Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз еңбек жолын бастаған Теміртау қаласында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру сатыларын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған қаладағы алқа жиыны әкімдіктің үлкен залында дүйсенбі, 24 желтоқсан күні өтті.
Негізгі баяндаманы қала әкімінің орынбасары Шолпан Мырзахасимова оқыды. Сондай-ақ, жиында Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеттің ректоры, Теміртау бизнес-клубының төрағасы Губин, медицина қызметкерлері қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Сахновская, Теміртау политехникалық колледжінің директоры және грек этно-ұлттық орталықтың басшысы сөз сөйледі.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын біз жыл сайын асыға күтеміз. Ол елдің, экономика мен әлеуметтік саланы, соның ішінде білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық бағытын айқындаудағы маңызды механизм боп табылады», – деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Ибатов.
«Бізді, бюджеттік саладағы қызметкерлерді, мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту ұстанымдары қызықтырады. Өзім дәрігер болғандықтан, мені денсаулық сақтауды дамыту мәселесі көп қызықтырады. Атлған Жолдауда Президент «Қазақстан – 2030» стратегиясын қорытындылады. Осы бағыттың арқасында қаладағы емдік-профилактикалық мекемелер қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту ісінде үлкен ілгерілеушіліктерге қол жеткізді», – медицина қызметкерлері қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Сахновская.
Теміртауда ҚР Президентінің Жолдауын талқылады
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек