Жаңалықтар

Моңғолияда қазақ балаларының білім сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

Моңғол мемлекеті ұлы құрылтайының мүшесі, Моңғол мемлекеті құрылым комитетінің төрағасы Бәкей Ағыпарұлы мен Моңғол мемлекеті ұлы құрылтайының мүшесі Тілейхан Әлмәлікұлының ұйымдастыруымен Моңғолияның астанасы Ұланбатырда қазақ балаларының білім сапасын жақсарту мәселесі жайлы бас қосу өтті,- деп хабарлайды Байөлке ақпараттық порталы. Кездесуде Моңғолия Үкіметінің 2010 жылы бекіткен «Қазақ балаларының білім алу сапасын жақсарту бағытында қолға алынатын кейбір шаралар туралы» № 66 қаулысы мен осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында шығарған Білім және мәдениет, ғылым министрінің 2010 жылғы 106-бұйрығының іске асу барысы, нәтижесі және алдағы уақытта өтетін шаралар жайлы Білім және ғылым министлігінің мамандары мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, осы министрлікке қарасты Білім институтының Қазақ балаларының білім секторы тарапынан бүгінге дейін қазақ балаларының оқу сапасын жақсарту бағытында жасаған зерттеулері мен оның нәтижесі таныстырылып, алда атқарылар істер талқыланды. Моңғол мемлекетінің білім беру саласының өкілдері қатысқан жиналыста жоғарыдағы қаулының жүзеге асуын қамтамасыз ету жөнінде арнайы бағдарлама жасалып, сәуір айында қайта бас қосуға шешім қабылданды. BAQ.kz
24.01.2013 05:38 2812

Моңғол мемлекеті ұлы құрылтайының мүшесі, Моңғол мемлекеті құрылым комитетінің төрағасы Бәкей Ағыпарұлы мен Моңғол мемлекеті ұлы құрылтайының мүшесі Тілейхан Әлмәлікұлының ұйымдастыруымен Моңғолияның астанасы Ұланбатырда қазақ балаларының білім сапасын жақсарту мәселесі жайлы бас қосу өтті,- деп хабарлайды Байөлке ақпараттық порталы.

Кездесуде Моңғолия Үкіметінің 2010 жылы бекіткен «Қазақ балаларының білім алу сапасын жақсарту бағытында қолға алынатын кейбір шаралар туралы» № 66 қаулысы мен осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында шығарған Білім және мәдениет, ғылым министрінің 2010 жылғы 106-бұйрығының іске асу барысы, нәтижесі және алдағы уақытта өтетін шаралар жайлы Білім және ғылым министлігінің мамандары мәлімдеме жасады.


Сондай-ақ, осы министрлікке қарасты Білім институтының Қазақ балаларының білім секторы тарапынан бүгінге дейін қазақ балаларының оқу сапасын жақсарту бағытында жасаған зерттеулері мен оның нәтижесі таныстырылып, алда атқарылар істер талқыланды.


Моңғол мемлекетінің білім беру саласының өкілдері қатысқан жиналыста жоғарыдағы қаулының жүзеге асуын қамтамасыз ету жөнінде арнайы бағдарлама жасалып, сәуір айында қайта бас қосуға шешім қабылданды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға