Жаңалықтар

Елбасы қазақстандық телеарна журналистерімен сұхбаттасты

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. BNews.kz Мемлекет басшысының журналистердің сұрақтарына жауап берген толық сұхбатын назарларыңызға ұсынады.  Арман Сейітмамыт, «24 KZ» телеарнасы: – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің шақыруымызды қабыл алып, сұрақтарымызға жауап қайтаруға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Жуырда ғана Сіз өзіңіздің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауыңызда 2050 жылға дейінгі ел дамуының стратегиясын ұсындыңыз. Қазіргі уақытта бұл Жолдау ел арасында қызу қолдау табуда. Сарапшылар тарапынан да жан-жақты талқылануда. Жалпы, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының идеясы қалайша туындады? – Біз 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама қабылдадық. Содан бері 15 жыл өтті. «Сол 15 жылда не істелді?» деп қорытындысын жасайтын кез келгенде осы идея туындады. Алайда стратегия бір жылда, бір айда, бір күнде жасалмайтыны белгілі. Ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу үшін әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі жағдайын сараптау керек. Экономикамыздың қандай қуаты бар? Біз қандай өнім шығаруымыз керек? Халықтың жағдайы қалай? Міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестері қандай болуы қажеттігін ой елегінен өткізуге тура келді. Бұған әр сала бойынша шетелдік және өзіміздің мамандар, үкімет мүшелері, әр министрліктің сарапшылары атсалысады. Қоғамның дамуын бағдарлайтын үлкен материал жиналғаннан кейін барып стратегиялық бағдарлама даярланады. Әрине, алғашқыда түрлі сұрақтар туындайды. Қазір бұл стратегия халықтың арасында кеңінен насихатталуда, елге түсіндірілуде. Біріншіден, мұның жаңалық болатын себебі – 2030 жылға дейін белгіленген мақсаттардың көпшілігін біз орындадық. Екіншіден, «мұндай ұзақ мерзімді бағдарлама неге керек?» дегенге келейік. Өткен жолы айтып өткенімдей, барлық мемлекеттер, мысалы, АҚШ-та, Еуропалық Одақта, Қытайда және басқа да елдерде осындай ұзақ мерзімді бағдарлама жасалады. Себебі, ел, мемлекет, халық қайда баратынын білу керек. Үшіншіден, біз жас елміз. Біздің халқымыздың орташа жасы 30-дың төңірегінде. Сондықтан жастарға бұрынғы тарихты айтудың қажеті жоқ. Мұның барлығын олар оқып, біледі. Жастар келешекте не болатынын, Қазақстан қалай дамитынын білгісі келеді. «Біз қайда боламыз, қандай жұмыс істейміз, ертеңгі күніміз не болады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін осындай ұзақ мерзімдегі бағдарламаны жасау қажет деп ұйғардым. Бұл жолғы ең басты жаңалық – мемлекеттің жаңа саяси бағытын анықтағанымыз деп білемін. Тәуелсіздіктің 21 жылында Қазақстан жаңа елге айналды. Біз бүгінде басқа мемлекетпіз, бізде басқа буын өсіп шықты. Біз қалыптасқан мемлекет ретінде, енді, бұрын болмаған, индустрияландыру және инновацияларды дамыту жолымен жүріп келеміз. Осы жаңа сәттердің бәрін біз ескеруге тиіс болдық. Әр кезде де былай болып шығады, мен жаңа идеялар ұсынғанда: алдымен сенбестік, одан соң сын басталады, содан кейін бәрі қолдайды. Көп жағдайларда осылай болды. Мен стратегия қажет деп санаймын. Үкіметте, мемлекетте біздің қай жаққа қозғалатынымыз жөнінде бағдар болады. Сондықтан адамдардың түсінгені, әсіресе жастардың осылардың олар үшін, Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқанын түйсінгені өте маңызды. Біз неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына енетін мемлекет құру ниетіндеміз. Демек, сол елдер сияқты өмір сүретін боламыз. Ольга Цой, «Хабар» агенттігі: – Сіз мемлекеттік әлеуметтік стандарттың айтарлықтай кеңейтілетінін айттыңыз. Яғни көмекті оған мұқтаж адамдар алатын болады. Сонымен бірге «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалада Сіз жұмыс істеп еңбек ақы табу қажеттігі туралы айттыңыз. Әлеуметтік әділеттілік пен масылдық арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады? – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетте ақша болған жоқ, экономика төмен табыс әкелді, сондықтан біз қандай да бір стандарттар туралы мүлде айта алған жоқпыз. Қазір біздің экономикамыздың даму деңгейі әлеуметтік стандарттарды, яғни адам қалыпты өмір үшін ие болуы тиіс қаржылар көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Біз көмектесіп жатқан табыстары төмен адамдар бар. Мемлекет өз қаржылары есебінен нағыз мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуі тиіс. Олар қандай категориялар? Біріншіден, зейнеткерлер – олар өз елі үшін еңбек етті, сондықтан біз оларға зейнетақы төлеуге тиіспіз. Екіншіден, мүгедектер. Олардың мүгедек болғандары үшін олар кінәлі емес. Біз оларға кез келген жолмен қолдау көрсетуге тиіспіз. Мүмкіндігінше өз бағаларын өсірулері үшін аздап еңбекақы табу мүмкіндігін беру қажет. Сондықтан батыс елдерінің тәсілі бойынша мен біздің компанияларға ондай адамдар үшін жұмыс беруді ұсындым. Және әрине біз балаларға көмектесеміз. Адамның дені сау, аяқ-қолы бүтін, жұмыс істей алады, бірақ масыл болғысы келетін жағдай мүлде басқа. Оған жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы алса жеткілікті. Ол аштан өлмейді, оған нанға емес, ішімдікке де жетіп жатады. Оған басқа ештеңе керек емес. Мұндай адам бұл қаржыны оған жұмыс істейтін және мемлекетке салықтар төлейтін өзінің айналасындағы адамдардың төлеп жатқанын түсінуі керек. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – адамға қолдау көрсету және оның еңбекақы табуына жағдай жасау. Былайша айтқанда, балық емес, оны аулауды, яғни жұмыс істеуді үйрету керек. Адамға бұдан басқа не керек? Мен қолда бар мүмкіндіктерді жастар пайдалануға тиіс деп ойлаймын. Бүгінде Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы жоқ, оның деңгейі небәрі 5 процентті ғана құрайды. Еуропаның көптеген мемлекеттерінде жұмыссыздық 20 процентке жетіп отыр. Мәселе адамдардың біліктілік алуында. Сен бірінші класты дәнекерлеуші, тас қалаушы, жүргізуші, компьютерші, аспаз болуың керек. Сондықтан масылдыққа жол бермеу туралы айта отырып, біз «белдікті қыса түсу» керек дегенді білдірмейміз. Мәселе адамдардың жұмыс істеуіне түрткі болу жөнінде көтеріліп отыр. Жұмыссыздық туралы жәрдемақыны адам тек бір мезгілде оқып, жаңа мамандық игеріп жатса ғана алуы тиіс. Ольга Цой, «Хабар» агенттігі: – Нұрсұлтан Әбішұлы, өз сөздеріңізде Сіз экономикалық прагматизм туралы өте жиі айтасыз. Ол біздің үнемдеу режіміне еніп келе жатқанымызды білдіре ме? – Прагматизм туралы айта отырып, мен біз не істесек те, мемлекет ақшасы босқа шығындалмауы тиіс дегенді айтамын. Мен Жолдауда Қазақстанды корпорацияны басқарғандай басқару керек деп атап көрсеттім. Егер біз миллион теңге салсақ, біз ең болмағанда миллион жүз мың табыс табуға тиіспіз. Егер біз милллион салып, ештеңе алмасақ, мен мұны қаржыны прагматикалық пайдалану емес деп есептеймін. Бұл экономикалық тұрғыдан алғанда. Прагматикалық көзқарас мемлекет ақшаларын адамдардың әлеуметтік мұқтаждарына жұмсауға да қатысты. Елде бай адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай. Бизнесмендер өзгелердің жұмыспен қамтылуы үшін жағдайлар жасап, еңсе тіктеуіне көмектесіп, оларға еңбекақы төлеуі керек. Прагматизм мемлекетті үнемді басқару дегенді білдіреді. Мемлекет ақша тауып, оны ұқыпты жұмсауы керек. Егер біз жаңа жабдықтар сатып алсақ, бізде болып жүргендей емес, ең арзанын және ең сапалысын алатындай етіп конкурс ұйымдастыру қажет. Бізде әр тиынға бақылау болуы керек. Әркім де осылай өмір сүруі тиіс. Сіздер дүкенге сауда жасауға келгенде, қалталарыңызда қанша бар екенін есте ұстайсыздар ғой. Неліктен мемлекет ойсыз жұмсауы тиіс? Бәрінде де есеп болуы керек. Прагматикалық көзқарас барлық жерде, экономикада және халықаралық қатынастарда талап етіледі. Біздің мүдделеріміз бар мемлекеттерде біздің ең күшті елшіліктеріміз болуы керек, сол жерде біз жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл ретте, айталық, мемлекет мүддесі көлік маршруттарында делік. Біз қандай инновациялар алсақ, назарды да сонда аудару қажет. Прагматизм – шаруашылықты ұқыпты жүргізу, халық ақшаларын үнемдеу, оларды адамдар игілігіне пайдалану дегенді білдіреді. Оксана Лоскутова, «Астана» телеарнасы: – 2012 жыл маңызды оқиғаларға толы, жеңісті жыл болды. Жыл соңында ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада өтетіні туралы тағы бір жақсы хабар келді. Жалпы, ЭКСПО көрмесі қарапайым халыққа не береді және бұл жобадан барынша тиімді пайда табу үшін Қазақстан не істеуі керек? – Дұрыс айтасың. 160 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бізге мемлекеттің мүмкіндігін көрсету керек болды. Сондықтан біз жаңа экономикаға негізделген жаңа энергия тақырыбын таңдап алдық. Бұл оңай тақырып емес. Сол арқылы біз жеңіске жеттік. 1851 жылдан бері өтіп келе жатқан тарихы бай көрмені шамамен 43 ел қабылдаған. Біз бұл тізімде 45-ші ел болатын шығармыз. Бұл көрменің маңызы өте үлкен. Біріншіден, бұл – Қазақстанға деген дүние жүзі мемлекеттерінің зор сенімі. Қазақстанның дүние жүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі. Бізге барлық дерлік мемлекеттер дауыс берді. Екіншіден, әлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. Үшіншіден, бұл шараға қатысу үшін елімізге 5 миллионнан астам қонақ келеді. Біздің бизнес осының есебінен мол қаржы табады. Кейде «ЭКСПО-ны өткіземіз деп мемлекеттің қаржысын жұмсаймыз, ал одан қандай пайда түседі?» деген пікір де айтылып қалады. Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде Германия өзінің павильонын 35 миллион долларға салды. Ал есептей келгенде бұл ел 350 миллион доллар пайда тапты. Біз де өз павильонымызды саламыз. Басқа мемлекеттер де өздерінің жетістіктерін көрсету үшін солай істейді. Бұл жерде біздің құрылысшыларымыз жұмыс істейтін болады. Олар жалақы алады, мемлекетке салық төлейді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын жасайтын зауыттар жұмыс жүргізеді. Жүздеген мекемелеріміз осы мақсатқа жұмыс істейді. Содан соң туризм дамиды. Қазақстанға мұнша көп адам келгеннен кейін біз оларға тек Астананы ғана көрсетіп қоймаймыз, меймандарды Қазақстанның басқа облыстарына да жібереміз. Олар еліміздің ең көрікті жерлерін аралап, сенімін орнықтыра түседі. Ең негізгі мәселе – бүгінгі ең үздік технологияны көрсету. Кеше ғана күн сәулесінен, желдің күшінен қуат алатын зауыт ашқанымызды көрдіңіздер ғой. Болашақтың энергиясы дегеніміз осы. Бүкіл Америка Құрама Штаттары, Еуропа қазір осы мәселемен шұғылданып жатыр. Мысалы, Германияда энергияның 18 пайызы осындай көздерден алынады. Қазір Солтүстік Африкада күннен қуат алатын модульдер жасалып, содан Еуропаға электр энергиясын әкелу ойластырылып жатыр. Бұл орасан зор жоба. Сахара шөлінде Жерорта теңізі түбімен жеткізіліп, Еуропаны электр қуатымен қамтамасыз ететін күн модульдері салынатын болады. Біз осындай энергия көздерін құру үшін бұл тәжірибемен таныса аламыз. Біздің ғалымдарымыз, біздің ЖОО-лар болашақтың энергиясы не екенін өз көздерімен көреді. Біз павильондарды көрме аяқталған соң оларды халық үшін пайдаланатындай етіп саламыз. Бәлкім, оның қабырғалары көп қабатты тұрғын үйді құрайтын павильон болуы да мүмкін. Үлкен күмбез астында көрме өтіп, ол аяқталған соң бізге тұрғын үй қалады. Мен шатыры бар қала салуды армандаймын. Мүмкін бұл жобаны біз «ЭКСПО» шеңберінде жүзеге асырармыз. Шатыр астында қала болып, онда адамдар жазда және қысқы аяздарда жақсы жағдайларда өмір сүре алатын болады. Диаметрі 200 метр болатын шеңберді көз алдарыңызға елестетіңіздер. Осы шеңберде бәрі болады: мектептер, ауруханалар, театрлар, дүкендер, шаштараздар, үйлер, ресторандар, кафелер. Автомашиналар болмайды, тек каналдар бойынша ғана қозғалуға болады. Балалар пальто кимей-ақ 30 градустық аязда оқуға бара алады. Осындай «шеңберге» кейін басқа да «шеңберлер» жалғасады, сөйтіп нәтижесінде 10-15 мың халыққа арналған қала салып шығуға болады. Айтқандай, «Хан Шатыр» – осындай идеяға жақындау, оның алғашқы сатысы. Сондықтан ЭКСПО көрмесі барлық аспектілер жағынан тиімді болады деп ойлаймын. 100-ден астам мемлекеттің өкілдері елімізде болып, миллиондаған адамдар келеді. Бұл біздің өзімізді де алға басуға итермелейді. Біз, бастамашы ретінде, өз жетістіктерімізді көрсетуге тиіспіз: күн модульдері, жел электр стансалары құрылысы, тау өзендерінің қуатын пайдалану. Бізде жер асты энергиясын пайдалану тәжірибесі қазірдің өзінде бар, өйткені жердің кіндігіне неғұрлым жақындаған сайын соғұрлым ыстығырақ бола түспек. Сіздерге тереңдігі бір шақырым болатын шахтаға түсудің реті келді ме? Мен түстім. Онда температура әркезде де 45 градус. Міне, осы жер үсті мен оның қойнауларының температурасының айырмашылығын энергия ала отырып пайдалануға болады. Шығыс Қазақстан университеті тиісті қондырғыны ойлап тапты. Қарағандыда да осындай тәжірибе бар. Оның барлығының пайдасын кейін көреміз. Сондықтан қазірден бастап-ақ біздің ғалымдар университеттерде, басқа да оқу орындарында өздерінің жаңалықтарын көрсетіп қалуға тырысуы керек. Ярослав Красиенко, КТК телеарнасы: – Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ жұрттың бәрінің аузында жүр, ол түсінікті де, өйткені интеграция принципті жаңа деңгейге шығып отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мүддесіне қалай әсер етеді? – Интеграциялық мәселе өте маңызды. Бүгінде оны уақыт талабы деуге болады. Сән емес, уақыт сұранысы. Сіздер қараңыздар, бүкіл әлемде интеграциялық үдерістер жүріп жатыр. Солтүстік Америкада NAFTA шеңберіндегі интеграциялық үдеріс – Канада, АҚШ және Мексика көптен бері «үшеу» болып жұмыс істеуде. Оңтүстік Америкада – Анды қауымдастығы, сол сияқты Mercosur да бар, Оңтүстік-Шығыс Азияда – ASEAN, Парсы шығанағы елдерінің бірлестігі бар. Жаһандық әлемде бірде-бір мемлекет, тіпті ең үлкенінің өзі, өздігінен, өз өндірісі есебінен ғана өзін-өзі қамтамасыз етіп, тұрақты дами алмайды. Интеграциялық үдерістер былайша дамиды. Алдымен емін-еркін сауда жасау үшін еркін сауда аймағы құрылады. Одан соң Кеден одағы, кейін Біртұтас экономикалық кеңістік құрылады – шекаралар ашық, адамдар еркін сауда жасасуда, тауарлар өтіп, капитал қозғалуда. Одан әрі интеграцияның жоғары пішіні ретінде Біртұтас экономикалық одақ құрылады. Оған мысал – Еуропалық Одақ. Еуропа елдері бұған 1950 жылдардан бастап, 60 жыл дерлік жүріп жетті. Біз бұл жолға жақында ғана түстік. Сіздер, іс жүзінде, посткеңестік кеңістегі барлық ықпалдастық үдерістерінің бастамашысы мен екенімді білуге тиіссіздер. Сондықтан оны бізге таңып жатқан жоқ, біз өзгелерге таңып келеміз! Біз неге олай жасап отырмыз? Қазақстанда, оның әлемде аумағының көлемі жағынан тоғызыншы орын алатынына қарамастан, тұратын халық салыстырмалы түрде көп емес, тиісінше, экономика да бізде үлкен емес. Бірақ біз 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының 200 миллиард доллардан асатын көлемімен әлемнің ең дамыған 50 еліне қосылатынын мақтан тұтуға тиіспіз. Соңғы жылдары біз 7 пайыздық өсім қарқынымен дамып келеміз. Бүгінде біз Қазақстанның ішкі мұқтаждарын тауарлы өнімдердің тең қатарымен қамтамасыз етудеміз, бірақ біз бәрін бірдей өндіре алмаймыз, қайткенде де сатып алуға тура келеді. Мәселен, автомобильдерді біз сатып алдық. Тек жақында ғана шығаруды бастадық. Ұшақтарды – сатып алдық. Басқа да кейбір тауарларды, тіпті киімді де сатып аламыз. Бірде-бір мемлекет бәрін бірдей өзі шығара алмайды. Біздің оны ешқашан немістер жасағандай сапалы жасай алмайтынымызды, және олар бәсекеге қабілетті де бола алмайтынын білгенде, Қазақстанда «мерседестер» шығару қажет пе? Егер оларды бұрыннан бері шығарып келе жатқан «Боинг» және «Эйрбас» барда, ұшақтар шығару қалай? Бізге сатып алған жеңілірек. Өзге неғұрлым ұсақ тауарлар бойынша да осылай. Өндірілген өнімдермен тауар алмасу дегеніміз интеграция болып табылады және ол алға басуда. Сен ішкі рынокты тауарлармен толықтырып, одан әрі өскің келсе – ал 200 миллиард біз үшін шек емес, біз 300 және 400 миллиардқа да өндіруіміз керек – бұл өнімді қайда сату керек деген мәселе туындайды? Осы жерде интеграция өз күшіне енеді. Егер өзге мемлекеттермен рынок ашық болса – біз ол тауарларды сата аламыз. Егер сатсақ кәсіпорындар оларды шығарып жатыр деген сөз, тиісінше оларда адамдар жұмыс істеп, еңбекақы алуда, мемлекетке салықтар төленуде. Яғни интеграция экономиканың толық кеудемен тыныс алуын білдіреді. Кеден одағы жұмыс істеген небәрі біржарым жылда Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өсті. Яғни, біз осынша өнімді артық шығардық, осынша адам жұмыс істеді, еңбекақы алып, мемлекет бюджетіне салықтар түсті. Кеден одағы тиімді жұмыс істеуде. Келесі саты, біз осы жылдың басында хабарлағандай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру. Бірақ барлық позициялар келісілгенде ғана бұл интеграциялық бірлестіктен толық қайтарым болады. Біз қазірдің өзінде де 17 құжатты қабылдадық, тағы 52-сін бекіту қажет. Тек сонда ғана біздің үш мемлекеттің территориясы сауда үшін, тиімді экономикалық өзара байланыстар үшін ашық болады. Әрине, интеграциядан тек пайда ғана емес, сонымен бірге тәуекел де бар. Егер ресейлік тауарлар жақсы және арзан болса – біздің адамдар оны сатып алады. Адам үшін ол неғұрлым тиімдірек, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) принципі де осында. Әркім де арзанырақ және сапасы жақсы тауарды алғысы келеді. Сондықтан бізге біздің тауарларымыздың өзгелердікінен нашар болмауына ұмтылуымыз қажет. Егер біз бұл жерде бәсекелестікке төтеп бере алмасақ, онда біз өз тауарымызбен Еуропада не істей аламыз? Біздің интеграцияның келесі пайдасы сонда, біз посткеңестік кеңістік шеңберінде даму үшін стимул алдық. Белорус машиналары ЕО-ға қажет емес, онда сапа жағынан әлдеқайда жақсы америкалық және оңтүстіккореялық техника бар. Мен Украинаның бүкіл металлургия өнімдерін – швеллерлер, бұрыштар, профильдер өндіретінін білемін. Бұлардың бәрі бізде сатылатын, ал Еуропа өздерінікін қайда жіберерін білмей жатыр. Біздің – қазақстандық, ресейлік тауарлар да дәл солай. Біздің де әзірге бәрін сыртқы рынокта сатуға жағдайымыз жоқ. Біз не істей аламыз? Бүкіл әлемге астық, металл, мұнай, газ сатамыз. Ал бұйымдар, тауарлар қайда? Неліктен біз жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығын тапсырамыз? Біз өз өнімдеріміздің сапасын көтергіміз келеді. Мен бір жолы тіпті конкурсқа қатысушыларды сынадым да – олар бұл тауарларды Францияда немесе Германияда сата ала ма? Бұдан әрі не болары баршаны да алаңдатады. Үлкен үдерістердің басталуы жиі-жиі сын, сенімсіздік туындатады. Ал бәрі жұмыс істей бастаған кезде жеңістің әкелері көп, ал жеңіліс – жетім деген қағидат іске қосылады. Мен жекешелендіру туралы хабарлағанда да осылай болды. Бәрі «Қазақстан сатылып жатыр!» деп айқайлады. Ал жекешелендірусіз біздің елімізге қалайша қаржы тартуға болар еді? Нәтижесінде бүгінде 170 миллиард доллар инвестиция тартылды. Астананы көшіруге байланысты да осындай оқиға болды: «Халық ақшасыз отыр, ал ол астананы көшіруде». Ал қазір, менің ойымша, бізде осындай тамаша елорданың болуына ешкім де қарсы емес. Мен АӨШСК құру туралы бастама көтергенде де, ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге құлаш сермегенде де осылай болды: «Бізге ЕҚЫҰ қайда, мұнда кім келеді? Қазақстан ондайды өткізе ала ма?». Дегенмен біз оны тамаша жүзеге асыра білдік. Дәл сол сияқты, сынға қарамастан Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасады және біздің пайдамызға жұмыс істейтін болады. Бұл Қазақстан үшін бұл ыңғайлы. Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ. Оған қайтып айналғысы келгендер шынайы жағдайды түсінбейді, өйткені ол мүмкін емес. Қайта айналу нүктесінен әлдеқашан өтіп кеттік. Бүгінде біз біздің жаңа бірлестігіміз тең құқылы өзара тиімді одақ болып, оған консенсус негізінде басшылық жасалуы тиіс дегенді айтудамыз. Үш мемлекет шешім қабылдайды. Егер бір ел қарсы болса – шешім қабылданбайды. Яғни, әркімнің мүддесі толық сақталған. Саяси егемендікке ешқандай қолсұғушылық жоқ. Иә, экономикалық мәселелердің бір бөлігін біз құрылған ұлтүстілік экономикалық органға береміз. Бірақ біз барлық үш мемлекеттен де егемендікке ие боламыз, яғни, Ресей мен Беларусь мәселелерін шешуге атсалысамыз. Дәл сол сияқты Беларусь Қазақстан мен Ресей мәселелерін шешуге атсалысады. Ресейге қатысты да дәл сол принцип. Демек, кеден мәселелеріне қатысты экономикалық мәселелердің бір бөлігін бере отырып, біз халқы 170 миллион адамды құрайтын зор кеңістіктегі ортақ егемендікке ие боламыз. Мен, мәселен, қазір Еуропалық Одақта Кеден одағымен келісім жасасу керек деген дауыстар шығып жатыр дегенді естимін. Вьетнам Кеден одағымен әріптестікке өтініш берді. Жақында мен белгілі ағылшын саясаткерінің сөйлеген сөзін оқыдым, ол Еуропалық Одаққа Кеден одағымен ынтымақтастықта болуды бастайтын кез келді дейді. Мейіржан Жиенәлиев, «Қазақстан» ұлттық арнасы: – Сіздің Жолдауыңыздан кейін қазақ қоғамына кеңінен қозғау салған тақырып – ауыл әкімдерін сайлау мәселесі. Біздің телеарнаға хабарласатын көрермендер «тамыр-таныстарының көмегімен келген аудан немесе ауыл әкімдері жұмыстарына салғырт қарайды, жаттанды есеп береді» деп шағым айтады. Сіз «Әкім халыққа үнемі жақын болуға, елдің мұң-мұқтажын бес саусақтай білуге тиіс» деп шегелеп отырасыз. Сіздің пікіріңізше, ауыл әкімдерін сайлаудың біздің қоғам үшін қандай тиімділігі бар және маңыздылығы қандай? – Жергілікті өзін өзі басқару жүйесі өте маңызды. Әр ел өз мүмкіндігіне сай шешеді, дегенмен ешбір мемлекет осы мәселені толық шешкен жоқ. Менің ойымша, жергілікті мәселелерді халықтың өзі қатысып шешуі керек. Ол үшін әкімнің құқығы болу керек, әкімнің тағайындалуына халықтың қатысуы болуға тиіс. Ал әкім халық алдында есеп беруі керек. Мысалы, ауданның халқы аудандық мәслихатты сайлайды, ал мәслихат депутаттары келісіп әкімді сайлайды. Біз тәжірибе аламыз деп әкімдерді тікелей сайлауға көшіп едік. Біраз қиыншылықтар болды, әрқайсысы өзіне тартып, бірлік таныта алған жоқ. Сол себептен енді аудандық мәслихаттар әкімдерді сайлайтын болса, бизнестен түсетін қаражатты жергілікті органдарда қалдырсақ, оны мәслихаттың комиссиясы қарап отыратын болса, әкімдер ауылдардың өз мәселелерін – көпір, монша салу, мектеп жөндеу, мүгедектерге көмек көрсету және тағы басқа мәселелерді елмен бірге шешетін болса – сонда халықтың өзі сол жұмысқа кірісіп отырады. Қазір баяғы заман емес қой – қазір бәрі жеке меншікте. Кейбір азаматтар пәтерлері жеке меншік болса да, «үйімізді мемлекет жөндеп береді» деп күтіп отырады. Бұл дұрыс емес. Сол баяғы сарын. Қазір біз ескірген үйлерді жөндеуге кірістік. Ауыз су мен жылу, газ бен электр қуатын сіздерге мемлекет әкеліп берді. Ал үйді жөндеу үшін азаматтар өздері 30 пайызын төлесе, қалған 70 пайызын мемлекет несие ретінде береді. Сонда да кейбір азаматтар «мемлекет барлығын жасап берсін» деп отырады. Осындай жақсылықты ешбір мемлекет жасап отырған жоқ. Мұны түсіну ушін уақыт керек. Келесі буын бұл жағдайды түсінеді деп ойлаймын. Әр адам өз мәселесін өзі әрекет жасап шешуге тиіс. Өзін өзі басқару мәселесі мұнымен тоқталмайды. Әрі қарай әр ауылдың, әр ауданның өзінің шағын бюджеті болады. Сонда ғана мәселелерді шешу үшін мүмкіндіктері болады. Бұл жұмысты тиімді өткізіп, болашақта аудан, облыс әкімдерін жалпылама сайлау арқылы тағайындауға болатын шығар. Бірақ біз бұған асықпауымыз қажет. Арман Сейтмамыт, «24 KZ» телеарнасы: – Нұрсұлтан Әбішұлы, биыл еліміз жаңа мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Біз бұл Сіздің емес, Парламент депутаттарының бастамасы екенін білеміз. Дей тұрсақ та, Сіздің жеке пікіріңізді білгіміз келеді. Сіз қалай ойлайсыз, оны тойлау дәстүрін қалыптастырудың сәті түсті ме? –  Мен мұндай бастамаға қарсы болдым. Дегенмен, әлемде мұндай жәйттер бар – АҚШ-та Президенттер күнін атап өтеді. Бұл мереке бірінші президент Джорд Вашингтонның құрметіне белгіленген. Бірақ бізде, әдеттегідей, бұрмалау орын алады. Бұл Назарбаевтың жеке мерекесі емес қой. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет дамудың жаңа жолын – президенттік басқаруды таңдады. Бұл жүйе бүкілхалықтық референдумда белгіленді. Және 1991 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан президенттік вертикальдың арқасында ел табысқа қол жеткізді. Мерекені де дәл осы қырынан атап өту қажет. Осыған байланысты мен бізде өткеннің жақсыатты болу дағдыларының әлі де қалғанын: жағалай Президент портреттерін ілудің бар екенін айтпақпын. Бұл бойынша мен елеулі ескертулер де жасадым. Иә, әлемде мұндай бар. Бірақ менің фотосуреттерім, егер мен қатты ұнайтын болсам, жұмыс үстелінде немесе үйде, шенеуніктер кабинеттерінде белгіленген көлемде тұрсын. Онымен әуестенудің қажеті жоқ, біз мұнан әлдеқашан өткенбіз! Сондай-ақ маған атыма түрлі көшелердің, қалалардың, басқа да нысандардың атын беру туралы ұсыныстар тұрақты түсіп тұрады, бірақ мен онымен ылғи күресіп келемін. Бір ғана нәрсе – осы ізгі істі қолдау, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі ету мақсатында атыммен университетті және зияткерлік мектептерді атауға келісімімді бердім. Бұдан басқа мен ешкімге атымды пайдалануға, сондай-ақ алаңдарда портретімді орналастыруға рұқсат еткен емеспін. Өйткені, бұл тек сайлау науқаны жүріп жатқан кезде ғана жол берілетін жәйт. Осы сұхбатты пайдалана отырып, мен барлық әкімдерге осындай істерде белгілі бір өлшем болуы керектігін ескертемін. Мен бұл пайдасынан зияны артық «көмек» тікелей маған көрсетіліп отыр деп санаймын. Яғни, мені жақсы көргендіктен емес. Бірақ бұлай істейтін әкімдер кесірін тигізеді ғой. Сондықтан бұл мәселе бойынша сабыр сақтауды өтінемін. Тұңғыш Президент күні – жақсы мереке. Бірақ оны Қазақстан дамуы тарихының жаңа дәуірі – бүгінде тиімділігін халық көріп отырған президенттік басқаруға көшу күні ретінде атап өту керек. Біздің индустриямыз, табысты мемлекетіміз, Қазақстанның беделі – осының барлығы біз құрған президенттік республиканың нәтижесінде мүмкін болды. Мен аталған мейрамның осы тұрғыда тойланғанын қалаймын. Болат Мүсәлім, 31 телеарна: – Нұрсұлтан Әбішұлы, биылғы Жолдауыңызда 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіру мәселесін айттыңыз. Бұл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып жатыр. – Қолдау ма, әлде сын ба? – Қолдау! Оның себебін әркім түсінеді. Кез келген ұялы телефонда болсын, компьютерде болсын, мынадай ақпарат тасқындаған заманда латын қарпіне көшу – әлемдік интеллектуалдық ортаға кірігудің бір жолы. Біздің еліміздің бұл мәселеде тарихи тәжірибесі бар. Байтұрсыновтың заманында да әліпби ауыстыру мәселесі қойылған. Көрші елдердегі және әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, бұл шараны неден бастау керек және оны қалай жалғастыру керек? – Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын. Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүние жүзі елдерінің 80 %-ы латын қарпін қолданады. Ойлап қараңыз, бүкіл Солтүстік, Оңтүстік Америка, Жерорта теңізі мен Ақ теңіздің төңірегінде тұратын халықтар, Африка, Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттердің барлығы латын қарпін қолданады. Екіншіден, қазіргі заманның, техниканың, білімнің, ғылымның тілі латын тілінен бастау алып, өмірде қолданылып жатыр. Үшіншіден, біздің жастарымыз қазір жаппай ағылшын тілін оқиды. Орта буынның барлығы да ағылшын тілін меңгеруге тырысуда. Сондықтан көшуге дайындығымыз бар. Мүмкін, 2025 жылға дейін созбайтын болармыз. Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар да кезінде латынша таңбаланған. Сондықтан қазақ тіліндегі барлық әріптер латын алфавитіне бейімделген деп санау керек. Тағы бір мәселе, латын қарпі бізге дүние жүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Алдыңғы буын ағалар, жазушылар, ғалымдар «біздің жазғанымыздың барлығы сыртта қалып қалады» деп ойламауы керек. Оның барлығы аударылатын болады. Әрине, оған уақыт керек. Төңірегіміздегі Өзбекстан да, Түркменстан да, Әзербайжан да осылай істеп жатыр. Ең алдымен, арнайы комиссия құрып, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін компьютерге бейімдеу керек. Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс. Тіпті екі-үш әріпті қосып, бір дыбыс етіп айтатын елдер де бар. Неміс тілінде «ш» дыбысын үш әріп береді, француз тілінде төрт әріппен жазылатын дыбыстар бар. Бір сөз неше әріптен тұратынын түсінбейтін кездер де болады. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, онда балаларымызға жеңіл болады, бізге және тұтастай елімізге жеңіл болады, еліміздің әлемдік экономикалық және ғылыми кеңістікке енуі жеңілдей түседі. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек. Кириллицаны қосарлана пайдалану белгілі бір уақытқа дейін жалғасатын болады. Міне, қараңыздар, қазір барлық балалар бірінші сыныптан бастап үш тілді: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқиды. Демек процесс жүріп жатыр, 15 жылдан кейін бәрі де бұл алфавитті білетін болады. Және халықтың басым бөлігі, әсіресе, бұл басқарушы элитаға қатысты, өйткені, олар сөйлеуге міндетті, ағылшын тілін білетін болады. Үкімет мүшесі немесе әкім ағылшынша білмей тұра алмайды. Мәселе қазір осылай қойылуда. Өйткені, әлемде үнқатысу негізінен осы тілде жүреді. Мемлекетаралық тауар айналымы өсіп келе жатқанын да ескерген жөн, бізде экспорт көлемі 74 миллиард доллар, импорт – 36 миллиард доллар. Біз әлемнің 80 елімен байланыс жасап, сауда-саттық жүргіземіз, саяси қарым-қатынас жасайтын мемлекеттер қатары бұдан да көп. Сондықтан латын әліпбиіне өту табиғи түрде жүреді деп санаймын. Біз осыған бейімделуіміз керек. Білімді азаматтарымыз, зиялы қауым осы мәселені насихаттап, үгіттеуге тиіс. 1929 жылға дейін бізде араб алфавиті болды. 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаландық, содан бері кириллицаны қолданып келеміз. Біздің тәжірибеміз бар. Төте жазу дедік, басқаша атадық. Сондықтан түбінде көшу керек. Кезінде Ататүрік «Түркияны Еуропаға жақындатамын» деп арабтың алфавитінен ажырап, латын қаріптерін кіргізді. Бұл саяси мүддеден туындады. Қазір түрік ағайындар соны қолданып жатыр. Мая Бекбаева, «7 арна» телекомпаниясы: – Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз, қарапайым тілмен айтқанда, «мазасыз» ырғақта өмір сүріп жұмыс істейсіз. – Тап солай. – Сіздің жұмысыңыз кілең кездесулерден, ұшулардан, сағат белдеулері мен климаттық аймақтардың өзгеруінен тұрады. Мұндай салмақты екінің бірі көтере алмаса керек. Менің қолымда Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асқан іс-шаралардың тізімдері бар. Тек бір ғана күнде, 2012 жылдың 19 желтоқсанында Ресей Федерациясына жұмыс сапарыңыз аясында Сіз бірінен соң бірі жеті кездесуге қатысыпсыз. Бұлар кеңейтілген, содан кейін шағын құрамдағы мәжілістер, ҰҚШҰ басшыларының, одан кейін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәжілістері, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің, Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілістері. Тұтастай алғанда, осының бәрі үзіліссіз 12 сағатқа созылды. Сіз осындай қарқынға қалай шыдас бересіз, осындай дәйім бабыңызда жүруіңіздің құпиясы неде? – Жылы сөзіңіз үшін рахмет. Қосарым, осындай әр кездесуге мұқият дайындалу қажет. Сендіре сөйлей білу керек. Әр әңгімеге, әсіресе, шет мемлекеттер басшыларымен әңгімеге алдын ала үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мен өз елім үшін тиімді шешім қабылданғанын қалаймын – менің сұхбаттасым да өз елі үшін соны қалайды. Барынша тиімділік әкелетін құжат дайындайсың – өтпейді. «Қалтаңда» шегініс жасайтын екінші шешім болуы тиіс. Үшінші де бар, сен одан төмен түсуге тиісті емессің. Осының бәрі талқыланады. Қорытындысында консенсусқа келесің немесе келіссөздер тоқтатылады. Тек осы жылы ғана, тұтастай алғанда, мен 700 хаттамалық кездесу өткізіп, 17 рет шетелге сапар жасадым, өзге шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға сапарлары бұдан екі есе көп болды. Бұдан бөлек, көптеген күн сайынғы кеңестер мен кездесулер ұйымдастырылды – мемлекетті басқару қажет қой. Демек, менің денсаулығымды ойлауға да мұршам бола бермейді. Және маған ол туралы ойламайтындай етіп өмір сүру керек. Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл ер адам үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта» жұмыс істеуі тиіс. Мен әрқашан жастарға спортпен шұғылдану қажеттігі туралы айтамын. Өйткені, кез келген бизнесмен – өзінше бір бөлек адам. Онның бірі ғана сондай болуға қабілетті. Бұл адамдардың ерекше бір түрі. Ол өз елінде және бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрады, ол әріптестеріне оң әсер етуі үшін келіссөз жүргізе білуі тиіс, ақылды және жігерлі болуы керек, мұндай жұмыс кезінде шаршап-шалдықпау үшін денсаулығы мықты болуы шарт. Сондықтан, әркім денсаулығын ойлағаны дұрыс. Мен кейде күлемін, маған еріп жүретін адамдар – күзет қызметіндегілер, журналистер, олардың бәрі де жас, бірақ олар кешке қарай сүрініп жығылады, ал мен ештеңені де сезбеймін, өйткені, жұмыс еліктіріп әкететіндіктен, денсаулығың туралы ойлауға мұршаң да келмейді. Меніңше, Плутархтын айтқаны болды ғой деймін: «Жалқауланып жатып өзінің денсаулығын дұрыстамақшы болатындар, үнін шығармай-ақ дауыстарын күшейтуді ойлайтындар секілді ақымақтық қадамдарға барады». Сондықтан, сандалбайлыққа салынбай, белсенді өмір сүру керек. Өмір бұлқынысы ілгері жетелеп, жұмыс еліктіруі және ауыруға уақыт қалмауы тиіс. – Сізбен сапарлас болатын журналистер Президент осының бәріне қалай шыдайды екен деп таңданыстарын білдіріп жатады... – Қазір маған жеңіл, өйткені, үлкен тәжірибе иесімін, көп нәрсені ә дегенде-ақ қағып алып жатасың. Маған құжаттың алғашқы бетіне көз жүгіртсем жеткілікті, әрі қарай не айтылатынын айнытпай білемін. Бірақ, алғашқы жылдары осы жолда күндіз-түні жұмыс істеуге тура келді. Тәуелсіздігіміздің 21 жылында басымыздан не өтпеді, қандай қиындықтарды еңсермедік! Осының бәрі мен арқылы, менің жүрегім арқылы өтті. Кәсіпорындар тоқтап, зейнетақы, еңбекақы төлейтін ақша болмады, жұмыссыздық өсті. Дүкендерде нан, шұжық болмады. Қарапайым нәрсенің өзі жоқ болды. Уақыт сондай болатын. Жұмысқа бара жатқан кезімде, әжелер жолымды бөгейтін. Парламент, депутаттар біздің не істеп жатқанымызды, жекешелендірудің, нарықтық экономиканың, жаңа қаржы жүйесінің не екенін түсінбеді. Менің күні бойы Парламентте отырып, заңның әр бабы бойынша сөз сөйлеуіме, содан кейін жұмысқа барып, президент болып түнгі сағат екіге дейін жұмыс істеуіме тура келді. Осының бәрі де бастан өтті. Қазір соңыма қарайлап ойласам – шын мәнінде Жаратқан маған осы сынақтың бәрінен лайықты өте алатындай күш-жігер мен денсаулық сыйлапты. – Денсаулығыңыз Сізді алдағы кезеңдерде де жерге қаратпайды деп үміттенеміз. Өзіңізді күтіңіз және Сіз бізге керек екеніңізді есіңізден шығармаңыз! Болат Мүрсәлім, 31 телеарна: – Нұрсұлтан Әбішұлы, тағы бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Қазір қоғамда инженерлік-техникалық мамандықтарға деген көзқарас өзгерді. Бұдан он шықты жыл бұрын жастардың бәрі заңгер, экономист болғысы келсе, енді еліміз индустриялық бағытқа бет бұрғаннан бері техникалық мамандықтарға көбірек сұраныс бар. Осыған орай мемлекет тарапынан қазір техникалық мамандықтарға гранттар көбейіп келе жатыр. Осы әлі де жалғаса бере ме? – Жалпы, мемлекет елге қандай мамандар керек екенін сараптап, есептеп отыруға тиіс. Мемлекетке заңгер де, экономист те, қаржыгер де керек. Бірақ қанша маман керек? Бас кезінде бәрі сол мамандықтарды көбірек таңдады. Саны бар, сапасы жоқ болды. Олардың басым бөлігі жұмыссыз қалды. Атырауда мұнайшылар дайындайтын бір мекеме бар. Оны колледж деп те, институт деп те атай алмайсың. Бірақ соны бір жыл оқып, бітіріп шығатындар инженер болып саналады. Бір жылдың ішінде сондағы зауыттағы қондырғылармен жұмыс істеп үйренеді. Мен сапарын кезінде олармен кездестім. Сұрастырып көрсем, олардың арасында ҚазҰУ-ді, Алматыдағы, Астанадағы университеттерді бітіріп келген жастар отыр. Себебі, бір жыл оқытумен қатар, оларға жұмыс істегені үшін жалақысын да төлеп отырады. Оқуын аяқтағаннан соң, сол жерде жұмыс орны дайын тұр. Алғашқы мамандығынан гөрі осы мамандық бойынша табысы көп болғаннан кейін сонда кетеді. Біз индустрияны қолға алып жатырмыз. Егер инженерлер болмаса, кім жұмыс істейді? Инженерлерді тек шетелде ғана емес, өзіміздегі политехникалық оқу орындарында да дайындайды. Сондай-ақ химияда, құрылыста, металлургияда,
29.12.2012 03:45 4317

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. BNews.kz Мемлекет басшысының журналистердің сұрақтарына жауап берген толық сұхбатын назарларыңызға ұсынады. 

Арман Сейітмамыт, «24 KZ» телеарнасы:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің шақыруымызды қабыл алып, сұрақтарымызға жауап қайтаруға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

Жуырда ғана Сіз өзіңіздің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауыңызда 2050 жылға дейінгі ел дамуының стратегиясын ұсындыңыз. Қазіргі уақытта бұл Жолдау ел арасында қызу қолдау табуда. Сарапшылар тарапынан да жан-жақты талқылануда. Жалпы, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының идеясы қалайша туындады?

– Біз 1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама қабылдадық. Содан бері 15 жыл өтті. «Сол 15 жылда не істелді?» деп қорытындысын жасайтын кез келгенде осы идея туындады. Алайда стратегия бір жылда, бір айда, бір күнде жасалмайтыны белгілі. Ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу үшін әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі жағдайын сараптау керек. Экономикамыздың қандай қуаты бар? Біз қандай өнім шығаруымыз керек? Халықтың жағдайы қалай? Міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестері қандай болуы қажеттігін ой елегінен өткізуге тура келді. Бұған әр сала бойынша шетелдік және өзіміздің мамандар, үкімет мүшелері, әр министрліктің сарапшылары атсалысады. Қоғамның дамуын бағдарлайтын үлкен материал жиналғаннан кейін барып стратегиялық бағдарлама даярланады.

Әрине, алғашқыда түрлі сұрақтар туындайды. Қазір бұл стратегия халықтың арасында кеңінен насихатталуда, елге түсіндірілуде.

Біріншіден, мұның жаңалық болатын себебі – 2030 жылға дейін белгіленген мақсаттардың көпшілігін біз орындадық.

Екіншіден, «мұндай ұзақ мерзімді бағдарлама неге керек?» дегенге келейік. Өткен жолы айтып өткенімдей, барлық мемлекеттер, мысалы, АҚШ-та, Еуропалық Одақта, Қытайда және басқа да елдерде осындай ұзақ мерзімді бағдарлама жасалады. Себебі, ел, мемлекет, халық қайда баратынын білу керек.

Үшіншіден, біз жас елміз. Біздің халқымыздың орташа жасы 30-дың төңірегінде. Сондықтан жастарға бұрынғы тарихты айтудың қажеті жоқ. Мұның барлығын олар оқып, біледі. Жастар келешекте не болатынын, Қазақстан қалай дамитынын білгісі келеді. «Біз қайда боламыз, қандай жұмыс істейміз, ертеңгі күніміз не болады?» деген сұрақтарға жауап беру үшін осындай ұзақ мерзімдегі бағдарламаны жасау қажет деп ұйғардым. Бұл жолғы ең басты жаңалық – мемлекеттің жаңа саяси бағытын анықтағанымыз деп білемін.

Тәуелсіздіктің 21 жылында Қазақстан жаңа елге айналды. Біз бүгінде басқа мемлекетпіз, бізде басқа буын өсіп шықты. Біз қалыптасқан мемлекет ретінде, енді, бұрын болмаған, индустрияландыру және инновацияларды дамыту жолымен жүріп келеміз. Осы жаңа сәттердің бәрін біз ескеруге тиіс болдық.

Әр кезде де былай болып шығады, мен жаңа идеялар ұсынғанда: алдымен сенбестік, одан соң сын басталады, содан кейін бәрі қолдайды. Көп жағдайларда осылай болды. Мен стратегия қажет деп санаймын. Үкіметте, мемлекетте біздің қай жаққа қозғалатынымыз жөнінде бағдар болады. Сондықтан адамдардың түсінгені, әсіресе жастардың осылардың олар үшін, Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқанын түйсінгені өте маңызды. Біз неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына енетін мемлекет құру ниетіндеміз. Демек, сол елдер сияқты өмір сүретін боламыз.

Ольга Цой, «Хабар» агенттігі:

– Сіз мемлекеттік әлеуметтік стандарттың айтарлықтай кеңейтілетінін айттыңыз. Яғни көмекті оған мұқтаж адамдар алатын болады. Сонымен бірге «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалада Сіз жұмыс істеп еңбек ақы табу қажеттігі туралы айттыңыз. Әлеуметтік әділеттілік пен масылдық арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетте ақша болған жоқ, экономика төмен табыс әкелді, сондықтан біз қандай да бір стандарттар туралы мүлде айта алған жоқпыз. Қазір біздің экономикамыздың даму деңгейі әлеуметтік стандарттарды, яғни адам қалыпты өмір үшін ие болуы тиіс қаржылар көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Біз көмектесіп жатқан табыстары төмен адамдар бар. Мемлекет өз қаржылары есебінен нағыз мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуі тиіс. Олар қандай категориялар? Біріншіден, зейнеткерлер – олар өз елі үшін еңбек етті, сондықтан біз оларға зейнетақы төлеуге тиіспіз. Екіншіден, мүгедектер. Олардың мүгедек болғандары үшін олар кінәлі емес. Біз оларға кез келген жолмен қолдау көрсетуге тиіспіз. Мүмкіндігінше өз бағаларын өсірулері үшін аздап еңбекақы табу мүмкіндігін беру қажет. Сондықтан батыс елдерінің тәсілі бойынша мен біздің компанияларға ондай адамдар үшін жұмыс беруді ұсындым. Және әрине біз балаларға көмектесеміз.

Адамның дені сау, аяқ-қолы бүтін, жұмыс істей алады, бірақ масыл болғысы келетін жағдай мүлде басқа. Оған жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы алса жеткілікті. Ол аштан өлмейді, оған нанға емес, ішімдікке де жетіп жатады. Оған басқа ештеңе керек емес. Мұндай адам бұл қаржыны оған жұмыс істейтін және мемлекетке салықтар төлейтін өзінің айналасындағы адамдардың төлеп жатқанын түсінуі керек. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – адамға қолдау көрсету және оның еңбекақы табуына жағдай жасау. Былайша айтқанда, балық емес, оны аулауды, яғни жұмыс істеуді үйрету керек.

Адамға бұдан басқа не керек? Мен қолда бар мүмкіндіктерді жастар пайдалануға тиіс деп ойлаймын.

Бүгінде Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы жоқ, оның деңгейі небәрі 5 процентті ғана құрайды. Еуропаның көптеген мемлекеттерінде жұмыссыздық 20 процентке жетіп отыр. Мәселе адамдардың біліктілік алуында. Сен бірінші класты дәнекерлеуші, тас қалаушы, жүргізуші, компьютерші, аспаз болуың керек.

Сондықтан масылдыққа жол бермеу туралы айта отырып, біз «белдікті қыса түсу» керек дегенді білдірмейміз. Мәселе адамдардың жұмыс істеуіне түрткі болу жөнінде көтеріліп отыр. Жұмыссыздық туралы жәрдемақыны адам тек бір мезгілде оқып, жаңа мамандық игеріп жатса ғана алуы тиіс.

Ольга Цой, «Хабар» агенттігі:

– Нұрсұлтан Әбішұлы, өз сөздеріңізде Сіз экономикалық прагматизм туралы өте жиі айтасыз. Ол біздің үнемдеу режіміне еніп келе жатқанымызды білдіре ме?

– Прагматизм туралы айта отырып, мен біз не істесек те, мемлекет ақшасы босқа шығындалмауы тиіс дегенді айтамын. Мен Жолдауда Қазақстанды корпорацияны басқарғандай басқару керек деп атап көрсеттім. Егер біз миллион теңге салсақ, біз ең болмағанда миллион жүз мың табыс табуға тиіспіз. Егер біз милллион салып, ештеңе алмасақ, мен мұны қаржыны прагматикалық пайдалану емес деп есептеймін. Бұл экономикалық тұрғыдан алғанда.

Прагматикалық көзқарас мемлекет ақшаларын адамдардың әлеуметтік мұқтаждарына жұмсауға да қатысты. Елде бай адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай. Бизнесмендер өзгелердің жұмыспен қамтылуы үшін жағдайлар жасап, еңсе тіктеуіне көмектесіп, оларға еңбекақы төлеуі керек.

Прагматизм мемлекетті үнемді басқару дегенді білдіреді. Мемлекет ақша тауып, оны ұқыпты жұмсауы керек. Егер біз жаңа жабдықтар сатып алсақ, бізде болып жүргендей емес, ең арзанын және ең сапалысын алатындай етіп конкурс ұйымдастыру қажет.

Бізде әр тиынға бақылау болуы керек. Әркім де осылай өмір сүруі тиіс. Сіздер дүкенге сауда жасауға келгенде, қалталарыңызда қанша бар екенін есте ұстайсыздар ғой. Неліктен мемлекет ойсыз жұмсауы тиіс? Бәрінде де есеп болуы керек. Прагматикалық көзқарас барлық жерде, экономикада және халықаралық қатынастарда талап етіледі. Біздің мүдделеріміз бар мемлекеттерде біздің ең күшті елшіліктеріміз болуы керек, сол жерде біз жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл ретте, айталық, мемлекет мүддесі көлік маршруттарында делік. Біз қандай инновациялар алсақ, назарды да сонда аудару қажет. Прагматизм – шаруашылықты ұқыпты жүргізу, халық ақшаларын үнемдеу, оларды адамдар игілігіне пайдалану дегенді білдіреді.

Оксана Лоскутова, «Астана» телеарнасы:

– 2012 жыл маңызды оқиғаларға толы, жеңісті жыл болды. Жыл соңында ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада өтетіні туралы тағы бір жақсы хабар келді. Жалпы, ЭКСПО көрмесі қарапайым халыққа не береді және бұл жобадан барынша тиімді пайда табу үшін Қазақстан не істеуі керек?

– Дұрыс айтасың. 160 мемлекеттің ішінен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алу оңай болған жоқ. Бізге мемлекеттің мүмкіндігін көрсету керек болды. Сондықтан біз жаңа экономикаға негізделген жаңа энергия тақырыбын таңдап алдық. Бұл оңай тақырып емес. Сол арқылы біз жеңіске жеттік. 1851 жылдан бері өтіп келе жатқан тарихы бай көрмені шамамен 43 ел қабылдаған. Біз бұл тізімде 45-ші ел болатын шығармыз.

Бұл көрменің маңызы өте үлкен. Біріншіден, бұл – Қазақстанға деген дүние жүзі мемлекеттерінің зор сенімі. Қазақстанның дүние жүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі. Бізге барлық дерлік мемлекеттер дауыс берді. Екіншіден, әлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. Үшіншіден, бұл шараға қатысу үшін елімізге 5 миллионнан астам қонақ келеді. Біздің бизнес осының есебінен мол қаржы табады. Кейде «ЭКСПО-ны өткіземіз деп мемлекеттің қаржысын жұмсаймыз, ал одан қандай пайда түседі?» деген пікір де айтылып қалады.

Мысалы, 2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде Германия өзінің павильонын 35 миллион долларға салды. Ал есептей келгенде бұл ел 350 миллион доллар пайда тапты. Біз де өз павильонымызды саламыз. Басқа мемлекеттер де өздерінің жетістіктерін көрсету үшін солай істейді. Бұл жерде біздің құрылысшыларымыз жұмыс істейтін болады. Олар жалақы алады, мемлекетке салық төлейді. Со

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға