Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір Жолдауында қоғамның одан әрі дамуына серпін береді. Бұл жолғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауының ауқымы өте кең, онда әрбір қазақстандыққа қатысы бар барлық сала қамтылған. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұны өте терең. Президенттің әрбір Жолдауында ең маңызды, өзекті мәселелер көтеріледі. Біз жиырма жыл бойы Тәуелсіздігіміздің негізін қалап келеміз, бұл болашақта да жалғаса бермек», деді депутат.
Надежда Петухова тамаша көшбасшысы бар ұйымшыл халық қай кезде де биік асуларды бағындырады деп санайды.
«Жолдауда көңілімнен шыққан басты мәселе-еліміздің медициналық көмек, білім беру, әлеуметтік жаңғыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы халықаралық стандарттармен жұмыс істеуі. Яғни бізде де стандарттар енгізіледі. Осылайша ең дамыған елдердің қатарына кіретін боламыз», деп қорытындылады Петухова.
«Қазақстан 2050»: қоғам дамуының жаңа серпіні
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек