Жаңалықтар

Момышұлы Бауыржан (1910-1982)

1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туған. Кеңес Одағының Батыры. ҚР Халық Қаһарманы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауераты (1976). Шымкенттегі жеті жылдық мектеп-интернатты бітірген (1928) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауатком хатшысы, милиция бастығы болып қызмет етті. 1932 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. 1936 жылы Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітіріп, Қызыл Әскер қатарына қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болып қызмет етті. Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар (кейінен 8-гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары (1944-1945) осы дивизияны басқарды. Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.
30.01.2013 09:53 5746

1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туған. Кеңес Одағының Батыры. ҚР Халық Қаһарманы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауераты (1976).

Шымкенттегі жеті жылдық мектеп-интернатты бітірген (1928) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауатком хатшысы, милиция бастығы болып қызмет етті.

1932 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.

1936 жылы Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітіріп, Қызыл Әскер қатарына қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болып қызмет етті. Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар (кейінен 8-гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары (1944-1945) осы дивизияны басқарды. Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.

1952 жылы Кеңес Әскері Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери акдемияны бітірді. 1950-1956 жж. әскери академияда сабақ берді және тұрақты әскери қызмет атқарды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрген. Еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды.

Оның қаһармандық ерлігі туралы орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (1947, 1960, 1962, 1988; қазақ тілінде «Арпалыс» - 1948, 1958, 1977, ауд. Қ.Сағыдықов) повесінде жан-жақты жазды.

Б.Момышұлының өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді. «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» (1967) көркем фильмін түсірді.

Б.Момышұлы «Қызыл Ту», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», 1- дәрежелі «Отан соғысы», 2 рет «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары:

- «Москва үшін шайқас» (1959, орыс тілінде – 1958) – Отан үшін шайқастың үлкен бір шежіресі іспетті күрделі шығарма;
- «Жауынгердің тұлғасы» (1958);
- «Майдан» (1961);
- «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде);
- «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде – 1966);
- «Төлеген Тоқтаров» (1965);
- «Куба әсерлері» (1965);
- «Ел басына күн туса» (1970);
- «Ұшқан ұя» (1975);
- «Адам қайраты» (1981) және т.б.

2000 жылы «Жазушы» баспасынан «Көз алдымда бәріңсің» атты шығармалар жинағының екі томдығы; 2010 жылы жүз жылдық мерейтойына орай көп томдық шығармалар жинағы (30-том) басылып шықты. Шығармалары бірнеше шетел тілдерінде басылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға