Жаңалықтар

Жастар ана тілінде спорт арнасы ашылғанын қалайды

Қазақтың саны артқан сайын қазақы дүниелерге деген сұраныстардың да арта түсетіні түсінікті. Сондықтан жұмыстан кейінгі уақытының көп бөлігін «көгілдір экранның» алдында өткізетін қарапайым халықтың қазақ тілді бағдармаларға деген қызығушылығы жылдан жылға өсе бермек. Бұл өзін салауатты ұлт ретінде қалыптастырғысы келген кез-келген ұлттың заңды табиғи талабы. Кейінгі жылдары мемлекеттің қамқорлығының арқасында таза ана тілінде балаларға арналған «Балапан», мәдениет саласының хабарларын тарататын «Мәдениет» телеарналары дүниеге келді. Дегенмен, ұлт тіліндегі телеарналардың әлі де болса аздық ететінін, ол өскелең ұрпақтың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отырғанын да айтуымыз керек. Мәселен, мына Қытай қазақтарының өзінде ана тілінде шығатын 38 журнал, оншақты газет, 6 телеарна жұмыс істейді. Екі арна тәулігіне18-20 сағат бойы қазақша хабар таратады.Одан Қазақстанның жаңалықтарын білуге болады. Шыңжаң өлкесінде одан басқа бір радиостанса, бір баспахана, бір қазақ мекемесі жұмыс істейді. Ол жақтағы ағайындардың ерекше ұлтжандылығының, табандылығының арқасында Қытайда ұлттық рухани даму тоқырап қалмаған. Мұның бәрі Қытай қазақтарының өте елжанды, патриот болуына осылайша өз септігін тигізіп жатқанын көз көріп отыр. Ал ұлттық білім ошақтары, ақпарат құралдары жоқтың қасы Ресейде қазақ руханияты тоқырап тұр. Салыстырып қарасаңыз кейінгі 30-40 жылда Ресейден шыққан бір қазақ ақыны, жазушысы жоқ, ал Қытайдан келген қазақтардың керсінше екінің бір ақын, жазушы, журналист. Осыдан-ақ ұлттың рухани дамуына ана тіліндегі ақпарат құралдарының әсері орасан екенін көреміз. 2013 жылы «ҚАЗАҚСТАН» ұлттық телеарнасынын базасынан «KazSport» спорттық телеарна ашу жоспары бар деп естідік. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрінің блогына жаңа арна тек мемлекеттік тілде болсын деген өтініштер көптеп түсе бастады. Соның бірінен үзінді келтірсек. Ерлан деген азамат: «Құрметті Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед!Мен осындай жаңалыққа өте қуаныштымын! Бірақ ол арнаның екі тілде болатынына қарсымын!!! Спорттық арна мемлекеттік тілде, Қазақ тілінде болғанын қалаймыз. Көп жастар қазақ тілінде болсын деп талап етеді!!! Орыс тіліндегі спорттық арналар 50-ден асады. Тіпті болмағанда өзіміздің отандық спорттық арнаны ана тілімізде көргіміз келеді!!! Қаншама қазақ жастары, темекіге, спирттік ішімдікке бой алып кетті, аулдағы жастарды да ойлаңыздар. Ана тілімізде 100 пайыз хабар тарататың арна ашыңыздар, бір тілді болсын!!! Елбасымыз айтып кеткендей «2025 жылға дейін қазақ тілі бүкіл елдік, нағыз мемлекеттік тіл болуы тиіс!» деген ақжарма тілегі мен өтінішін қоса жолдапты. Бұл тілек тіпті жастар атынан айтылған талап ретінде де қабылданса болғандай екен. Дәулетқали Асауов BAQ.kz
30.01.2013 09:27 2414

Қазақтың саны артқан сайын қазақы дүниелерге деген сұраныстардың да арта түсетіні түсінікті. Сондықтан жұмыстан кейінгі уақытының көп бөлігін «көгілдір экранның» алдында өткізетін қарапайым халықтың қазақ тілді бағдармаларға деген қызығушылығы жылдан жылға өсе бермек. Бұл өзін салауатты ұлт ретінде қалыптастырғысы келген кез-келген ұлттың заңды табиғи талабы. Кейінгі жылдары мемлекеттің қамқорлығының арқасында таза ана тілінде балаларға арналған «Балапан», мәдениет саласының хабарларын тарататын «Мәдениет» телеарналары дүниеге келді. Дегенмен, ұлт тіліндегі телеарналардың әлі де болса аздық ететінін, ол өскелең ұрпақтың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отырғанын да айтуымыз керек.

Мәселен, мына Қытай қазақтарының өзінде ана тілінде шығатын 38 журнал, оншақты газет, 6 телеарна жұмыс істейді. Екі арна тәулігіне18-20 сағат бойы қазақша хабар таратады.Одан Қазақстанның жаңалықтарын білуге болады. Шыңжаң өлкесінде одан басқа бір радиостанса, бір баспахана, бір қазақ мекемесі жұмыс істейді. Ол жақтағы ағайындардың ерекше ұлтжандылығының, табандылығының арқасында Қытайда ұлттық рухани даму тоқырап қалмаған. Мұның бәрі Қытай қазақтарының өте елжанды, патриот болуына осылайша өз септігін тигізіп жатқанын көз көріп отыр. Ал ұлттық білім ошақтары, ақпарат құралдары жоқтың қасы Ресейде қазақ руханияты тоқырап тұр. Салыстырып қарасаңыз кейінгі 30-40 жылда Ресейден шыққан бір қазақ ақыны, жазушысы жоқ, ал Қытайдан келген қазақтардың керсінше екінің бір ақын, жазушы, журналист. Осыдан-ақ ұлттың рухани дамуына ана тіліндегі ақпарат құралдарының әсері орасан екенін көреміз.
2013 жылы «ҚАЗАҚСТАН» ұлттық телеарнасынын базасынан «KazSport» спорттық телеарна ашу жоспары бар деп естідік. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрінің блогына жаңа арна тек мемлекеттік тілде болсын деген өтініштер көптеп түсе бастады. Соның бірінен үзінді келтірсек. Ерлан деген азамат: «Құрметті Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед!Мен осындай жаңалыққа өте қуаныштымын! Бірақ ол арнаның екі тілде болатынына қарсымын!!! Спорттық арна мемлекеттік тілде, Қазақ тілінде болғанын қалаймыз. Көп жастар қазақ тілінде болсын деп талап етеді!!! Орыс тіліндегі спорттық арналар 50-ден асады. Тіпті болмағанда өзіміздің отандық спорттық арнаны ана тілімізде көргіміз келеді!!! Қаншама қазақ жастары, темекіге, спирттік ішімдікке бой алып кетті, аулдағы жастарды да ойлаңыздар. Ана тілімізде 100 пайыз хабар тарататың арна ашыңыздар, бір тілді болсын!!! Елбасымыз айтып кеткендей «2025 жылға дейін қазақ тілі бүкіл елдік, нағыз мемлекеттік тіл болуы тиіс!» деген ақжарма тілегі мен өтінішін қоса жолдапты. Бұл тілек тіпті жастар атынан айтылған талап ретінде де қабылданса болғандай екен.

Дәулетқали Асауов

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға