбыш Мұхитовтың класына оқуға түседі. 1976 жылы Құрманғазы атындағы академиялық оркестрдің құрамында Италияда өткен 10-шы дүниежүзілік фестивальге қатысады. 1979 жылы консерваторияны өте жақсы бітіріп, сол консерваторияда домбыра сабағынан мұғалім болып қалдырылады. 1984 жылы Роза өзінің туған жері Маңғысгауға оралып, алғаш құрылып жатқан «Маңғыстау маржандары» - атты ән-би ансамблінде концертмейстер болып, әрі сол Ералы кентінде музыка мектебінде домбыра класынан сабақ береді. «Маңғыстау маржандары» ансамблімен 1986 жылдың шілде айында Алжирде болған «дүниежүзілік ән-би» фестивальде лауреат атанып келеді. 1987 жылы Маңғыстау топырағында өткен дүл-дүл күйшілер Есір, Өскінбай, Мұрат, Құлшар, Қоңыр т.б. сол сияқты күйшілердің күйлерін алғаш тарихта «Маңғыстау күйлері» деген атпен нотаға түсіріп кітапша етіп шығарады. 1988-1989 жылдары өнер сапарымен Румыния, Болгария, Украинада болды. 1990 жылы:«Ақжарма» атпен Есірдің 16 күйін шығарды. Сол жылы ВТПО фирма «Мелодия» 15 күйі бар «Ақжарма» - атты күйтабақ шығарды. 1992 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» ( 1992 ж. куәлік № 50350). 1992 жылы Маңғыстау облыстык филармониясына солист-домбырашы болып орналасады. Сол жылы «Ақжарма» фольклорлық ансамблі ұйымдастырылады, осы ансамбльге жекё орындаушы болады. 1992 жылы Туркияда өткен дүниежүзілік фестивальге «Ақжарма» ансамблімен қатынасып лауреат атанады. 1994 жылы Қытай Халық Республикасында болған «Дүниежүзілік ән-би» фестивальге қатысып лауреат атанады. 1996 жылдың 9-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен «Қазаұстан еңбек сіңірген артисі» атағы берілді. Роза Тайманқызы сонымен қатар, облыстық филармонияның Абыл Таракұлы атындағы қазак ұлт аспаптар оркестрінде концертмейстер, Маңғыстау өнер колледжінде домбыра класынан оқытушы болып студенттерге дэріс береді. Розаның алғашқы шәкірттерінің бірі - Күмісқалиева Меруерт биыл Алматы консерваториясын бітіреді, Түйте Жұмагүл, Мырзагалиева Эльмира сиякты Республикалық лауреаттар дайындаған үлгілі үстаз. 2000 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Дастан студиясынан «Ақжарма» 24 күйлік аудио кассетасы жарық көрді. Розаның әкесі Тайман Айдарбаев 15 күй шығарған, жергілікті   күйшілердің   күйлерін   шебер  тартатын домбырашы, әуесқой композитор. Оның «Сағыныш», «Жастық шак», «Жас өрен», «Аңшылық», «Наурыз», «Маңғыстау - менің қонысым», «Жас қыран», «Құтты болсын мерекең!», «Кәрілік» т.б. күйлері бар. Тәкенің 10 баласының үлкені Розаның өзі де күй шығарудан кенде емес «Балдырған», «Маңғыстау» - атты күйлері бар. Үлкен үлы Ерболат облыстық салық инспекторы, кішісі Нұрболат техникалық колледжді бітіріп жатыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай «Ақжарма» фольклорлы этнографиялык ансамбль Франция еліне барып, фестивальге қатысып, үлкен жетістікпен оралды. 2005 жылдың қазан айында Алматы мемлекеттік консерваториясының «Құрметті профессоры» атағы берілді. 2006 жылдың 8-ші желтоқсанында жарлық бойынша «Құрмет» орденімен наградталды (орден № 1384). Ұстаздык жолда бірнеше лауреаттар дайындаған. Мысалы: Республикалық конкурстардың бес рет бас жүлдесін жеңіп алған Абылай Тілепбергенов, 2006 жылы Мұрат Өскінбаев атындағы конкурстың І-ші орын лауреаты Кенжеғали Данияр, жэне басқа да Дина Қырғызбаева, Эльмира Жұмағалиева, Шүренбай Ғаділбек, Гаухар Мүханова, Меруерт Күмісқалиева, Айгүл Қосанова т.б. оқушылар дайындап шығарган. Қазір облыстық филармония әртісі болып «Ақжарма» фольклорлық ансамблінде және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концертмейстері болып қызмет жасайды. Сонымен қатар, Ақтау өнер колледжінде оқытушы. 2008 жылдың 12-18 мамыр аралығында Америка Кұрама Штатында «Азия елдері» фестиваліне қатысып, лауреат атанып келді. 2011 ж «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
05.02.2013 05:10 6629
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
1952 жылдың желтоқсанның 18 жұлдызында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Таушық кентінде өмірге келді. 1959 жылы 6 жасында мектеп табалдырығын аттайды. Әкесі Айдарбайдан күй дарыған Тайман кішкене Розаға, осы жылы домбыраны үйретеді. X. Тастановтың «Қазақ биі» күйі, Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» Сейтектің «Заман-ай» т.б. күйлерді үйретеді.

Табиғатынан зерек Роза, әкесі үйреткен күйлерді, тез арада жаттап алып отырған. 1962 жылы сол кездегі жыл сайынгы болып түратын мектеп аралық олимпиядага 3-ші класта оқып жүрій Тастановтың «Би» күйін орындап 1-ші орын Диплом алып келеді. Сол жылдан бастап күй тартудан 1-ші орынды Роза, жыл сайын мектеп бітіргенше иеленіп отырады. 1970 жылы Роза Тайманқызы Гурьев облысындағы музыка училищесінің Г.Адебқалиев дәріс беретін домбыра класына окуға түсіп, өте жақсы бағамен 1974 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Алматы мемлекеттік консеваториясына профессор Құбыш Мұхитовтың класына оқуға түседі.
1976 жылы Құрманғазы атындағы академиялық оркестрдің құрамында Италияда өткен 10-шы дүниежүзілік фестивальге қатысады.
1979 жылы консерваторияны өте жақсы бітіріп, сол консерваторияда домбыра сабағынан мұғалім болып қалдырылады. 1984 жылы Роза өзінің туған жері Маңғысгауға оралып, алғаш құрылып жатқан «Маңғыстау маржандары» - атты ән-би ансамблінде концертмейстер болып, әрі сол Ералы кентінде музыка мектебінде домбыра класынан сабақ береді.
«Маңғыстау маржандары» ансамблімен 1986 жылдың шілде айында Алжирде болған «дүниежүзілік ән-би» фестивальде лауреат атанып келеді. 1987 жылы Маңғыстау топырағында өткен дүл-дүл күйшілер Есір, Өскінбай, Мұрат, Құлшар, Қоңыр т.б. сол сияқты күйшілердің күйлерін алғаш тарихта «Маңғыстау күйлері» деген атпен нотаға түсіріп кітапша етіп шығарады. 1988-1989 жылдары өнер сапарымен Румыния, Болгария, Украинада болды.
1990 жылы:«Ақжарма» атпен Есірдің 16 күйін шығарды. Сол жылы ВТПО фирма «Мелодия» 15 күйі бар «Ақжарма» - атты күйтабақ шығарды.
1992 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» ( 1992 ж. куәлік № 50350). 1992 жылы Маңғыстау облыстык филармониясына солист-домбырашы болып орналасады. Сол жылы «Ақжарма» фольклорлық ансамблі ұйымдастырылады, осы ансамбльге жекё орындаушы болады.
1992 жылы Туркияда өткен дүниежүзілік фестивальге «Ақжарма» ансамблімен қатынасып лауреат атанады. 1994 жылы Қытай Халық Республикасында болған «Дүниежүзілік ән-би» фестивальге қатысып лауреат атанады.
1996 жылдың 9-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен «Қазаұстан еңбек сіңірген артисі» атағы берілді.
Роза Тайманқызы сонымен қатар, облыстық филармонияның Абыл Таракұлы атындағы қазак ұлт аспаптар оркестрінде концертмейстер, Маңғыстау өнер колледжінде домбыра класынан оқытушы болып студенттерге дэріс береді. Розаның алғашқы шәкірттерінің бірі - Күмісқалиева Меруерт биыл Алматы консерваториясын бітіреді, Түйте Жұмагүл, Мырзагалиева Эльмира сиякты Республикалық лауреаттар дайындаған үлгілі үстаз.
2000 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Дастан студиясынан «Ақжарма» 24 күйлік аудио кассетасы жарық көрді. Розаның әкесі Тайман Айдарбаев 15 күй шығарған, жергілікті   күйшілердің   күйлерін   шебер  тартатын домбырашы, әуесқой композитор. Оның «Сағыныш», «Жастық шак», «Жас өрен», «Аңшылық», «Наурыз», «Маңғыстау - менің қонысым», «Жас қыран», «Құтты болсын мерекең!», «Кәрілік» т.б. күйлері бар. Тәкенің 10 баласының үлкені Розаның өзі де күй шығарудан кенде емес «Балдырған», «Маңғыстау» - атты күйлері бар. Үлкен үлы Ерболат облыстық салық инспекторы, кішісі Нұрболат техникалық колледжді бітіріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай «Ақжарма» фольклорлы этнографиялык ансамбль Франция еліне барып, фестивальге қатысып, үлкен жетістікпен оралды.
2005 жылдың қазан айында Алматы мемлекеттік консерваториясының «Құрметті профессоры» атағы берілді.
2006 жылдың 8-ші желтоқсанында жарлық бойынша «Құрмет» орденімен наградталды (орден № 1384).
Ұстаздык жолда бірнеше лауреаттар дайындаған. Мысалы: Республикалық конкурстардың бес рет бас жүлдесін жеңіп алған Абылай Тілепбергенов, 2006 жылы Мұрат Өскінбаев атындағы конкурстың І-ші орын лауреаты Кенжеғали Данияр, жэне басқа да Дина Қырғызбаева, Эльмира Жұмағалиева, Шүренбай Ғаділбек, Гаухар Мүханова, Меруерт Күмісқалиева, Айгүл Қосанова т.б. оқушылар дайындап шығарган.
Қазір облыстық филармония әртісі болып «Ақжарма» фольклорлық ансамблінде және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концертмейстері болып қызмет жасайды. Сонымен қатар, Ақтау өнер колледжінде оқытушы.
2008 жылдың 12-18 мамыр аралығында Америка Кұрама Штатында «Азия елдері» фестиваліне қатысып, лауреат атанып келді.
2011 ж «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға