Ел Президенті өз Жолдауында жариялаған көптілділік саясаты білім сапасын жақсартуға сеп болады. Бұл туралы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (БҚМУ) проректоры Ғалия Жүсіпқалиева BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. Биылғы жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарындағы орыс тілді бөлімдерге шетел тілі мен мемлекеттік тіл енгізілді. Өтемісов атындағы БҚМУ жүйені тәжірибеде қолданып отырған көп оқу орнының қатарына қосылды.
«Біздің университет Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтатын көптілділік саясатын енгізуде. Біз үздік оқу орындарының әлемдік тәжірибесін қолданамыз. Бізде шетелдік ғалымдар дәріс оқиды. Биылғы жылы БҚМУ-да 12 шетелдік педагог жұмыс жүргізді. Олар мастер-кластар өткізіп, инновациялық әдістемелер туралы әңгімелеуде. БҚМУ Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған ілкі жобаға қатысуда. Болашақ физиктер бір семестр ішінде Полшаның Быдгощ қаласындағы Ұлы Каземир атындағы университетте, ал математиктер немістің Магдебург қаласындағы Отто фон Герике атындағы университетте оқи алады. Қазір 24 студент осы білім бағдарламасынан өтуде», - деп атап өтті Ғ. Жүсіпқалиева.
Проректордың пікірінше, көптілде оқыту республиканың білім жүйесін жаңа деңгейге шығарады.
«Ел Президенті өз Жолдауында біз ағылшын тілін үйренуде серпіліс жасау тиіс екенімізді атап өтті. Бұл еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шектеусіз мүмкіндіктерге жол ашады», - деп мәлімдеді Ғ. Жүсіпқалиева.
Президент Жолдауында айтылған көптілділік білім сапасын жақсартады – сарапшы
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек