Жаңалықтар

Филармония тарихы

1948-1961 жылдары Қызылорда қаласында концерттік-эстрадалық бюро жұмыс жасап, оған атақты Нартай Бекежанов басшылық жасаған. Ол бригаданың құрамында Күндебай Алдоңғаров, Кеңесбай Мұратбаев, Хадиша Сазантаева, Айзахан Бижанова, Балхашбай Жүсіпов, Мырзабай Әділов, Ақмырза Тұяқбаев сынды өнер тарландарымен қоса биші Кәделі Тұтқабаева, домбырашы Төлеген Қаражановтар болған. 50-ші жылдары сол бригадаға атақты жырау Шамшат Төлепова және Тұрсынкүл Әбдірахманова (Баяханова) қосылған. Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясы 1972 жылы құрылды. Алғашқы жылдарында  сазгер Тәңірберген Қалауов басшылық жасап, осы  кезеңдерде «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі жұмыс жасады. Ансамбльге белгілі жыршы-термеші А.Тұяқбаев жұбайы, әнші Ф.Төлегеновамен, «Ақ толқын» эстрадалық ансамбліне Қ.Сақтағанов жетекшілік жасаған. Филармонияның бас администраторы болып ұзақ жылдар Сәнжан Асылбекова қызмет атқарды. 1976-1980 жылдар аралығында облыстық филармонияға Дүйсенбі Дүйсенбаев басшылық етті. Осы жылдарда «Сыр маржаны» ансамблі жезтаңдай әнші Ұ.Ахметованың басқаруымен, «Сыр самалы» ансамблі С.Бердіқожаевтың басқаруымен жемісті жұмыс жасап, оның құрамында М.Әбдікәрімов, Т.Аманжолова, К.Қалымбетова, С.Нұрмаханов, Г.Нұржанова, Ш.Тілеулесов, М.Жасекенов секілді өнерпаздар өнер көрсеткен. 1985 жылы Кеңес Асанбаев басшылық жасаған уақытта «Қызылорда» ансамблі құрылды. 1985-1986  жылдары мекемені Қ.Мұхамедияров, ал 1986-1989 жылдары Б.Шөкенов басқарған.   Қазіргі таңда филармонияда 176 қызметкер жұмыс жасайды. Ұжымның негізгі қызметі – халық арасында көркемдік деңгейі жоғары концерттік қызметтер ұйымдастыру. Сегіз көркемөнер ұжымы бар. Олар: Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Сыр-самал» вокалды-аспаптық ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Томирис» және «Бұраңбел» би топтары, «Жанкент» аспаптық триосы, «Тұран» вокалды-эстрадалық триосы және «Ошаған» әзіл-сықақ отауы. Жеке әншілер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері Шынберген Тілеулесов сияқты сахна саңлақтары еңбек етеді. Ұжымның жас өнерпаздары түрлі деңгейдегі байқау-конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Филармонияның өнер ұжымдары Алматы, Астана қалаларында өткен облыс мәдениеті мен өнері күндерінде жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Филармонияның өнер ұжымдары және әншілері елімізде ұйымдастырылған түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі  орындарды иемденуде. 2012 жыл көлемінде  «Ошаған» әзіл-сықақ отауы Ақтөбе қаласында өткен ҮІ Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ байқауының жеңімпазы атанды. Ерлан Садықов және Назерке Нұрадинованың дуэті Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор К.Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІІІ Республикалық әншілер конкурсының және Абылайхан Сқақов  ҚР Халық әртісі, профессор А.Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» атты Республикалық күй байқауының  ІІ  дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ал, «Томирис» би ансамблі Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған ІҮ Республикалық қазақ би байқауының ІІІ орынды иеленді. Филармония әншісі И.Ахметова қыркүйек айының 25-29 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен Халықаралық дельфий ойындарының күміс жүлдегері атанды.
04.02.2013 14:17 6907

1948-1961 жылдары Қызылорда қаласында концерттік-эстрадалық бюро жұмыс жасап, оған атақты Нартай Бекежанов басшылық жасаған. Ол бригаданың құрамында Күндебай Алдоңғаров, Кеңесбай Мұратбаев, Хадиша Сазантаева, Айзахан Бижанова, Балхашбай Жүсіпов, Мырзабай Әділов, Ақмырза Тұяқбаев сынды өнер тарландарымен қоса биші Кәделі Тұтқабаева, домбырашы Төлеген Қаражановтар болған. 50-ші жылдары сол бригадаға атақты жырау Шамшат Төлепова және Тұрсынкүл Әбдірахманова (Баяханова) қосылған.

Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясы 1972 жылы құрылды. Алғашқы жылдарында  сазгер Тәңірберген Қалауов басшылық жасап, осы  кезеңдерде «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі жұмыс жасады. Ансамбльге белгілі жыршы-термеші А.Тұяқбаев жұбайы, әнші Ф.Төлегеновамен, «Ақ толқын» эстрадалық ансамбліне Қ.Сақтағанов жетекшілік жасаған. Филармонияның бас администраторы болып ұзақ жылдар Сәнжан Асылбекова қызмет атқарды.
1976-1980 жылдар аралығында облыстық филармонияға Дүйсенбі Дүйсенбаев басшылық етті. Осы жылдарда «Сыр маржаны» ансамблі жезтаңдай әнші Ұ.Ахметованың басқаруымен, «Сыр самалы» ансамблі С.Бердіқожаевтың басқаруымен жемісті жұмыс жасап, оның құрамында М.Әбдікәрімов, Т.Аманжолова, К.Қалымбетова, С.Нұрмаханов, Г.Нұржанова, Ш.Тілеулесов, М.Жасекенов секілді өнерпаздар өнер көрсеткен.

1985 жылы Кеңес Асанбаев басшылық жасаған уақытта «Қызылорда» ансамблі құрылды. 1985-1986  жылдары мекемені Қ.Мұхамедияров, ал 1986-1989 жылдары Б.Шөкенов басқарған.
 
Қазіргі таңда филармонияда 176 қызметкер жұмыс жасайды. Ұжымның негізгі қызметі – халық арасында көркемдік деңгейі жоғары концерттік қызметтер ұйымдастыру. Сегіз көркемөнер ұжымы бар. Олар: Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Сыр-самал» вокалды-аспаптық ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Томирис» және «Бұраңбел» би топтары, «Жанкент» аспаптық триосы, «Тұран» вокалды-эстрадалық триосы және «Ошаған» әзіл-сықақ отауы. Жеке әншілер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері Шынберген Тілеулесов сияқты сахна саңлақтары еңбек етеді. Ұжымның жас өнерпаздары түрлі деңгейдегі байқау-конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Филармонияның өнер ұжымдары Алматы, Астана қалаларында өткен облыс мәдениеті мен өнері күндерінде жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті.

Филармонияның өнер ұжымдары және әншілері елімізде ұйымдастырылған түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі  орындарды иемденуде. 2012 жыл көлемінде  «Ошаған» әзіл-сықақ отауы Ақтөбе қаласында өткен ҮІ Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ байқауының жеңімпазы атанды. Ерлан Садықов және Назерке Нұрадинованың дуэті Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор К.Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты ІІІ Республикалық әншілер конкурсының және Абылайхан Сқақов  ҚР Халық әртісі, профессор А.Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» атты Республикалық күй байқауының  ІІ  дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ал, «Томирис» би ансамблі Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған ІҮ Республикалық қазақ би байқауының ІІІ орынды иеленді. Филармония әншісі И.Ахметова қыркүйек айының 25-29 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен Халықаралық дельфий ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға