Бұл ойынның мақсаты түсі бірдей бес асықты тігінен немесе көлденеңінен бір жерге жинау. Жиналған түсі бірдей бес асық үшін бес ұпай беріліп, тақтада орын босатылады. Басты мақсат көбірек бір түсті асық жинап, тақта үстін асықтан босатып, көбірек ұпай алу! Ойын басында 9x9 см-лік тақта мен бес түрлі асық беріледі. Асықтар 7 түсті. Ойыншының кезегі келген сайын тінтуірді пайдалана отырып, бір ғана асықты жылжыта алады. Асықты жылжыту үшін қалаған асықты түртіп, кейін апарып қойғыңыз келетін торды басу керек. Осыдан кейін таңдалған асық көрсеткен жерге барып орналасады. Ойыншы бір жүріс жасаған соң, 3 асық автоматты түрде тақтаға түседі. Яғни әр жүрістен кейін тақтаның беті асыққа толып, ойын күрделене береді. Бір түсті бес асық қатар орналасса, бесеуі де жойылып, ұпай беріледі. Сонымен, негізгі мақсат – тақтаға түскен асықтардан бір түсті бес асықты бір қатарға тізіп, тақтаны босатып, ұпай жинау. Іске сәт!
Бес асық
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады