Жаңалықтар

2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық салаларында қолданылады – Н.Назарбаев

2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық салаларында қолданылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екені анық. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық салаларында қолданылатын күнделікті қатынас тіліне айналатын болады. Осылай Тәуелсіздігіміз – бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қараңыздар, Тәуелсіздік алған тұста елімізде қазақтардың саны 6,8 млн немесе халықтың 41%-ын құрайтын. Ал қазір 11 млн-нан асты немесе 65%-ға жетті. Қазақтың саны 4 млн-ға артты», - деді Мемлекет басшысы. Елбасы атап өткендей , егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлейтін болса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебелі орнын иеленер еді. «Қазақ тілі туралы айтқанда, біз алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады әруақытта. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін тағы да қайталап айтамын, қазақпен қазақ қазақша сөйлессін», - деп түйіндеді Н.Назарбаев. Дереккөзі: www.bnews.kz
14.12.2012 11:06 3432

2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық салаларында қолданылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екені анық. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық салаларында қолданылатын күнделікті қатынас тіліне айналатын болады. Осылай Тәуелсіздігіміз – бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қараңыздар, Тәуелсіздік алған тұста елімізде қазақтардың саны 6,8 млн немесе халықтың 41%-ын құрайтын. Ал қазір 11 млн-нан асты немесе 65%-ға жетті. Қазақтың саны 4 млн-ға артты», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы атап өткендей , егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлейтін болса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебелі орнын иеленер еді.

«Қазақ тілі туралы айтқанда, біз алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады әруақытта. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін тағы да қайталап айтамын, қазақпен қазақ қазақша сөйлессін», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.

Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға