Ұйқының бұзылуы адамның мінез-құлқын да өзгертуі мүмкін. АҚШ-тың Беркли университетінің ғалымдары ұзақ уақыт бойы ұйқысы қанбай жүрген адамның ұрысқақ, уайымшыл әрі өзімшіл бола бастайтынын анықтады.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар 18 бен 56 жас аралығындағы ерлі-зайыптылардың 60 жұбын қатыстырып, зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жұптардың ұйықтау уақыты, мінез-құлқы есепке алынды. Ерлі-зайыптылардың өмірі бейнежазбаға да түсірілді. Сынақтың нәтижесінде үнемі ұйқысы қанбайтын адамдардың ұрысқақ келетіні, серіктерін жиі кінәлайтыны, өзін ғана ойлап, уайымға берілетіні расталды. Ғалымдар сол себепті адамдарға толыққанды ұйқы кестесін жоспарлап алуға кеңес береді. Айта кетейік, бүгінде Жер шарының әрбір үшінші тұрғыны созылмалы ұйқысыздық ауруына шалдыққан. Ұйқысы қалыпты адамдардың саны әлем халқының 40%-ын ғана құрайды.
Ұйқысы қанбаған адамдар ұрысқақ келеді
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек