Жаңалықтар

Шаханов Мұхтар

Шаханов Мұхтар (2.7.1942ж.т, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, 1961-65ж. “Оңтүстік Қазақстан газетінде корректор, әдеби қызметкер. 1965-70ж. Қазіргі « Жас Алаш » газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі. 1970-71ж. Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-76 ж. Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекет комитетінің аға, бас редакторы, 1976-79ж. Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы
17.01.2013 04:15 3926

Шаханов Мұхтар (2.7.1942ж.т), Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, 1961-65ж. “Оңтүстік Қазақстан газетінде корректор, әдеби қызметкер. 1965-70ж. Қазіргі «Жас Алаш» газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі. 1970-71ж. Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-76ж. Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекет комитетінің аға, бас редакторы, 1976-79ж. Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, 1980-84ж. қазіргі    «Жас Алаш» газеті жанындағы әдеби ұйымның жетекшісі, 1984-93ж. «Жалын» альманахының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан), 1993-2003ж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі, 2003-2004ж. Жалын» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты. Алғашқы өлеңі «Сырдария» 1959ж. Жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» 1966 жарық көрді. «Танакөз" (1970 Қазақстан Комсомолы сыйлығы 1972), Сейхундария (1974), «Махаббат таңы" (1974 ), «Күретамырды іздеу» (1975), «Сенім патшалығы» (1977), «Махаббатты қорғау»(1978), «Нарынқұм» трагедиясы ( 1980), «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі»(1982), т,б поэмалары жарық көрді. «Көкейкесті» (1987), «Ночь воспоминаний о Сократе или суд на шкуре туполобого» ( в соавторстве с Ч. Айтматовым 1998 ), поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудьясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері» (1981 ), «Зерде кітабы»         (1984) атты жинақтары орыс тілінде шықты. Шығармалары шет елдерде де жарық көрді. БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығы, Қазақстан және Бүкілодақтық Комсомол сыйлығы (1982), Түрік Республикасының Түрік дүниесіне қызметі үшін халықаралық сыйлығы (1999) және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият» түрік дүниесі жазушылар бірластігінің «Шахрияр» (1999 ), ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлық иегері. 2002ж «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындығы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында « Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға