«Қазақша Википедия» Қазақстандағы веб-парақтардың үздік ондығына кірді. Бұл туралы «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы хабарлады. «Қазақша Википедия» жобасын қолға алған кезде көңілімізде күдік пен күмән болғаны рас. Бірақ барлығы ойдағыдай болды. Қазір бұл ресурста тіркелген қолданушылар саны 20 мыңнан асқан, 230 адам тұрақты түрде хобби ретінде мақала өңдеумен айналысады. Ай сайын қазақша Википедияның 8-10 млн парағы ашылады, яғни ресурс Қазақстандағы ең жиі қаралатын веб-парақшалар қатарына кіреді», деді Р.Кенжеханұлы.
Естеріңізге саламыз, «Қазақша Википедиа» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба 2011 жылдың маусымында қолға алынған. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл Википедиясы деп танылды (жыл ішінде мақалалар көлемі мен белсенді редакторлар санының артуы бойынша).
Аталған жобаның мақсаты-Википедия жаһандық энциклопедиясында қазақ тілін дамыту болып табылады. Энциклопедия мақалаларын редакторлық жасайтын қолданушылар өздері жазады.
«Қазақша Википедия» Қазақстандағы веб-парақтардың үздік ондығына кірді
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?