Жаңалықтар

Өнерін отанына арнаған шебер (видео)

Өрнектері сазға бөленген отбасы Өмірзақ Рыстанұлы шетелден атамекеніне оралғалы қазақ өнеріне өз үлесін қосып жүрген шебер. Өнерлі отбасы Астанада жеке көрмесін өткізді. Қазақтың өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқандардың бірі - Өмірзақ Рыстанұлы. Ол еліміз егемендік алғанда Моңғолиядан атамекеніне оралған көшті бастап келді. Отанында өнерін арықарай дамытты. Ұлттық өрнектерді сурет пен қол кестеге түсіріп жүр. Өмірзақ РЫСТАНҰЛЫ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі: - Бұл қазақтың дәстүрлі өнері кеңінен дамыған. Әсіресе, біз кесте өнері. Біз соны ала келдік, қазір соны дамытып, жұмыс істеп жатырмыз. Қылқалам шебері Германияның дизайн және өнер академиясын кескіндеме мамандығы бойынша тәмамдаған. Батыс Еуропада кәсіби білім алған ол, бүгінде бар білімін қазақ халқының тұрмысы, фольклор, кәсібімен байланыстыруда. Суретші туындыларының айырмашылығы «қазақтың ұлттық ою-өрнектерін түрлендіре білуінде» дейді өнертанушылар. Мәрия ЖҰМАҒҰЛОВА, өнертанушы: - Еуропа өнерімен танысып, өзінің қанында бар ұлттық өнерді бірге қосқанда жаңа бір өнер туады деп есептеймін. Бұл суреттерге қарасақ, кәдімгі суреттеме де бар, қазақтың оюы да бар. Бұның ішінде бұрынғыдан келе жатқан ұмытылған ескі таңбалар да бар. Мағынасы өте терең. Суретшінің жары – Кәлемхан Рахметбайқызы да он саусағынан өнер тамған шебер. Оның көркем кесте өнері, бейнелеу өнеріне жаңа серпін, жаңа жанр алып келді. Кәлемхан апай отағасы Өмірзақтың салған суреттерін бізбен әдемілеп кестелейді. Сол өнерін қыздары Айнұр мен Гүлназымға да үйретті. Олар да бүгін қазақ өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүр. Кәлемхан РАХМЕТБАЙҚЫЗЫ, шебер: - Біз кесте өнері – өте ұлы өнер. Ол дегеніміз ешқандай елде жоқ өнер. Өте шыдамдылықты, шеберлікті талғайтын өнер. Бұл өнер әжелеріміз, жеңгелеріміз дамытып жүрген өнер, ата-бабадан қалған өнер. Осыны мен жастайымнан көріп өстім. Айнұр ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ, Өмірзақ Рыстанұлының қызы: - Еуразия ұлттық университетіне жұмысқа тұрып, қазір шәкірт тәрбиелеп жатырмын. Анамыз кестені тігіп жатқан кезде сіңілім екеуміз жармасып бізде тізіп, үйрендік. Ата-анамыздың жолын қуып жүрміз. Өмірзақ Рыстанұлы жуырда Астана жұртына арнап «Өрнек сазы» атты әулеттік көрмесін ұсынды. Көрмеге қойылған әр туындыдан Атамекенге, ұлттық өнерге деген құрметті көруге болады. 24 KZ  
07.01.2013 09:25 4474

Өрнектері сазға бөленген отбасы Өмірзақ Рыстанұлы шетелден атамекеніне оралғалы қазақ өнеріне өз үлесін қосып жүрген шебер. Өнерлі отбасы Астанада жеке көрмесін өткізді.

Қазақтың өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқандардың бірі - Өмірзақ Рыстанұлы. Ол еліміз егемендік алғанда Моңғолиядан атамекеніне оралған көшті бастап келді. Отанында өнерін арықарай дамытты. Ұлттық өрнектерді сурет пен қол кестеге түсіріп жүр.

Өмірзақ РЫСТАНҰЛЫ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі:

- Бұл қазақтың дәстүрлі өнері кеңінен дамыған. Әсіресе, біз кесте өнері. Біз соны ала келдік, қазір соны дамытып, жұмыс істеп жатырмыз.

Қылқалам шебері Германияның дизайн және өнер академиясын кескіндеме мамандығы бойынша тәмамдаған. Батыс Еуропада кәсіби білім алған ол, бүгінде бар білімін қазақ халқының тұрмысы, фольклор, кәсібімен байланыстыруда. Суретші туындыларының айырмашылығы «қазақтың ұлттық ою-өрнектерін түрлендіре білуінде» дейді өнертанушылар.

Мәрия ЖҰМАҒҰЛОВА, өнертанушы:

- Еуропа өнерімен танысып, өзінің қанында бар ұлттық өнерді бірге қосқанда жаңа бір өнер туады деп есептеймін. Бұл суреттерге қарасақ, кәдімгі суреттеме де бар, қазақтың оюы да бар. Бұның ішінде бұрынғыдан келе жатқан ұмытылған ескі таңбалар да бар. Мағынасы өте терең.

Суретшінің жары – Кәлемхан Рахметбайқызы да он саусағынан өнер тамған шебер. Оның көркем кесте өнері, бейнелеу өнеріне жаңа серпін, жаңа жанр алып келді. Кәлемхан апай отағасы Өмірзақтың салған суреттерін бізбен әдемілеп кестелейді. Сол өнерін қыздары Айнұр мен Гүлназымға да үйретті. Олар да бүгін қазақ өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүр.

Кәлемхан РАХМЕТБАЙҚЫЗЫ, шебер:

- Біз кесте өнері – өте ұлы өнер. Ол дегеніміз ешқандай елде жоқ өнер. Өте шыдамдылықты, шеберлікті талғайтын өнер. Бұл өнер әжелеріміз, жеңгелеріміз дамытып жүрген өнер, ата-бабадан қалған өнер. Осыны мен жастайымнан көріп өстім.

Айнұр ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ, Өмірзақ Рыстанұлының қызы:

- Еуразия ұлттық университетіне жұмысқа тұрып, қазір шәкірт тәрбиелеп жатырмын. Анамыз кестені тігіп жатқан кезде сіңілім екеуміз жармасып бізде тізіп, үйрендік. Ата-анамыздың жолын қуып жүрміз.

Өмірзақ Рыстанұлы жуырда Астана жұртына арнап «Өрнек сазы» атты әулеттік көрмесін ұсынды. Көрмеге қойылған әр туындыдан Атамекенге, ұлттық өнерге деген құрметті көруге болады.

24 KZ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға