Жаңалықтар

Нұрпейісова Дина

Халықтың күйші-сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1944; 1940 жылдан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі) –1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген. Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған. Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игереді. Оның ұлы күйші Құрманғазымен кездесуі (1870 ж) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарды. Құрманғазы Динаның талантына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық достықты Құрманғазының «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді»,-деген сөздері айқын аңғартады. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының «мектебінен» өту - Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан күй шығара бастайды. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс Динаның шығармашылығына елеулі әсер етті. Осы оқиғаға шығарылған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Бұл күйде Дина жарқын болашақ пен азаттық өмірді аңсаған ұстазының асыл арманын одан әрі жалғастыра түскендей болады. Күйшінің сазгерлік шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы – кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, I жүлдеге ие болса, 1939 жылы Мәскеуде өткен халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында I орынды алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Оның нәзік сазды «Әсем қоңыры», тау өзенінің тасқынындай жігерге толы «Тойбастары» қазақтың ұлттық ою-өрнегіндей түр ерекшелігімен, музыкалық үн-бояуымен, терең тебіреністі мазмұнымен қазақ жаңа заман күйлерінің негізін салған үздік туындылар. Сазгер заман шындығын өз шығармашылығында асқақ шабытпен, қуаныш сезіммен жыр етті. Мысалы, «Жеңіс», «Ана аманаты», «Сегізінші март», «Сауыншы», «Еңбек Ері» т.б Құрманғазының, Дәулеткерейдің дәстүрін дамыта келіп, Дина қазақтың бергі дәуіріндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. 1955 жылы Алматыда қайтыс болды.
03.02.2013 12:24 9832

Халықтың күйші-сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1944; 1940 жылдан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі) –1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген. Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған.
Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игереді. Оның ұлы күйші Құрманғазымен кездесуі (1870 ж) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарды. Құрманғазы Динаның талантына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық достықты Құрманғазының «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді»,-деген сөздері айқын аңғартады.
Дина ұстазының күйлерін үйреніп қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының «мектебінен» өту - Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан күй шығара бастайды.
Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс Динаның шығармашылығына елеулі әсер етті. Осы оқиғаға шығарылған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Бұл күйде Дина жарқын болашақ пен азаттық өмірді аңсаған ұстазының асыл арманын одан әрі жалғастыра түскендей болады. Күйшінің сазгерлік шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы – кеңестік дәуір.
1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, I жүлдеге ие болса, 1939 жылы Мәскеуде өткен халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында I орынды алып, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Оның нәзік сазды «Әсем қоңыры», тау өзенінің тасқынындай жігерге толы «Тойбастары» қазақтың ұлттық ою-өрнегіндей түр ерекшелігімен, музыкалық үн-бояуымен, терең тебіреністі мазмұнымен қазақ жаңа заман күйлерінің негізін салған үздік туындылар. Сазгер заман шындығын өз шығармашылығында асқақ шабытпен, қуаныш сезіммен жыр етті. Мысалы, «Жеңіс», «Ана аманаты», «Сегізінші март», «Сауыншы», «Еңбек Ері» т.б Құрманғазының, Дәулеткерейдің дәстүрін дамыта келіп, Дина қазақтың бергі дәуіріндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. 1955 жылы Алматыда қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға