Алматылық «Қайрат» шағын футбол клубы 2 легионермен толықты. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Қайрат» клубының Президенті Қайрат Оразбеков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Команда ойыншыларының қатарын «Лупаренце» италиян клубының ойыншысы, Испания суперкубогының иесі Эулер Коэльо Маркес, «Интер Мовистар» испан клубының ойыншысы, Испания Кубогінің иегері Адалберто Нунес толықтырды. Бұл екі титулды ойыншы Бразилия құрамасында, Еуропа мен әлемнің бірнеше беделді клубтарында ойнаған.
«Өздеріңіз білесіздер, «Қайрат» командасы Грузияда өтетін УЕФА финалында испандық «Барселонамен» және ресейлік «Динамомен», грузиндік «Ибериямен» кездеседі. Сол кездесуде осы екі ойыншы біздің команданың темірдей қорғаны болады деп сенеміз. Оларды біз техникалық әзірлігі мен психологиялық дайындығына қарап іріктедік», - деді Қайрат Оразбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Алматылық «Қайрат» клубында Грузияның Тбилиси қаласында өтетін УЕФА Кубогінің финалына дайындық жүріп жатыр. Бүгінде командада 18 ойыншы бар, олардың 8-і легионер.
«Қайрат» футбол клубы 2 легионермен толықты
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек