Жаңалықтар

Алматылық Әлихан әлемдегі ең қымбат қолсағат ойлап тапты

Алматылық Әлихан Өмірбеков әлемдегі ең қымбат сағат ойлап тапты. Тіпті, Әлиханның бұл жобасына Швейцар сағатшыларының өзі үлкен баға беріп отыр. Дәлірек айтсақ, 1 млн. долларға бағалап отыр. Ал, Әлихан болса, өз жобасының болашақта жасалынып шығып, оны сатып алушылардың болатынына кәміл сеніп отыр. Сондай-ақ, сағаттың эксклюзивті моделі Қазақстанда қалуы ықтимал.   Әлихан бұл жобаны жасап шығу үшін бір жылдан бері әлемдік әдебиеттер мен ең бағалы сағаттардың жасалу жолдарын қарап шыққан. Оның жасап шыққан сағаты «Министри оф таймкиперс» деп аталады. Оны қазақшаға аударғанда «Уақыттың қорғаушысы» деп аталады. «Мұнда ең қиыны сағаттың цифрлы белгісі бұрышында орналасқан. Бұл сағат жасаудағы ең күрделі жұмыстардың бірі. Екіншіден, мұнда екі гиротурбийон болады. Оның еш пайдасы болмағанмен, сағаттың қымбат екендігін айшықтап тұрады. Егер сағатта гиротурбийон болса, ол кем дегенде 300 мың долларға бағаланады» дейді Әлихан. Әлихан ойлап тапқан сағатта екі бірдей гиротурбийон орнатылған. Демек, ол жоқ дегенде 600 мың доллар тұрады. Швейцария мамандары қазақстандық жасаған сағаттың күрделілігі мен дизайнын ескере отырып, оны миллион доллардан кем тұрмайды деген шешімге келді. Егер ол қымбат металдар мен әшекей тастармен бедерленсе, бағасы одан сайын артуы мүмкін дейді швейцар мамандары. Әлиханның айтуынша, қымбат бағадағы сағаттар тағатын ерлер әлі де көп. Мысалы, Киев мэрі Леонид Черновецкий 200 мың доллар үшін ақшасын аямаған. Италияның экс-премьер министрі Сильвио Берлускони жарты миллион тұратын сағат тағып жүр. Қазақстандық шенеуніктер де сағат тағуда қалыс емес. 16 мыңнан 100 мың долларға дейінгі аралықтағы сағаттар тағады. Бірақ, біздегі мәжіліс депутаттарының көбі Қытайда жасалған көшірмесін таққан5а мәз. Мәселен, Мұхтар Тінікеев қолындағы «Брегет» сағатын Гуанчжоуда 50 долларға сатып алған. Ал, депутат Владислав Косарев қолындағы сағатының қанша тұратынын да білмейді. Бұл туралы Әлиханның өзі айтып отыр. BAQ.KZ
08.01.2013 05:07 3718

Алматылық Әлихан Өмірбеков әлемдегі ең қымбат сағат ойлап тапты. Тіпті, Әлиханның бұл жобасына Швейцар сағатшыларының өзі үлкен баға беріп отыр. Дәлірек айтсақ, 1 млн. долларға бағалап отыр. Ал, Әлихан болса, өз жобасының болашақта жасалынып шығып, оны сатып алушылардың болатынына кәміл сеніп отыр. Сондай-ақ, сағаттың эксклюзивті моделі Қазақстанда қалуы ықтимал.  

Әлихан бұл жобаны жасап шығу үшін бір жылдан бері әлемдік әдебиеттер мен ең бағалы сағаттардың жасалу жолдарын қарап шыққан. Оның жасап шыққан сағаты «Министри оф таймкиперс» деп аталады. Оны қазақшаға аударғанда «Уақыттың қорғаушысы» деп аталады.
«Мұнда ең қиыны сағаттың цифрлы белгісі бұрышында орналасқан. Бұл сағат жасаудағы ең күрделі жұмыстардың бірі. Екіншіден, мұнда екі гиротурбийон болады. Оның еш пайдасы болмағанмен, сағаттың қымбат екендігін айшықтап тұрады. Егер сағатта гиротурбийон болса, ол кем дегенде 300 мың долларға бағаланады» дейді Әлихан.
Әлихан ойлап тапқан сағатта екі бірдей гиротурбийон орнатылған. Демек, ол жоқ дегенде 600 мың доллар тұрады. Швейцария мамандары қазақстандық жасаған сағаттың күрделілігі мен дизайнын ескере отырып, оны миллион доллардан кем тұрмайды деген шешімге келді. Егер ол қымбат металдар мен әшекей тастармен бедерленсе, бағасы одан сайын артуы мүмкін дейді швейцар мамандары.
Әлиханның айтуынша, қымбат бағадағы сағаттар тағатын ерлер әлі де көп. Мысалы, Киев мэрі Леонид Черновецкий 200 мың доллар үшін ақшасын аямаған. Италияның экс-премьер министрі Сильвио Берлускони жарты миллион тұратын сағат тағып жүр. Қазақстандық шенеуніктер де сағат тағуда қалыс емес. 16 мыңнан 100 мың долларға дейінгі аралықтағы сағаттар тағады. Бірақ, біздегі мәжіліс депутаттарының көбі Қытайда жасалған көшірмесін таққан5а мәз. Мәселен, Мұхтар Тінікеев қолындағы «Брегет» сағатын Гуанчжоуда 50 долларға сатып алған. Ал, депутат Владислав Косарев қолындағы сағатының қанша тұратынын да білмейді. Бұл туралы Әлиханның өзі айтып отыр.

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға