Жаңалықтар

Ұялы байланыс операторлары төтенше жағдайлар туралы СМС жіберетін болады – В.Божко

Ел аумағында жұмыс істейтін ұялы байланыс операторлары төтенше жағдайлар туралы СМС-хабарламаларды жіберетін болады. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Төтенше жағдайлар министрлігі мен ұялы байланыс операторлары төтенше жағдай туралы халыққа дер кезінде ақпарат тарату мәселесі бойынша келісіп жатыр. Операторлар біздің ақпаратты халыққа шұғыл түрде тарату үшін барлық шараларды қолға алады», - деді министр. Ал ұялы байланыс операторларының министрлік тарапынан ешқандай ұсыныс келіп түскен жоқ деген мәлімдемесін В.Божко жоққа шығарды. «Біздің ақпаратты шұғыл таратуды айтқанда, телефон компанияларының бірі бір хабарлама үшін 5 теңге сұраса, екінші компания бізге үш күн бұрын ақпарат беріп отыру керексіздер дегенді айтты. Бірақ, қазір бір мәмілеге келеміз деп ойлаймын», - деді министр. Кенжекей Тоқтамұрат
01.02.2013 08:45 3111

Ел аумағында жұмыс істейтін ұялы байланыс операторлары төтенше жағдайлар туралы СМС-хабарламаларды жіберетін болады. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі мен ұялы байланыс операторлары төтенше жағдай туралы халыққа дер кезінде ақпарат тарату мәселесі бойынша келісіп жатыр. Операторлар біздің ақпаратты халыққа шұғыл түрде тарату үшін барлық шараларды қолға алады», - деді министр.

Ал ұялы байланыс операторларының министрлік тарапынан ешқандай ұсыныс келіп түскен жоқ деген мәлімдемесін В.Божко жоққа шығарды.

«Біздің ақпаратты шұғыл таратуды айтқанда, телефон компанияларының бірі бір хабарлама үшін 5 теңге сұраса, екінші компания бізге үш күн бұрын ақпарат беріп отыру керексіздер дегенді айтты. Бірақ, қазір бір мәмілеге келеміз деп ойлаймын», - деді министр.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға