Жаңалықтар

ҰБТ жүйесі – білім деңгейін анықтаудың тиімсіз тәсілі – сарапшы пікірі

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі – Қазақстан оқушыларының білім деңгейін тексерудің тиімсіз тәсілі. Бұл туралы Қазақстан мұғалімдер қауымдастығы Алматы бөлімшесінің төрайымы Ирина Смирнова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Алматыда «Аспандау» ғылыми білім беру қорының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру саласының проблемалары» атты отырыста еліміздің білім беру саласындағы өзекті мәселелері талқыға салынды. «Біздегі білім беру саласы 20 жыл бойы дағдарыстық кезеңді бастан кешіріп келеді. Мектептерде озық ойлы, заманауи біліммен қаруланған мамандар аз. Білім беру жүйесі – әлемдік стандартқа сәйкеспейді. Әсіресе, ҰБТ кезінде 11 сынып оқушылары қажетті 4 пәннен басқа сабақтарды мүлде оқымайды. Өйткені, олар бар күшін тек тест жаттауға салады. Сондықтан, бұл жерде жан-жақты білім туралы айтудың өзі артық», – деді И.Смирнова. Сонымен қатар, спикер ҰБТ сынағын жылына екі рет өткізіп тұруды ұсынды. «Түлектердің тағдыры 1 күндік сынақпен шешілмеуі керек. ҰБТ-дан құлаған балаға TOEFFLE сияқты бірнеше рет қайта тапсыруға мүмкіндік берілуі тиіс. Бұл ҰБТ-ның айналасындағы күйзелісті азайтады», - деді И.Смирнова. Гүлмира Ғосманәлі
26.12.2012 04:48 3905

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі – Қазақстан оқушыларының білім деңгейін тексерудің тиімсіз тәсілі. Бұл туралы Қазақстан мұғалімдер қауымдастығы Алматы бөлімшесінің төрайымы Ирина Смирнова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алматыда «Аспандау» ғылыми білім беру қорының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру саласының проблемалары» атты отырыста еліміздің білім беру саласындағы өзекті мәселелері талқыға салынды.

«Біздегі білім беру саласы 20 жыл бойы дағдарыстық кезеңді бастан кешіріп келеді. Мектептерде озық ойлы, заманауи біліммен қаруланған мамандар аз. Білім беру жүйесі – әлемдік стандартқа сәйкеспейді. Әсіресе, ҰБТ кезінде 11 сынып оқушылары қажетті 4 пәннен басқа сабақтарды мүлде оқымайды. Өйткені, олар бар күшін тек тест жаттауға салады. Сондықтан, бұл жерде жан-жақты білім туралы айтудың өзі артық», – деді И.Смирнова.

Сонымен қатар, спикер ҰБТ сынағын жылына екі рет өткізіп тұруды ұсынды.

«Түлектердің тағдыры 1 күндік сынақпен шешілмеуі керек. ҰБТ-дан құлаған балаға TOEFFLE сияқты бірнеше рет қайта тапсыруға мүмкіндік берілуі тиіс. Бұл ҰБТ-ның айналасындағы күйзелісті азайтады», - деді И.Смирнова.

Гүлмира Ғосманәлі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға