Жаңалықтар

Камалиденов Закаш

Мемлекет қайраткері, генерал-майор. 1936 жылы 10 маусымда Атырау облысы, Исатай ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті алтын медальмен, 1958  жылы Мәскеудегі академик И.М.Губкин атындағы мұнай институтын үздік бітіреді. 1958-1959 жылдар аралығында Каратонда мұнай айдау өндірісінде аға оператор, «Тереңөзек» кәсіпшілігінде цех бастығы болып қызмет істейді. 1959 жылы Жылыой аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы, 1961 жылы Гурьев облыстық комсомол комитетінің І-хатшысы, 1964 жылы Ақтау қалалық партия комитетінің 2-хатшысы қызметтерін абыроймен атқарады.      1970 жылы КСРО Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірген. 1970 жылы Гурьев облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1970 жылы ҚЛКЖО Орталық Комитетінің І-хатшысы болып тағайындалады. 1978 жылы Целиноград облыстық партия комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс атқарады. 1979 жылы Ю.В.Андроповтың шақыруымен Мәскеуде КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде аға инспектор, бөлім бастығы болып тағайындалды. Сол жылы полковник атағы берілді. 1980 жылы Қазақстан Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметтерін атқарған. 1982 жылы Қазақ КСР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы болып тағайындалды, осы жылы оған генерал-майор атағы берілді. 1985 жылы екінші рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология жұмыстарын басқаратын хатшысы болып тағайындалды. 1988 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланады. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі,  13 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1988 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің дербес зейнеткері.  Қазақстан Компартиясының ХІ, ХІҮ, ХҮ, ХҮІ және КОКП-ның ХХІҮ, ХХҮ, ХХҮІ, ХХҮІІ съездерінің делегаты. «Ленин», «Октябрь революциясы», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту»,» Құрмет белгісі» ордендерімен, бес медальмен, Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды. Германия Демократиялық Респбуликасы, Чехославакия Кеңестік Республикасы, Белорусь Халық Республикасы, Моңғол Халық Республикасы елдерінің мемлекеттік медальдарының иегері. Қызмет бабымен бірнеше рет - Финляндия, АҚШ, Болгария, ГДР, ЧССР, Чили, Румыния, Мексика шет елдік  мемлекеттеріне іс-сапарда болған.
03.02.2013 13:17 3908

Мемлекет қайраткері, генерал-майор.
1936 жылы 10 маусымда Атырау облысы, Исатай ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті алтын медальмен, 1958  жылы Мәскеудегі академик И.М.Губкин атындағы мұнай институтын үздік бітіреді. 1958-1959 жылдар аралығында Каратонда мұнай айдау өндірісінде аға оператор, «Тереңөзек» кәсіпшілігінде цех бастығы болып қызмет істейді.
1959 жылы Жылыой аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы, 1961 жылы Гурьев облыстық комсомол комитетінің І-хатшысы, 1964 жылы Ақтау қалалық партия комитетінің 2-хатшысы қызметтерін абыроймен атқарады.     
1970 жылы КСРО Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірген. 1970 жылы Гурьев облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1970 жылы ҚЛКЖО Орталық Комитетінің І-хатшысы болып тағайындалады. 1978 жылы Целиноград облыстық партия комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс атқарады. 1979 жылы Ю.В.Андроповтың шақыруымен Мәскеуде КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде аға инспектор, бөлім бастығы болып тағайындалды. Сол жылы полковник атағы берілді. 1980 жылы Қазақстан Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметтерін атқарған.
1982 жылы Қазақ КСР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы болып тағайындалды, осы жылы оған генерал-майор атағы берілді. 1985 жылы екінші рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология жұмыстарын басқаратын хатшысы болып тағайындалды. 1988 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланады. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі,  13 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1988 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің дербес зейнеткері.  Қазақстан Компартиясының ХІ, ХІҮ, ХҮ, ХҮІ және КОКП-ның ХХІҮ, ХХҮ, ХХҮІ, ХХҮІІ съездерінің делегаты.
«Ленин», «Октябрь революциясы», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту»,» Құрмет белгісі» ордендерімен, бес медальмен, Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды. Германия Демократиялық Респбуликасы, Чехославакия Кеңестік Республикасы, Белорусь Халық Республикасы, Моңғол Халық Республикасы елдерінің мемлекеттік медальдарының иегері.
Қызмет бабымен бірнеше рет - Финляндия, АҚШ, Болгария, ГДР, ЧССР, Чили, Румыния, Мексика шет елдік  мемлекеттеріне іс-сапарда болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға