Жаңалықтар

Театр тарихы

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры  1955 жылы   Еңбекшіқазақ ауданы (Алматы облысы)  және Қаратал ауданы (бұрынғы Талдықорған облысы) колхоз-совхоз театры негізінде ұйымдастырылды. Театр  өзінің шымылдығын тұңғыш рет 1955 жылғы 25 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері Ақтоқты» трагедиясымен ашты.    1960 жылы наурыз айында театр труппасы Қызылорда қаласына көшірілді. 1967 жылы театрға Нартай Бекежанов есімі берілді.    Театрдың іргесін қаласып, алғашқы күннен сахнада ойнаған актерлер Б.Балғынбаев, Ш.Мәрденов, Х.Саурықов, Ш.Бәкірова, К.Көпбаева, Қ.Көпбаев, С.Рақышев, Т.Айнақұлов, Р.Тәшібаева, А.Манасбаева, Ж.Бағысова, Ә.Кәнетов, С.Шотықовтар болды.    Театрдың тұңғыш бас режиссері Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Жақып Әбілтаев болды. Кейінгі жылдарда бас режиссерлер болып Мен Дон Ук, Р.Андриасян, М.Байсеркенов, Т.Тұңғышбаев, Т.Өтебаев, Х.Теміров, Е.Оразымбетовтер қызмет атқарды. Бас суретшілер Ә.Әбдірахманов, Ж.Әбіров, С.Пірмахановтар болды.   1966 жылы режиссер Маман Байсеркенов Вс.Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясын» қойып, осы спектакль үшін театр Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Басты бейнелерді Т.Айнақұлов, Ш.Бәкірова, Х.Саурықовтар жасады.    Театр ұжымы режиссер Тастан Өтебаев қойған грузин драматургы Г.Хухашвилидің «Өмір жолы» спектаклі үшін Бүкілодақтық байқаудың дипломына ие болды.    1970-1990 жылдары театрдың кәсіби деңгейі өсіп, өркендеген кезеңі болды. 1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лирі» (суретшісі С.Пірмаханов)  классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Сайқымазақ – С.Шотықов І дәрежелі, Лир- Т.Айнақұлов пен суретші С.Пірмаханов ІІ дәрежелі дипломға ие болды.    Шығармашылық жетістіктері үшін театр ұжымы Бүкілодақтық венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), СССР халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты атанды.    Қазіргі кезде театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір. Кейінгі жылдары сахнаға қойылған Т.Әліпбайдың «Исатайдың барында» спектаклі ХІ Республикалық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орынды,  2004 жылы Қостанайда өткен ХІІ Республикалық фестивальда Ж.Аймауытов пен Б.Майлиннің «Аласапыран» спектаклі үшін жүлделі ІІІ орынды, 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен ХІІІ республикалық фестивальда В.Шекспирдің «Макбет» спектаклі облыс әкімінің Бас жүлдесін иемденді.    Театр сахнасында әр кезеңдерде Қазақстанның халық әртістері Ш.Бәкірова, С.Шотықов, Ж.Бағысова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, К.Көпбаева, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, А.Сейілханов, Ә.Арысбайлар, сахна шеберлері Қ.Көпбаев, С.Масина, І.Шәкіров, З.Сәулебаевалар өнер көрсетті. Қазіргі театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Алпысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Бегімова, К.Әбжанова және басқа өнер майталмандары  Ұ.Баяділова, А.Артықбаева, З.Төлепова, Б.Ботбаевтармен бірге кейінгі буын дарынды жастар Б.Темірбеков, А.Байдалиева, Қ.Айтжанова т.б. жемісті еңбек етіп келеді.            Театрдың жаңа қойылымдарын қою үшін жыл сайын облыстық бюджет есебінен 5-6 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, жыл ішінде 5-6 жаңа қойылым сахналанып, көрермендерге ұсынылып келді, ал алдағы 2012 жылы бұл мақсатқа 10,0 млн. теңге бөлінді. Кейінгі 3 жылдың өзінде театр ұжымы әртүрлі жанрдағы  15 жаңа спектакль қойып, премьераларын өткізді. Олардың ішінде Иран-Ғайыптың «Тұрмағамбет» трагедиясы, С.Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам» трагикомедиясы, С.Жұматтың «Вампир күйеу» комедиясы, Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасы, Ж.Рахматулланың «Жеңістің түсі» драмасы, Н.Келімбетовтің «Қариялар», С.Жүсіптің «Адам болып өтейін», Қ.Мырза Әлінің «Түрт, сайтаным, түрт!» комедиясы және биылғы жылы қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы көрпеш Баян сұлу», Қ.Сүйеніштің «Кемпір шалдың кенжесі», «Қорқыт және Ұлы жала» фестиваліне арналып қойылған түрік драматургі Тургай Нардың «Төбекөз» спектакльдері көпшілік көңілінен шықты. 2012 жыл көлемінде С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда», А.Ақпамбетовтың «Түнгі көбелек»,  М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» және Бұқарбай батырдың 200 жылдығына арнайы жазылған С.Жүсіптің «Ел батыры Бұқарбай» спектакльдері көрермендерге ұсынылды.
04.02.2013 14:24 8230

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры  1955 жылы   Еңбекшіқазақ ауданы (Алматы облысы)  және Қаратал ауданы (бұрынғы Талдықорған облысы) колхоз-совхоз театры негізінде ұйымдастырылды. Театр  өзінің шымылдығын тұңғыш рет 1955 жылғы 25 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері Ақтоқты» трагедиясымен ашты.   
1960 жылы наурыз айында театр труппасы Қызылорда қаласына көшірілді. 1967 жылы театрға Нартай Бекежанов есімі берілді.   
Театрдың іргесін қаласып, алғашқы күннен сахнада ойнаған актерлер Б.Балғынбаев, Ш.Мәрденов, Х.Саурықов, Ш.Бәкірова, К.Көпбаева, Қ.Көпбаев, С.Рақышев, Т.Айнақұлов, Р.Тәшібаева, А.Манасбаева, Ж.Бағысова, Ә.Кәнетов, С.Шотықовтар болды.   
Театрдың тұңғыш бас режиссері Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Жақып Әбілтаев болды. Кейінгі жылдарда бас режиссерлер болып Мен Дон Ук, Р.Андриасян, М.Байсеркенов, Т.Тұңғышбаев, Т.Өтебаев, Х.Теміров, Е.Оразымбетовтер қызмет атқарды. Бас суретшілер Ә.Әбдірахманов, Ж.Әбіров, С.Пірмахановтар болды. 
 1966 жылы режиссер Маман Байсеркенов Вс.Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясын» қойып, осы спектакль үшін театр Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Басты бейнелерді Т.Айнақұлов, Ш.Бәкірова, Х.Саурықовтар жасады.   
Театр ұжымы режиссер Тастан Өтебаев қойған грузин драматургы Г.Хухашвилидің «Өмір жолы» спектаклі үшін Бүкілодақтық байқаудың дипломына ие болды.   
1970-1990 жылдары театрдың кәсіби деңгейі өсіп, өркендеген кезеңі болды. 1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лирі» (суретшісі С.Пірмаханов)  классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Сайқымазақ – С.Шотықов І дәрежелі, Лир- Т.Айнақұлов пен суретші С.Пірмаханов ІІ дәрежелі дипломға ие болды.   
Шығармашылық жетістіктері үшін театр ұжымы Бүкілодақтық венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), СССР халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты атанды.   
Қазіргі кезде театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір. Кейінгі жылдары сахнаға қойылған Т.Әліпбайдың «Исатайдың барында» спектаклі ХІ Республикалық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орынды,  2004 жылы Қостанайда өткен ХІІ Республикалық фестивальда Ж.Аймауытов пен Б.Майлиннің «Аласапыран» спектаклі үшін жүлделі ІІІ орынды, 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен ХІІІ республикалық фестивальда В.Шекспирдің «Макбет» спектаклі облыс әкімінің Бас жүлдесін иемденді.   
Театр сахнасында әр кезеңдерде Қазақстанның халық әртістері Ш.Бәкірова, С.Шотықов, Ж.Бағысова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, К.Көпбаева, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, А.Сейілханов, Ә.Арысбайлар, сахна шеберлері Қ.Көпбаев, С.Масина, І.Шәкіров, З.Сәулебаевалар өнер көрсетті. Қазіргі театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Алпысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Бегімова, К.Әбжанова және басқа өнер майталмандары  Ұ.Баяділова, А.Артықбаева, З.Төлепова, Б.Ботбаевтармен бірге кейінгі буын дарынды жастар Б.Темірбеков, А.Байдалиева, Қ.Айтжанова т.б. жемісті еңбек етіп келеді.           
Театрдың жаңа қойылымдарын қою үшін жыл сайын облыстық бюджет есебінен 5-6 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, жыл ішінде 5-6 жаңа қойылым сахналанып, көрермендерге ұсынылып келді, ал алдағы 2012 жылы бұл мақсатқа 10,0 млн. теңге бөлінді. Кейінгі 3 жылдың өзінде театр ұжымы әртүрлі жанрдағы  15 жаңа спектакль қойып, премьераларын өткізді. Олардың ішінде Иран-Ғайыптың «Тұрмағамбет» трагедиясы, С.Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам» трагикомедиясы, С.Жұматтың «Вампир күйеу» комедиясы, Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» драмасы, Ж.Рахматулланың «Жеңістің түсі» драмасы, Н.Келімбетовтің «Қариялар», С.Жүсіптің «Адам болып өтейін», Қ.Мырза Әлінің «Түрт, сайтаным, түрт!» комедиясы және биылғы жылы қойылған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы көрпеш Баян сұлу», Қ.Сүйеніштің «Кемпір шалдың кенжесі», «Қорқыт және Ұлы жала» фестиваліне арналып қойылған түрік драматургі Тургай Нардың «Төбекөз» спектакльдері көпшілік көңілінен шықты. 2012 жыл көлемінде С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда», А.Ақпамбетовтың «Түнгі көбелек»,  М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» және Бұқарбай батырдың 200 жылдығына арнайы жазылған С.Жүсіптің «Ел батыры Бұқарбай» спектакльдері көрермендерге ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға