Жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз латын әліпбиінің жаңа жобасын жасап шықты

Бұл жоба қазақ әліпбиінің бұрынғы Қайдаров латын қарпінің нұсқасы негізінде және ағылшын тіліндегі 26 әріптің халықаралық фонетикалық заңдылықтарына сай жасалды,- деп сөзін жалғады жоба авторы – «Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс»,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткеніндей қазақ тіліндегі 26 әріптен асып қалған дыбыстар белгілі заңдылықтар бойынша әріптердің қосарлануы арқылы таңбаланды. Бұл жобаға өзге ұлт тілдерінен енген “ф, в, х, һ, ц” дыбыстары да толық қамтылған екен. Ал, өз тілімізде дайын дыбысталу нұсқасы бар “э” болса “е” әрпімен ұқсас таңбаланыпты. «И, Й» әріптерінің орнына «J» қарпін қолданған жас тіл маманы «I»-ні жіңішкелік белгісінің орнына алыпты. Яғни, «ә-ia, ө-io, ү-iu деп қолдансақ ыңғайлы болатын сияқты»,- дейді ол. «Ғ» әрпі дыбыстағанда, тіл орны «Г» дыбысына салыстырмалы сәл артта және сәл жоғары, «Һ» дыбысына салыстырмалы сәл алдыда және сәл төмен болғандықтан, қосарланған “gh” әріптерімен таңбаланыпты. Болатбектің айтуынша бұндай таңбалау ағылшын тілінде де кездеседі екен. «Ж» әрпі қытай тіліндегі дыбыстаумен, «Ш, Ч» қаріптері ағылшын тіліндегі дыбыстаулармен ұқсас жеке-жеке «Zh, Sh, Ch» арқылы алыныпты. Болатбек бұл әдіс сәйкесті «З, С, Ц» әріптерін жеке-жеке «Z, S, C» деп қолданудың қолайлы екенін де ескеріпті. Жаңа жобада «Қ, Х, Һ» әріптері ағылшын тілінің халықаралық дыбысталуына қарай «Q, X, H» болып таңбаланса, «Ң» әрпі ағылшынша дыбысталуы негізінде “ng” деп алынып, «Ң» мен «Г» қатар келген кезде ортасына «’» белгісін қосу арқылы таңбаланатыны көрсетілген . Мысалы, сәнгер-sian’ger. Әлемдегі барша қазақтың рухани тұтастығына көпір болатын факторлардың бірі – біркелкі әліпбидің қолданысқа енуі екенін құптайтын азаматтың арманы өзі жасаған алфавит нұсқасының бір кәдеге жарауы екенін айта кеткен жөн. BAQ.kz
03.01.2013 09:57 4374

Бұл жоба қазақ әліпбиінің бұрынғы Қайдаров латын қарпінің нұсқасы негізінде және ағылшын тіліндегі 26 әріптің халықаралық фонетикалық заңдылықтарына сай жасалды,- деп сөзін жалғады жоба авторы – «Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс»,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткеніндей қазақ тіліндегі 26 әріптен асып қалған дыбыстар белгілі заңдылықтар бойынша әріптердің қосарлануы арқылы таңбаланды.
Бұл жобаға өзге ұлт тілдерінен енген “ф, в, х, һ, ц” дыбыстары да толық қамтылған екен. Ал, өз тілімізде дайын дыбысталу нұсқасы бар “э” болса “е” әрпімен ұқсас таңбаланыпты. «И, Й» әріптерінің орнына «J» қарпін қолданған жас тіл маманы «I»-ні жіңішкелік белгісінің орнына алыпты. Яғни, «ә-ia, ө-io, ү-iu деп қолдансақ ыңғайлы болатын сияқты»,- дейді ол. «Ғ» әрпі дыбыстағанда, тіл орны «Г» дыбысына салыстырмалы сәл артта және сәл жоғары, «Һ» дыбысына салыстырмалы сәл алдыда және сәл төмен болғандықтан, қосарланған “gh” әріптерімен таңбаланыпты. Болатбектің айтуынша бұндай таңбалау ағылшын тілінде де кездеседі екен. «Ж» әрпі қытай тіліндегі дыбыстаумен, «Ш, Ч» қаріптері ағылшын тіліндегі дыбыстаулармен ұқсас жеке-жеке «Zh, Sh, Ch» арқылы алыныпты. Болатбек бұл әдіс сәйкесті «З, С, Ц» әріптерін жеке-жеке «Z, S, C» деп қолданудың қолайлы екенін де ескеріпті. Жаңа жобада «Қ, Х, Һ» әріптері ағылшын тілінің халықаралық дыбысталуына қарай «Q, X, H» болып таңбаланса, «Ң» әрпі ағылшынша дыбысталуы негізінде “ng” деп алынып, «Ң» мен «Г» қатар келген кезде ортасына «’» белгісін қосу арқылы таңбаланатыны көрсетілген . Мысалы, сәнгер-sian’ger.
Әлемдегі барша қазақтың рухани тұтастығына көпір болатын факторлардың бірі – біркелкі әліпбидің қолданысқа енуі екенін құптайтын азаматтың арманы өзі жасаған алфавит нұсқасының бір кәдеге жарауы екенін айта кеткен жөн.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға