Жаңалықтар

«Еуразия» Бірінші арнасы» арқылы «Жаңа Жібек жолы» ақпараттық шеруінің

Бүгін сағат 12.50-де «Еуразия» Бірінші арнасынан» Қазақстанның жолдарында үш күндік сапарда болған қазақстандық әртістер, блогерлер мен журналистердің басынан кешкен қызықты оқиғаларын тамашалаңыздар. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  12 адамнан құралған команда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда мен Алматы арасындағы 1000 шақырымнан астам қазақстандық бөлігін үш күннің ішінде жүріп өтті. Олар асфальт пен цемент-бетонның қалай төселетіндігін өз көздерімен көріп, құрылыстағы жаңа технологиялардың бар артықшылықтарымен танысып, құрылыс нысандарын, зауыттар мен лабораторияларды аралап, тіптен жол төсемінің мықтылығын сынақтан өткізуге қатысты.  Олардың жол бойғы бастарынан кешкендері, өздерінің қоса қатысқан сынақтары, олардың алған әсерлері мен сезім шалқуларының барлығы «Болашақтың жолы» атты деректі фильмге енді. Естеріңізге саламыз, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистральді жолының қайта салынуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы іске асырыла бастағандығын естеріңізге саламыз. Шын мағынасында еліміздің көшбасшысы арада бес ғасыр өткен соң «Ұлы Жібек жолы» идеясын қалпына келтіруді ұсынған болатын. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдарға қол қойылып, жобаны іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Қазақстан үшін бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстік және батыс өңірлерінің арасындағы сенімді көлік байланысын орнату үшін де тартымдылығымен ерекшеленеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең шапшаң және төте жолы екендігін еске салған абзал. Бұл аралықты темір жол немесе теңіз арқылы өту үшін 15 және 45 күн қажет болса, аталмыш автодәліз арқылы 10 күн ғана жеткілікті. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің ұзындығы 2 787 км, оның 2 452 км қайта салуды қажет етеді. Қазіргі күні бұл жұмыс төрт облыс аумағында жүргізілуде. Олар Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Құрылыс жұмыстары 1 621 км бойында 34 учаскені қамтыған. Бүгінгі таңға «Қарабұтақ Ырғыз –Қызылорда облысының шекарасы» учаскесінің 215 км жолы пайдалануға берілді. Биылғы жылы 800 км жолда қозғалыс ашылды. Қазақстан учаскенің құрылысын аяқтау мен пайдалануға бері 2015 жылға жоспарланған. Ақпараттық шеру командасының құрамы: Карл Байпаков, ғалым-археолог, тарих ғылымының докторы профессор; Бақытжан Мұртазин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР құрметті жолшысы, Жанна Орынбасарова, әнші Толқын Забирова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Сабина Дүйсекеева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТҰ азаматтық қатысу бағдарламасының директоры, Мейіржан Жиенәлі, «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі, Ринат Малцагов, әнші, актер Әсел Сәдуақасова, актриса, Иван Тулинов, «Евразия» Бірінші арнасының» тілшісі, Алмас Кішкенбаев, әнші, Тимур Сержанов, радиожүргізуші, Александр Мелентьев, блогер. BNews.kz
29.12.2012 09:04 3050

Бүгін сағат 12.50-де «Еуразия» Бірінші арнасынан» Қазақстанның жолдарында үш күндік сапарда болған қазақстандық әртістер, блогерлер мен журналистердің басынан кешкен қызықты оқиғаларын тамашалаңыздар. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

12 адамнан құралған команда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда мен Алматы арасындағы 1000 шақырымнан астам қазақстандық бөлігін үш күннің ішінде жүріп өтті. Олар асфальт пен цемент-бетонның қалай төселетіндігін өз көздерімен көріп, құрылыстағы жаңа технологиялардың бар артықшылықтарымен танысып, құрылыс нысандарын, зауыттар мен лабораторияларды аралап, тіптен жол төсемінің мықтылығын сынақтан өткізуге қатысты. 

Олардың жол бойғы бастарынан кешкендері, өздерінің қоса қатысқан сынақтары, олардың алған әсерлері мен сезім шалқуларының барлығы «Болашақтың жолы» атты деректі фильмге енді.

Естеріңізге саламыз, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистральді жолының қайта салынуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы іске асырыла бастағандығын естеріңізге саламыз. Шын мағынасында еліміздің көшбасшысы арада бес ғасыр өткен соң «Ұлы Жібек жолы» идеясын қалпына келтіруді ұсынған болатын. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдарға қол қойылып, жобаны іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстан үшін бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстік және батыс өңірлерінің арасындағы сенімді көлік байланысын орнату үшін де тартымдылығымен ерекшеленеді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең шапшаң және төте жолы екендігін еске салған абзал. Бұл аралықты темір жол немесе теңіз арқылы өту үшін 15 және 45 күн қажет болса, аталмыш автодәліз арқылы 10 күн ғана жеткілікті.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің ұзындығы 2 787 км, оның 2 452 км қайта салуды қажет етеді. Қазіргі күні бұл жұмыс төрт облыс аумағында жүргізілуде. Олар Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Құрылыс жұмыстары 1 621 км бойында 34 учаскені қамтыған. Бүгінгі таңға «Қарабұтақ Ырғыз –Қызылорда облысының шекарасы» учаскесінің 215 км жолы пайдалануға берілді. Биылғы жылы 800 км жолда қозғалыс ашылды. Қазақстан учаскенің құрылысын аяқтау мен пайдалануға бері 2015 жылға жоспарланған.

Ақпараттық шеру командасының құрамы: Карл Байпаков, ғалым-археолог, тарих ғылымының докторы профессор; Бақытжан Мұртазин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР құрметті жолшысы, Жанна Орынбасарова, әнші Толқын Забирова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Сабина Дүйсекеева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТҰ азаматтық қатысу бағдарламасының директоры, Мейіржан Жиенәлі, «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі, Ринат Малцагов, әнші, актер Әсел Сәдуақасова, актриса, Иван Тулинов, «Евразия» Бірінші арнасының» тілшісі, Алмас Кішкенбаев, әнші, Тимур Сержанов, радиожүргізуші, Александр Мелентьев, блогер.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға