Жаңалықтар

«Сара саңлақ» кітабы жарық көрді

Астанада «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Шәрбану Бейсенованың жетекшілігімен «Сара саңлақ» кітабы жарық көрді. Қазақ мәдениеті тарихында өшпестей аты қалған, ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғаларының бірі Сара Тастанбекқызының мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін қымбат рухани қазын. Ақын Сара есімі сөз сайысында бақ сынасқан өнерпаздардың пір тұтары болғаны да ақиқат. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сондай-ақ өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген ақындардың өлең-жырлары топтастырылған. Кітап мұқабасына белгілі суретші, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Кәміл Муллашевтің  «Ақын Сара» портреті пайлаланыған кітапқа қазақтың көрнекті ақын қызы, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың «Менің Шолпан жұлдызым» атты алғысөзін жазды. BAQ.kz
14.01.2013 09:17 4249

Астанада «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Шәрбану Бейсенованың жетекшілігімен «Сара саңлақ» кітабы жарық көрді.

«Сара саңлақ» кітабы жарық көрді
Қазақ мәдениеті тарихында өшпестей аты қалған, ұлттық өнеріміздің көрнекті тұлғаларының бірі Сара Тастанбекқызының мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін қымбат рухани қазын. Ақын Сара есімі сөз сайысында бақ сынасқан өнерпаздардың пір тұтары болғаны да ақиқат. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сондай-ақ өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген ақындардың өлең-жырлары топтастырылған.

Кітап мұқабасына белгілі суретші, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Кәміл Муллашевтің  «Ақын Сара» портреті пайлаланыған кітапқа қазақтың көрнекті ақын қызы, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың «Менің Шолпан жұлдызым» атты алғысөзін жазды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға