Жаңалықтар

АШМ: 2012 жылы азық-түлік өндірісінің көлемі 3%-ға артып, 833 млрд теңгені құрады

2012 жылы азық-түлік өндірісінің көлемі 3%-ға артып, 833 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көрсеткіші қарқынды түрде өсуде. Азық-түлік өндірісінің көлемі 2011 жылға қарағанда 3%-ға артып, 833 млрд теңгені құрады. 2011 жылға қарағанда өсімдік майы өндірісі айтарлықтай, яғни 25%-ға артқан. Ал шұжық өнімдері 29%-ға өсіп отыр», - деді А.Мамытбеков. Диана Құлмағанбетова
04.02.2013 13:17 2591

2012 жылы азық-түлік өндірісінің көлемі 3%-ға артып, 833 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көрсеткіші қарқынды түрде өсуде. Азық-түлік өндірісінің көлемі 2011 жылға қарағанда 3%-ға артып, 833 млрд теңгені құрады. 2011 жылға қарағанда өсімдік майы өндірісі айтарлықтай, яғни 25%-ға артқан. Ал шұжық өнімдері 29%-ға өсіп отыр», - деді А.Мамытбеков.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға