Британдық дәрігерлер 1,5 сағаттай жүрегі соқпай қалған 60 жастағы азаматты өлім аузынан алып қалды.
Ер адамның сөзіне қарағанда, ол үйінде жұбайымен әңгімелесіп отырған кезінде кеуде тұсынан қатты шаншуды сезінген. Зейнеткер жұбайына жедел жәрдем қызметін шақыруды сұрамақ болғанымен, етпетінен құлап, есінен танып қалған. Ер адамның үйіне келген дәрігерлер оны ажалдан құтқармақ болғанымен, ол өмір сүрудің ешбір белгілерін танытпады. Мамандар ер адамды құтқармаққа әрекеттеніп, 30 рет электр зарядын берген. Әлгі адам Northampton General Hospital ауруханасына жеткізілгеннен кейін, дәрігерлер емделушінің өлді деп тіркеген.
- Біз инфаркт алған ер адамның қайта тыныс алып, о дүниеден қайта оралғанын көргенде қатты таңырқап тіпті есеңгіреп қалдық. Жалпы алғанда оның жүрегі 80 минут бойы соқпады, - деді дәрігер Доминик Кокс.
9 күн өткен соң өлім аузынан аман қалған зейнеткердің денсаулығы түзеле бастады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Британдық дәрігерлер «өлген» адамды тірілтті
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?