Қазақстанда электронды мұрағаттардың бірыңғай жүйесін құру қажет. Бұл жөнінде алқа отырысы кезінде Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді.
«Электронды мұрағаттардың бірыңғай жүйесін құру маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл салада да бірқатар мәселелер жиналып қалды. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын ашылған біздің ұлттық мемлекеттік мұрағатымызды алып қарайық. Соңғы 10 жыл ішінде оның қоры 10 есе ұлғайды. Жыл сайын онда үкіметтен, парламенттен, өзге де мемлекеттік құрылымдардан материалдар келіп түседі, бірақ қызметкерлер мен сөрелер саны сол қалпында тұр. Сондықтан біз бұл мәселеге байсалды қарау керекпіз және осы бойынша жеке кеңес өткіземіз. Бұл мәселелерді шешеміз», – деді Құл-Мұхаммед.
Қазақстанда электронды мұрағаттардың бірыңғай жүйесін құру қажет – Құл-Мұхаммед
Оқи отырыңыз
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд