Бүгінгі таңда 67 мың қазақстандық шетелде оқып жатыр. Бұл туралы «Еуразия одағының болашақ көшбасшыларын тәрбиелейміз» атты Астана-Мәскеу бейнекөпірі кезінде «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Саясат Нұрбек мәлімдеді.
С.Нұрбектің айтуынша, қазақстандық студенттердің басым көпшілігі Ресей оқып жатыр. «Қазіргі таңда 67 мың қазақстандық шет мемлекеттерде оқып жатыр. Олардың ішінде 26 студент Ресейде, 9 мың студент– Қытайда, 3000-ы Малайзияда, бір жарым мыңы Ұлыбританияда білім алуда», деді ол.
«Дегенмен соңғы кездері қазақстандықтардың көпшілігі алыс шетелдерде оқуға құлшыныс білдіруде. Оның негізгі себебі- ағылшын тілінің ықпалы», деді «Болашақ» орталығының президенті.
Бейнекөпір барысында оған қатысушылар ТМД елдеріндегі ұлттық білім мәселелерін талқылап, шетелдік тәжірбиеге сүйене отырып оны шешу жолдарын айтты. Сонымен қатар еуразиялық ықпалдастыққа негізделген жоғары дәрежелі мамандар дайындау жолы ұсынылды.
Бүгінде 67 мың қазақстандық шетелде білім алуда – «Болашақ» ХБО
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды