Жаңалықтар

Ғалымдар латын әліпбиіне 2017 жылға дейін көшуді ұсынып отыр (ВИДЕО)

Себебі тіл мамандарының айтуынша, латын қарпі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ғалымдар халықаралық кеңістікте қолданылатын қазақ әліпбиін дайындау керектігін айтады, деп хабарлайды 24 KZ. Ғания Сәбитқызы екі баланың анасы. Бүлдіршіндерінің бірнеше тілді үйренгенін қалайды. Сондықтан, ол жұмыстан қалт ете қалса, балаларына латын қарпін таныстырады. Себебі, ағылшын тілі мен ғаламторды жетік игеруге латын әліпбиінің көмегі зор. Ғания СӘБИТҚЫЗЫ, қала тұрғыны: - Латын әліпбиін мектептен бастаған жөн деп ойлаймын. Мен қазір үйде ақырындап оларға ауыртпалық түспеу үшін латын әліпбиін балаларыма үйретіп жатырмын. Қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткерді. Сан ғасыр бойы халқымыз араб әліпбиін қолданды. Ал 1929-40 жылдар аралығында латын жазуын пайдаланды. Енді күні бүгінге дейін кириллицаның көмегімен жазып-сызып жүрміз. Ал жуырда Елбасы латын қарпіне көшу туралы бастама көтеріп, 2025 жылы жаңа әліпбиді қолданысқа кіргізу керектігін айтты. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын қарпіне көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүниежүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батып, ену үстінде. Қазақ графикасының түркі халықтары арасында қолданылатын ортақ әліпбимен сабақтастығын ғасыр бұрын ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы дәлелдеп кеткен. Оны күллі түркі жұрты, сонымен қатар орыс ғалымдары «тарихи тұрғыдан алғанда түзетуді қажет етпейтін графика» деп бағалаған. Отандық тіл ғалымдары да оны растап отыр. Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Тіл комитеті төрағасының орынбасары: - Түркі халықтарының немесе әлемдік кеңістікте пайдаланатын әліпбиді ғылыми тұрғыда негіздеп алуымыз керек. Қазір баршамызға белгілі бүкіл әлемдік кеңістікте кең тараған латын әліпбиі. Интернет жүйесінде де, жаңа ақпараттық технологияларда да біз латын әліпбиін көп пайдаланамыз. Ал тіл мамандары 2025 жылды күтпей-ақ, реті келсе, латын әліпбиіне 2017 жылы өтетін халықаралық ЕХРО көрмесіне дейін көшу керектігін айтады. Шәкір ЫБЫРАЙҰЛЫ, Халықаралық түркі академиясының президенті: «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі Астанада өтеді. Оған дүние жүзінен 5 млн-ға жуық шетелдік қонақтар келмек. Сол кезде көшедегі дазулардың да түсінікті тілде жазылуы маңызды болмақ. Сондықтан 5 жыл ішінде еліміз атын латын әліпбиіне көшетін болса, көше жазулары да халықаралық стандарттарға сәйкес болар еді. Ғалымдар латын жазуы - ұлт үшін тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы дегенді алға тартады.     Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев, 24 KZ
06.01.2013 17:26 3610

Себебі тіл мамандарының айтуынша, латын қарпі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ғалымдар халықаралық кеңістікте қолданылатын қазақ әліпбиін дайындау керектігін айтады, деп хабарлайды 24 KZ.

Ғания Сәбитқызы екі баланың анасы. Бүлдіршіндерінің бірнеше тілді үйренгенін қалайды. Сондықтан, ол жұмыстан қалт ете қалса, балаларына латын қарпін таныстырады. Себебі, ағылшын тілі мен ғаламторды жетік игеруге латын әліпбиінің көмегі зор.
Ғания СӘБИТҚЫЗЫ, қала тұрғыны:
- Латын әліпбиін мектептен бастаған жөн деп ойлаймын. Мен қазір үйде ақырындап оларға ауыртпалық түспеу үшін латын әліпбиін балаларыма үйретіп жатырмын.
Қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткерді. Сан ғасыр бойы халқымыз араб әліпбиін қолданды. Ал 1929-40 жылдар аралығында латын жазуын пайдаланды. Енді күні бүгінге дейін кириллицаның көмегімен жазып-сызып жүрміз.
Ал жуырда Елбасы латын қарпіне көшу туралы бастама көтеріп, 2025 жылы жаңа әліпбиді қолданысқа кіргізу керектігін айтты.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын қарпіне көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүниежүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батып, ену үстінде.
Қазақ графикасының түркі халықтары арасында қолданылатын ортақ әліпбимен сабақтастығын ғасыр бұрын ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы дәлелдеп кеткен. Оны күллі түркі жұрты, сонымен қатар орыс ғалымдары «тарихи тұрғыдан алғанда түзетуді қажет етпейтін графика» деп бағалаған. Отандық тіл ғалымдары да оны растап отыр.
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Тіл комитеті төрағасының орынбасары:
- Түркі халықтарының немесе әлемдік кеңістікте пайдаланатын әліпбиді ғылыми тұрғыда негіздеп алуымыз керек. Қазір баршамызға белгілі бүкіл әлемдік кеңістікте кең тараған латын әліпбиі. Интернет жүйесінде де, жаңа ақпараттық технологияларда да біз латын әліпбиін көп пайдаланамыз.
Ал тіл мамандары 2025 жылды күтпей-ақ, реті келсе, латын әліпбиіне 2017 жылы өтетін халықаралық ЕХРО көрмесіне дейін көшу керектігін айтады.
Шәкір ЫБЫРАЙҰЛЫ, Халықаралық түркі академиясының президенті:
«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі Астанада өтеді. Оған дүние жүзінен 5 млн-ға жуық шетелдік қонақтар келмек. Сол кезде көшедегі дазулардың да түсінікті тілде жазылуы маңызды болмақ. Сондықтан 5 жыл ішінде еліміз атын латын әліпбиіне көшетін болса, көше жазулары да халықаралық стандарттарға сәйкес болар еді.
Ғалымдар латын жазуы - ұлт үшін тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы дегенді алға тартады.

 

 

Авторлар: Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев, 24 KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға