Жаңалықтар

Демалуға ең қолайлы ел

Малайзия – әлемдегі мұсылмандардың демалуына ең қолайлы ел. Туризмі дамыған 50 елден оқ бойы озық тұр. Бұл туралы Сингапурдың саяхат жөніндегі халықаралық рейтінгілік компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Сауалнамаға қатысушылар өздері барған елдегі қауіпсіздік, халал тағамдармен қамтамасыз ету және құлшылық жасауға қолайлы жағдай жасау деңгейін пайыз бойынша көрсеткен. Халықаралық компанияның атқарушы директоры Фазал Баһардин: «Шетелдік туристер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Малайзияға бар­ған намазхан адам осы елдің қай жерінде болса да құлшылығын қаза жібермей өтей алады екен. Мейлі сауда орталығында бол­сын, мейлі әуежайда болсын, мұсылман жо­лаушының ғибадат жасауына еш кедергі жоқ» деді. Екінші орынға – Мысыр табан тіреген. Ал үшінші орында Біріккен Араб Әмір­лік­тері мен Түркия тұр. Сауд Арабиясы төр­тін­ші орында  Айқын
05.02.2013 04:40 3223

Малайзия – әлемдегі мұсылмандардың демалуына ең қолайлы ел. Туризмі дамыған 50 елден оқ бойы озық тұр. Бұл туралы Сингапурдың саяхат жөніндегі халықаралық рейтінгілік компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнамаға қатысушылар өздері барған елдегі қауіпсіздік, халал тағамдармен қамтамасыз ету және құлшылық жасауға қолайлы жағдай жасау деңгейін пайыз бойынша көрсеткен.

Халықаралық компанияның атқарушы директоры Фазал Баһардин: «Шетелдік туристер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Малайзияға бар­ған намазхан адам осы елдің қай жерінде болса да құлшылығын қаза жібермей өтей алады екен. Мейлі сауда орталығында бол­сын, мейлі әуежайда болсын, мұсылман жо­лаушының ғибадат жасауына еш кедергі жоқ» деді.

Екінші орынға – Мысыр табан тіреген. Ал үшінші орында Біріккен Араб Әмір­лік­тері мен Түркия тұр. Сауд Арабиясы төр­тін­ші орында 

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға