Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Астана» жаңа президенттік кәсіби спорт клубын таныстырды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. «Бүгін мен үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы жанындағы жаңа спорт клубын таныстыру үлкен мәртебе. Бұл бірқатар спорт түрі бойынша Астананың жетекші командаларының барлығын біріктіретін кәсіби президенттік спорт клубы саналады. Біздің мақсатымыз – әлемдік командалар деңгейінде ұлттық кәсіби спорт клубын қалыптастыру. Бұл Қазақстан Республикасында кәсіби спортты басқарудың заманауи сапалы жолы», - деді Шүкеев.
Клуб құрамына еліміздің жетекші имидждік жобалары кіреді. Атап айтсақ, велокоманда, баскетбол, футбол, хоккей, бокс командалары және тағы басқалар кіреді. Клубтың мақсаты Қазақстан имиджін әлемдік аренада дамыту болып табылады.
Шара барысында «Самұрық – Қазына» АҚ «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына қосылу аясында жетекші спорт клубтарының көшбасшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Шараға Александр Винокуров, Илья Ильин, Вадим Шакшакбаев, Валерий Тихоненко, Артур Ардавичус және тағы басқалар қатысты.
Астанада Президенттік спорт клубы ашылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?