Жаңалықтар

ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 10 наурыздан 25 сәуірге дейін қабылданады

2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезең бойынша өткізіледі. Осыған байланысты, 2013 және 2014 жылдары эксперимент өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.   "ҰБТ-ға ерікті негізде биыл қатысам деушілердің барлығына есік ашық. Оның ішінде, білімдерін ЖОО-да жалғастырам деушілерге мүмкіндік зор. Мектеп әкімшілігі бітірушіге ҰБТ тапсыруға бөгет жасаған жағдайда, бітіруші немесе оның ата-анасы жергілікті білім саласындағы бақылау департаменттеріне немесе мектебі бекітілген ҰБТ өткізу пунктіне өтініш білдіруге болады. Сіздердің ҰБТ-ға қатысу туралы өтініштеріңіз 10 наурыздан бастап, 25 сәуірге дейін міндетті түрде қабылданады" дейді Б.Жұмағұлов. BAQ.kz
28.01.2013 11:07 3885

2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезең бойынша өткізіледі. Осыған байланысты, 2013 және 2014 жылдары эксперимент өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.  

"ҰБТ-ға ерікті негізде биыл қатысам деушілердің барлығына есік ашық. Оның ішінде, білімдерін ЖОО-да жалғастырам деушілерге мүмкіндік зор. Мектеп әкімшілігі бітірушіге ҰБТ тапсыруға бөгет жасаған жағдайда, бітіруші немесе оның ата-анасы жергілікті білім саласындағы бақылау департаменттеріне немесе мектебі бекітілген ҰБТ өткізу пунктіне өтініш білдіруге болады. Сіздердің ҰБТ-ға қатысу туралы өтініштеріңіз 10 наурыздан бастап, 25 сәуірге дейін міндетті түрде қабылданады" дейді Б.Жұмағұлов.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға