Бүгін «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының ашылуы кезінде «Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев клуб президентін таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мен клуб президенті етіп бокстан 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевты тағайындағым келеді. Ол жалпы клубты басқаратын болады. Сонымен қатар, бас менеджер клубты жедел басқаратын болады. Бұл қызметке қазір қордың қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметіндегі Айдар Махметовты тағайындаймын. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ол ұзақ уақыт бойы «Астана» велокомандасында жұмыс жасады, сондықтан спорт командаларын іштен басқару мәселелерімен жақсы таныс», – деді Шөкеев.
Еске сала кетсек, бүгін елордада «Астана» Президенттік спорт клубы ашылды. Аталмыш клуб «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана Дакар Тим» ралли-командасы, «Астана Арланс» бокс командасы сынды елдің беделді жобаларының басын біріктіреді. Клуб «Самұрық Қазына» қорының басшылық етуімен құрылуда.
«Астана» Президенттік спорт клубын Бақтияр Артаев басқарады
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?