Жаңалықтар

12 жылдық оқытуды енгізу: білім берудегі сынақтар

2015 жылы 600 мың бірінші сынып оқушысы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды, олар үшін жаңа білім беру стандарттары әзірленуде. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында хабарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан мектептерінде оқитын 2,7 млн. баланың 600-і 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бірінші сыныпқа барады. Болжам бойынша, 2015 жылға қарай 5 сыныпта 260 мың оқушы (13 мың жинақ-сынып), 11 сыныпта – 175 мың бала (8 мың жинақ-сынып) оқитын болады. 12 жылдықтың жүктемесін азайтудың маңызды факторларының бірі – «Бейіндік мектеп» профилдік оқыту бағдарламасы. Әзірленіп жатқан бағдарлама 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарына енгізіледі. Бұл мектептерге қабылдау ҰБТ негізінде жүзеге асырылады. Қазір бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру және Типтік оқу жоспарлары, 12 жылдық білім берудің оқыту бағдарламалары әзірленуде. 2014 жылға қарай «Бейіндік мектеп» профильдік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламалары әзірленіп, сынақтан өтеді. 12 жылдық оқыту моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар шығару, коррекциялық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды аудару және бейімдеу іске асырылады. Оқулықтарды әзірлеу мен сынақтан өткізу функциялары бөленеді. 2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірленеді. 2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша 1, 5, 11 сыныптың, 2015 жылы 2, 6, 12 сыныптың, 2016 жылы 3, 4, 7 сыныптың, 2017 жылы 8, 9, 10 сыныптың оқушылары үшін баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындалады. Қазақстандық оқулықтармен қатар, ҚР БҒМ рұқсат еткен оқулықтар тізіліміне енген, математика, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар да пайдаланылатын болады. 2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдардың барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі.  
29.01.2013 06:13 3892

2015 жылы 600 мың бірінші сынып оқушысы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды, олар үшін жаңа білім беру стандарттары әзірленуде. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында хабарланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан мектептерінде оқитын 2,7 млн. баланың 600-і 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бірінші сыныпқа барады. Болжам бойынша, 2015 жылға қарай 5 сыныпта 260 мың оқушы (13 мың жинақ-сынып), 11 сыныпта – 175 мың бала (8 мың жинақ-сынып) оқитын болады.
12 жылдықтың жүктемесін азайтудың маңызды факторларының бірі – «Бейіндік мектеп» профилдік оқыту бағдарламасы. Әзірленіп жатқан бағдарлама 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарына енгізіледі. Бұл мектептерге қабылдау ҰБТ негізінде жүзеге асырылады.

Қазір бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру және Типтік оқу жоспарлары, 12 жылдық білім берудің оқыту бағдарламалары әзірленуде.

2014 жылға қарай «Бейіндік мектеп» профильдік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламалары әзірленіп, сынақтан өтеді. 12 жылдық оқыту моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар шығару, коррекциялық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды аудару және бейімдеу іске асырылады.

Оқулықтарды әзірлеу мен сынақтан өткізу функциялары бөленеді. 2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірленеді.

2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша 1, 5, 11 сыныптың, 2015 жылы 2, 6, 12 сыныптың, 2016 жылы 3, 4, 7 сыныптың, 2017 жылы 8, 9, 10 сыныптың оқушылары үшін баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындалады.

Қазақстандық оқулықтармен қатар, ҚР БҒМ рұқсат еткен оқулықтар тізіліміне енген, математика, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар да пайдаланылатын болады.

2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдардың барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға