Жаңалықтар

Әдіһам Шілтерханов

Әдіһам Шілтерханов 1925 жылы 24 шілдеде қазіргі Ордабасы ауданының «Төрткүл» ауылында туылған. 1934-1940 жыдары Шымкент қорғасын заводындағы қазіргі Жамбыл атындағы мектепте, 1940-1942 жылдары осы қаладагы Спатаев атындағы орта мектепте оқып, 1942 оқу жылының екінші жартысын Георгиевка орта мектебінде аяқтады. 1961 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірді. Мамандығы бойынша ғалым-агроном.
17.01.2013 04:19 3357

Әдіһам Шілтерханов 1925 жылы 24 шілдеде қазіргі Ордабасы ауданының «Төрткүл» ауылында туылған. 1934-1940 жыдары Шымкент қорғасын заводындағы қазіргі Жамбыл атындағы мектепте, 1940-1942 жылдары осы қаладагы Спатаев атындағы орта мектепте оқып, 1942 оқу жылының екінші жартысын Георгиевка орта мектебінде аяқтады. 1961 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірді. Мамандығы бойынша ғалым-агроном. Ал еңбек жолын 1943 жылы Төрткүлдегі орта мектепте мұғалімдіктен бастаған. 1943-1944 жылдары даңқты Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның қүрамында Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге ауыр жараланып оралды. 1945-1969 жылдар арасында казіргі Ордабасы, Бәйдібек ауданында мүғалім, Бэйдібек ауданындық Комсомол комитетінде хатшы, аудандык партия комитетінде нүсқаушы, аудандық газетте бөлім меңгерушісі, совхоздың бас агрономы, Красная-Нива үжымшарында партия комитетінің хатшысы, одан кейін сол үжымшардың төрағасы қызметтерін атқарды. Партияның жолдауымен Отырар ауданына ауысып, 1969-1981 жылдары «Арыс» үжымшарының директоры, 1981-1985 жылдары аудандық түрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры болып, жемісті еңбек етті.
1985 жылы зейнеткерлікке шығып, шығармалықпен айналасқан Әдіһам Шілтерханов казақ эдебиетінің кей саласына зерттеулер жүргізіп , прозада көркем туындылар берді. 1988 жылы Алматы «Жалын» баспасынан «Үш бэйтерек», сол баспадан 1993 жылы «Ақжалдын ақыры», 1994 жылы «Жібек жолы», «Баспа» фирмасынан «Аталы сөздер», 1995 жылы Алматы «Атамүра» баспасынан «Аталы сөздер», 1995 жылы Алматы «Рауан» баспасынан «Саттар Ерубаев» атты кітаптары жарық көрді. 2000 жылы «Ордабасы» баспасынан шығармаларының I томы, 2001 жылы сол баспадан II томы, ал 2006 жылы III томы басылып шықты.
I томда хикаяттар мен этнографиялық әңгімелер, II томға зерттеулер, аталы сөздер, өлеңдері, III томда әңгімелері топтастырылған. Бүдан өзге Ә. Шілтерханов еңбектерІ оннан астам үжымдық жинақтарға енген. Оның таза қазақы мақымда шырайлы тілде жазылған, тағлымдық, ғибраттық мәні зор, шығармаларының әдебиетімізде орны ерекше. Ол Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Отырар ауданының күрметті азаматы.
Әдіһам Шілтерханов Қазақ ССР Жоғары Кеңесі президиумның құрмет грамотасы мен Бірінші дәрежелі Отан Соғысы Орденымен, соғыста және еңбектегі ерен еңбектері үшін он төрт медальмен марапатталған.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға