Жаңалықтар

Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді

4 ақпан күні  Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер  үйінде қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы Сырбай Мәуленов атындағы қордан хабарлады. Кешке зиялы қауым өкілдері, әдебиетшілер, ізбасар інілері, өнер шеберлері, оқырман қауым, туыстары қатысады. Біздің ақпарат: Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланса, «Өлеңдер» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. «Таңдаулы өлеңдер» атты таңдамалысы (1958), «Шаңқай түс» жинағы (1966), «Таңдамалылары» (2 томдығы, 1972), 1982-1984 жылдар үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Оның «Жаңа көктем» (1956), «Дала таңы» (1957), «Көгілдір таулар» (1964), «Жер нәрі» (1970), «Апрель жапырақтары» (1972), «Таңдамалы лирикалары» (1972), «Жапырақтар жанады» (1972) өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. Балаларға арнап «Барлаушы бала» (1961), «Құлыншақ» (1963), «Бала жолбарыс» (1963), «Қорқақ торпақ» (1966), т.б. өлеңдер мен әңгімелер жазды. Орыс және туысқан халықтар әдебиеті шығармаларын қазақ тіліне аударды.
30.01.2013 12:49 5813

4 ақпан күні  Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер  үйінде қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді.

Бұл туралы Сырбай Мәуленов атындағы қордан хабарлады.

Кешке зиялы қауым өкілдері, әдебиетшілер, ізбасар інілері, өнер шеберлері, оқырман қауым, туыстары қатысады.

Біздің ақпарат:

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кентінде туған. Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1943-1950 жылдар Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, «Большевиктік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951-1955 жылдар Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957-1961 жылдар Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары, 1964-1971 жылдар «Жұлдыз» журналының, 1971-1977 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.

Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланса, «Өлеңдер» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. «Таңдаулы өлеңдер» атты таңдамалысы (1958), «Шаңқай түс» жинағы (1966), «Таңдамалылары» (2 томдығы, 1972), 1982-1984 жылдар үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Оның «Жаңа көктем» (1956), «Дала таңы» (1957), «Көгілдір таулар» (1964), «Жер нәрі» (1970), «Апрель жапырақтары» (1972), «Таңдамалы лирикалары» (1972), «Жапырақтар жанады» (1972) өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды.

«Жер нәрі» атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы (1966), республика еңбекшілерінің халық шаруашылығын өркендетудегі қажыр-қайратын көрсететін «Үркер төбеде тұр» (1971) кітабы, естеліктер мен портреттер, этюдтер кітабы жарық көрді.

Балаларға арнап «Барлаушы бала» (1961), «Құлыншақ» (1963), «Бала жолбарыс» (1963), «Қорқақ торпақ» (1966), т.б. өлеңдер мен әңгімелер жазды. Орыс және туысқан халықтар әдебиеті шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970), Қазақстанның Халық жазушысы. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Алматы қаласындағы орталық көшелерінің біріне есімі берілген.
http://madeniet.kaztrk.kz
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға