Жаңалықтар

Канада хоккейшісі Қазақстан рекордын жаңартты

Өкінішке қарай, дәл қазір Қазақстан чемпионатының мергендер тізіміндегі алдыңғы лекте – кілең шетелдік хоккейшілер. Алғашқы ондықта бір ғана Қазақстан хоккейшісі бар. Ол – әзірше 6-орында тұрған Алексей Воронцов («Барыс-2»). Қазақстан чемпионатындағы дода бел ортасынан асып, шешуші ойындары тақады. Әйтсе де көш басындағы «Арлан» (Көкшетау) клубының канадалық шабуылшысы Яник Риндео сұрмергендер рекордын жаңартты. Ел чемпионатының көктемге дейін созылатындығын ескерсек, Канада хоккейшісінің өзінің рекордты көрсеткішін әлі де ұлғайта берері сөзсіз. Әрине, тек жарақаттан аман болсын дейік.Сонымен, Яник Риндео 41 ойында 28 гол соғып, 36 рет нәтижелі пас беріп, сұрмергендер тізімінде 64 ұпаймен көш бастап келеді. Жоғарыда жазғанымыздай, бұл – рекордты көрсеткіш. Бұған дейін ел чем¬пионатында ең көп ұпай жинаған Михаил Паньшин болатын. «Бейбарыс» (Атырау) клубының шабуылшысы 2009-2010 жылдар маусымында 53 ойын өткізіп, 62 ұпай (29 гол + 33 пас) жинаған еді. Жалпы, Яник Риндео 1984 жылы 25 қазанда туған. 2005 жылдан бастап өткен маусымның аяғына дейін Франция клубтарында ойнаған. BAQ.kz
27.01.2013 13:37 2890

Өкінішке қарай, дәл қазір Қазақстан чемпионатының мергендер тізіміндегі алдыңғы лекте – кілең шетелдік хоккейшілер. Алғашқы ондықта бір ғана Қазақстан хоккейшісі бар. Ол – әзірше 6-орында тұрған Алексей Воронцов («Барыс-2»). Қазақстан чемпионатындағы дода бел ортасынан асып, шешуші ойындары тақады. Әйтсе де көш басындағы «Арлан» (Көкшетау) клубының канадалық шабуылшысы Яник Риндео сұрмергендер рекордын жаңартты.

Ел чемпионатының көктемге дейін созылатындығын ескерсек, Канада хоккейшісінің өзінің рекордты көрсеткішін әлі де ұлғайта берері сөзсіз. Әрине, тек жарақаттан аман болсын дейік.Сонымен, Яник Риндео 41 ойында 28 гол соғып, 36 рет нәтижелі пас беріп, сұрмергендер тізімінде 64 ұпаймен көш бастап келеді. Жоғарыда жазғанымыздай, бұл – рекордты көрсеткіш.
Бұған дейін ел чем¬пионатында ең көп ұпай жинаған Михаил Паньшин болатын. «Бейбарыс» (Атырау) клубының шабуылшысы 2009-2010 жылдар маусымында 53 ойын өткізіп, 62 ұпай (29 гол + 33 пас) жинаған еді. Жалпы, Яник Риндео 1984 жылы 25 қазанда туған. 2005 жылдан бастап өткен маусымның аяғына дейін Франция клубтарында ойнаған.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға