Астанада оқушылардың қалалық олимпиадасы 8-9 қаңтарда өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты «Астана дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығына сілтеме жасап.
«Аудандық олимпиадалар өтті. Қалалық олимпиаданың бірінші туры 8 қаңтарда, екіншісі – 9 қаңтарда өтеді» , – деп хабарлады орталықтан. Оған 700-ге тарта адам тартылып отыр.
Қалалық олимпиадада аудандық олимпиаданың жеңімпаздары бақ сынамақ. Ал, ұлдар мен қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінде оқитын оқушылар мен «Зерде» дарынды балалар мектебінің шәкірттері байқаудан тыс қатысады.
«Қалалық олимпиаданың жеңімпаздары политехникалық цикл бойынша Талдықорған қаласында өтетін, гуманитарлық цикл бойынша Тараз қаласында өтетін республикалық турға қатысады», - деп мәлімдеді «Дарын» орталығынан.
Елордада оқушылардың қалалық олимпиадасы өтеді
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек