Жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа лауазымын атқаруға кірісті

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасынан кейін өзінің спорттық мансабын аяқтағанын жариялаған болатын. Енді, міне, ол жақында Қазақстан бокс Федерациясында жаңа әкімшілік қызметіне ресми түрде кірісті. Бұдан былай 2012 жылғы Олимпиада чемпионы – ҚБФ спорт директоры. Оның міндетіне еліміздегі бокстың дамуын жалпы бақылау кіреді. Қазіргі кезде Серік әкімшілік қызметте тәжірибе жинақтауда. Ал өз саласын оның басқалардан артық білмесе, кем білмесіне еш күмән жоқ. «Мен боксты өте жақсы білемін, - дейді Серік Сәпиев. - Менің көптен бері осы салада жүргенім баршаға аян. Қазіргі кезде мен басқару тәжірибесін жинақтаудамын. Жаңа лауазымда Қазақстан бокс Федерациясына пайда келтірсем деген ойым бар. Бұл бағытта бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын». Сондай-ақ, атақты қазақстандық спортшы ҚБФ президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа Қазақстан боксының дамуы жолында өзін жан-жақты танытуға мүмкіндік бергеніне алғысын білдірді. Әрі осы үлкен сенімді ақтайтындығына сендірді. Серіктің жаңа қызметі Астанада. Сондықтан алдағы уақытта олимпиада чемпионы елордаға ауысуы мүмкін. Қазір оның отбасы Қарағанды қаласында тұрып жатыр. www.astana.kz
29.01.2013 05:53 3458

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасынан кейін өзінің спорттық мансабын аяқтағанын жариялаған болатын. Енді, міне, ол жақында Қазақстан бокс Федерациясында жаңа әкімшілік қызметіне ресми түрде кірісті.
Бұдан былай 2012 жылғы Олимпиада чемпионы – ҚБФ спорт директоры. Оның міндетіне еліміздегі бокстың дамуын жалпы бақылау кіреді. Қазіргі кезде Серік әкімшілік қызметте тәжірибе жинақтауда. Ал өз саласын оның басқалардан артық білмесе, кем білмесіне еш күмән жоқ.

«Мен боксты өте жақсы білемін, - дейді Серік Сәпиев. - Менің көптен бері осы салада жүргенім баршаға аян. Қазіргі кезде мен басқару тәжірибесін жинақтаудамын. Жаңа лауазымда Қазақстан бокс Федерациясына пайда келтірсем деген ойым бар. Бұл бағытта бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын».

Сондай-ақ, атақты қазақстандық спортшы ҚБФ президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа Қазақстан боксының дамуы жолында өзін жан-жақты танытуға мүмкіндік бергеніне алғысын білдірді. Әрі осы үлкен сенімді ақтайтындығына сендірді.

Серіктің жаңа қызметі Астанада. Сондықтан алдағы уақытта олимпиада чемпионы елордаға ауысуы мүмкін. Қазір оның отбасы Қарағанды қаласында тұрып жатыр.


www.astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға