Жаңалықтар

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы – келер ұрпақ үшін дұрыс бағдар

Елдің ұлттық бас мерекесі қарсаңында кеше маңызды оқиға орын алды – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жариялады. Бұл стратегиялық құжаттың Астана мен бүкіл республиканың рухани және мәдени өмірінің жаңа орталығы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында таныстырылуы да ерекше жағдай.  Ұлт көшбасшысы сөйлеген сөзінде атап өткендей, 15 жыл бұрын жарияланған «2030 Даму стратегиясында» белгіленген көп міндеттер мерзімінен бұрын орындалып қойды. Жаңа саяси бағыт Қазақстан Президентінің болашаққа бағдар жасайтын кемеңгер стратег, үздік мемлекеттік қайраткер екенінің тағы бір дәлелі болды. Жолдауда қазіргі заманғы жылдам өзгеріп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Мемлекет басшысы оларды 10 тармаққа бөліп қарастырған. Бұл – процестің жеделдеуі, демографиялық өсу, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, ауыз су тапшылығы, табиғи ресурстар қорының сарқылуы, үшінші индустриялдық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті, демократия мен ұлт бірлігін одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтеді. Ол Парламенттің өкілеті мен рөлін күшейту, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту, сот билігінің беделін арттыру сынды мәселелерге ерекше мән берді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын нығайту және жетілдіру де маңызды боп табылады. Жергілікті әкімдердің сайлануын енгізу, орталық пен өңір арасындағы өкілеттіктерді шектеу бойынша бастамаларға да ереке мән беру керек. Күшті экономика мен адамның бәсекеге қабілетті әлеуеті мемлекеттік дамудағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Президент келешектегі индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АӨК, кәсіпкерлік, сапалы білім және денсаулық сақтау мәселелерін тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердің шешім табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрменің өтуі ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы ұлттық мүдделердің негізіндегі сыртқы саясаттың дәйектілігі мен болжамдылығын атап көрсетті. Біздің еліміз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетілдіре бермек, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтық құрылуына ықпал етеді. Өзіміз көріп отырғандай, жаңа саяси бағыт, қол жеткен өзгерістердің қисынды жалғасы болып, қазақстандық мемлекеттіліктің дамуы мен нығаюының жаңа кезңі мен мүмкіндіктерін айқындайды. «Казахстанская правда», ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат МӘМИ.  
15.12.2012 05:22 3069

Елдің ұлттық бас мерекесі қарсаңында кеше маңызды оқиға орын алды – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жариялады. Бұл стратегиялық құжаттың Астана мен бүкіл республиканың рухани және мәдени өмірінің жаңа орталығы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында таныстырылуы да ерекше жағдай. 

Ұлт көшбасшысы сөйлеген сөзінде атап өткендей, 15 жыл бұрын жарияланған «2030 Даму стратегиясында» белгіленген көп міндеттер мерзімінен бұрын орындалып қойды.

Жаңа саяси бағыт Қазақстан Президентінің болашаққа бағдар жасайтын кемеңгер стратег, үздік мемлекеттік қайраткер екенінің тағы бір дәлелі болды. Жолдауда қазіргі заманғы жылдам өзгеріп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Мемлекет басшысы оларды 10 тармаққа бөліп қарастырған. Бұл – процестің жеделдеуі, демографиялық өсу, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, ауыз су тапшылығы, табиғи ресурстар қорының сарқылуы, үшінші индустриялдық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.

Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті, демократия мен ұлт бірлігін одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтеді. Ол Парламенттің өкілеті мен рөлін күшейту, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту, сот билігінің беделін арттыру сынды мәселелерге ерекше мән берді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын нығайту және жетілдіру де маңызды боп табылады.

Жергілікті әкімдердің сайлануын енгізу, орталық пен өңір арасындағы өкілеттіктерді шектеу бойынша бастамаларға да ереке мән беру керек.

Күшті экономика мен адамның бәсекеге қабілетті әлеуеті мемлекеттік дамудағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Президент келешектегі индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АӨК, кәсіпкерлік, сапалы білім және денсаулық сақтау мәселелерін тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердің шешім табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрменің өтуі ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы ұлттық мүдделердің негізіндегі сыртқы саясаттың дәйектілігі мен болжамдылығын атап көрсетті. Біздің еліміз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетілдіре бермек, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтық құрылуына ықпал етеді.

Өзіміз көріп отырғандай, жаңа саяси бағыт, қол жеткен өзгерістердің қисынды жалғасы болып, қазақстандық мемлекеттіліктің дамуы мен нығаюының жаңа кезңі мен мүмкіндіктерін айқындайды.


«Казахстанская правда», ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат МӘМИ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға