Жаңалықтар

Тайыр Жароков

  ТАЙЫР ЖАРОКОВ   Қалтқысыз, қылау түспес таза жаны   Тайыр Жароков. Осы есімді естігенде совет дәуіріндегі қазақ поэзиясынан хабары бар адамның құлағы бір елең етпей қоймайды. Қазіргі егде тартқандардан бүгінгі жастарға дейін Жароков есімі мектеп партасынан таныс. Менің де алғаш хат танып, қолыма кітап алғаннан кейінгі тұңғыш оқыған ақындарымның бірі Тайыр Жароков еді. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демекші, құлағыңа тұңғыш жеткен жыр да ыстық. Сондықтан да болар осы күнге дейін Тайыр Жароков деген есім мен үшін поэзия деген асыл сөздің баламасы сияқты. Тайыр ақын... Ақын Тайыр... Тайыр Жароков есімінің алды-артына басқа сөз қоя алмаймыз.   Шынында да, Тайыр Жароков талай жылдар қазақ совет поэзиясының алдыңғы санында ту көтерушілерінің бірі болды, біздің жадымызда, әдебиет тарихында солай болып қалмақ та. Қазақ совет поэзиясының көш бастаушылары: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтарға ілесе шыққан кейінгі буын — Асқар Тоқмағамбетов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев алғашқы қадамдарынан-ақ жарқ етіп көзге түсіп, жап-жас кездерінде-ақ жаңа ғана сауатын ашып жазба жырға құмартқан халқына бірден әйгілі болған ақындар еді. Дәл осы буынның ақындық тағдыры сәтті болды. Бұлардың алғашқы өлеңдері жыр аңсаған халықтың аузында жатталып кетті де өздері отызға келмей жатып мектеп хрестоматияларына кірді. Жап-жас ақындардың бірден мұндай биіктік дәрежеге көтерілуі, ол кездерде ақындардың аз болғандығынан емес, қай заманда да қазақта өлең жазушы аз болмаған. Дәуірдің жаңа талабына сай жаңаша үн қосқандарынан болар. Бұлар кейінгі іле шыққан аса дарынды ірі ақындарымызбен қоса бүгінгі қазақ поэзиясының үлкен арнасын салды.   Қазақ поэзиясының даму жолында белгілі асу болған отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдарда Тайыр Жароков туындыларының орны ерекше. Алғашқы өлеңдері мен соған жалғаса туған поэмалары сол кездегі ел өміріндегі ұлы өзгерістердің айнасы болды. Сәкен Сейфуллинге ілесе ақын байырғы қазақ өлеңіне замананың, жада тірліктің қарқынына сай жаңаша ырғақ, екпін әкеліп, өлеңнің ішкі қуатын ширықтыра түсті.   Миллион толқын, Толқын миллион Толқындата қимылда! Солқылдата соғылсын, Бесжылдықтың балғасы.   Осы бір заманында халық аузында жатталып кеткен екпінді ырғақ, отты жолдар кешегі кең сахнадағы көшпенді өмірдің мимырт баяу тірлігін дүр сілкініп оянған қазақ халқының жаңаша серпілісі, сергек екпіні болатын. Өлеңнің ғасырлар бойы қалыптасқан әуенінен ауысып мезгіліне сай жаңа ырғақ, екпін табу тек аса үлкен таланттардың, нағыз ақындық жандардың ғана қолынан келеді.   Жаңа заманның, өзгерген заманның жырын ескі әуенмен жырлаған ақындар да аз емес. Бірақ, мазмұнына түрі сай келмеген, әуені мен сөзінің арасы алшақ жатқан мұндай жырлар поэзиямызға жаңалық әкелмегені былай тұрсын, өлең болып ұзақ өмір де сүре алмады.   Тайыр ақынның заманы да өзге болды. Ол Ұлы Октябрьден кейін қазақ даласына енген үлкен революциялық өзгеріс заманы еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан рулық-патриархалдық қоғам күйреп, ескі салт-сана сындырылып, баяу тыныс алған кең сахараға дүбірлеген ұлы өндірістің үні келген заман еді. Ен даланы еркін жайлап, баяу өмір кешкен көшпенді халық мешеу тіршіліктен оқыс желпінін, «Қарағанды», «Қарсақбай», «Түрксиб» деген ұранды сөздерге үн қосып, XX ғасырдың өндірісті тіршілігіне бет бұрған-ды. Бұл кезде мәдениетіміз де қайта түлеп, қауырт өскен шағы болатын. Қазақ елінде театр туды, өнердің жаңа сан-саласы дүниеге келді. Кешегі қараңғы халық жаппай білімге ұмтылды. Осындай халықтың қайта түлеген шағында жаңа поэзия, жаңа жыр керек болды.   Сол кезеңде тарихи аренаға шығарған Тайыр Жароков сияқты ақындарымыз заманның тынысын, дәуірдің жүрек лүпілін ақындық жанымен сезініп жаңаша жырлады. Поэзиямызға мазмұнын, жаңа түр, соны ырғақ әкелді. Бұл күндері құлағымыз үйреніп, етене болып кеткен Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев поэзияларының бастау кездегі жаңалығын елей бермейтін сияқтымыз. Өйткені, осы жaңa леп кейінгі поэзиямыздың қан тамырына тарап, әбден сіңісті болып кетті.   Тайыр Жароков — дәуір туғызған ақын. Оның бар шығармаларына көз жүгіртсек, кешегі еліміз өткен әр кезеңге ақынның бір белгі соқпай қалмағанын көреміз. Отызыншы жылдардың бас кезі ұлы құрылыстардың, ұлы ерліктің жылдары болатын. Ол кезде атақты Магнитогорск, Днепрогэс сияқты алып құрылыстар, Челюскин сапары, Чкаловтың Солтүстік полюс арқылы Америкаға ұшуы сияқты ерлік істер бүкіл совет халқына үлкен бір рухани серпіліс берген-ді. Бұл біздің совет әдебиетінің де үлкен серпілісі болды. Тайыр Жароковтың отызыншы жылдардағы поэзиясы осы дәуірмен толық үндес «Бесжылдықтың балғасы», «Миллион толқын» сол кездегі құрылыстардың ұлы дүбірі болса, «Күн тіл қатты» атты поэмасы совет халқының асқан ерлігінің гимні болатын. Бұлар қазақ өлеңіне жаңаша қуатты серпін, сергек саз берген поэзиямыздың алғашқы қарлығаштарының бірі еді.   Қашан да дауысы дәуірмен үндес қолы заманының қан тамырының лүпілін сезіп отырды. Сезімтал да сергек ақын өзі өмір сүрген кезіндегі ұлы өзгерістердің ешқайсысын қалт жіберген емес. Октябрь қазақ даласында ұлы мәдени революция жасады. Соның нәтижесінде қазақтың жаңа ұлттық интеллигенциясы қаулап өсті. Бұл күллі халық өміріндегі үлкен тарихи өзгеріс болатын. Қазақ өміріне кірген осы тарихи жаңа құбылысты ең алдымен поэзия тіліне түсірген ақын — Жароков. Ол алғашқы қазақ интеллигенциясы туралы өзінің атақты «Тасқын» поэмасын жазды. Бұл поэма заманында күллі қазақ поэзиясы үшін үлкен де және соны тың құбылыс болды. Өйткені кеше ғана эпос пен жырдан, ауыз әдебиетінен нәр алып, жазба тілге көшкен қазақ поэзиясы үшін интеллигенция тақырыбын игеру оңай шаруа емес-ті. Мұндай тақырып жазба поэзиясының кемелденіп, мағынасы тереңдеп, ой-өрісі кеңіп, не бір нәзік психологиялық жан құбылысын еркін игерген кезінде ғана мүмкін нәрсе. Осы бір қазақ өлеңінің түріне тимей, тың жатқан тақырыпқа қалам тартуы ақынның үлкен ерлігі. Әрине, бүгінде қазақ поэзиясы интеллигенция тақырыбын еркін игерді деп айтуымызға болады. Бұл салада қызғылықты да елеулі шығармалар аз емес. Бүгінгі биігімізден осыдан қырық жыл бұрынғы алғашқы қадамымызға көз салсақ, сол «Тасқынның» кейбір олпы-солпысын көруге де болатын шығар. Барша ақындарымыздың қырық жылдық талпынысы мен ізденісі қазақ өлеңін бүгінде ілгеріге де әкетті. Бірақ осы бір қиын да қызғылықты заманымызға аса қажет тақырыптың алғаш бетін ашқан «Тасқын» бізге балауса жастық шағымыздай әлі де ыстық, қымбат.   Халқымыздың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков поэзиясынан Маяковскийге ұқсастық табатын. Ол өлең формасы жағынан ұқсастық емес, өмірге ақындық белсенділік жағынан ұқсастық болатын. Шынында да, Жароковтың бар творчествосы ақынның өз тұсындағы өмір құбылысына, халық тірлігіне, социализм құру жолындағы күреске, әлемдегі адам баласын тебіренткен де қинаған оқиғаларға ақындық ыстық шабытпен араласып, бар талантын халқының қажетіне жұмсағанының айғағы.   Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары ақынның пафосқа толы күмбірлеген күшті дауысы майдан жауынгерлерінің құлағына келіп тұрды. Ұлы Отан соғысынан кейін де Тайыр Жароковтың қаламы шабандап, дауысы бәсеңсіп көрген емес. Оның «Құмдағы дауыл», «Жапанды орман жаңғыртты» атты поэмалары, жүздеген өлеңдері ел өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеп қана қойған жоқ, кезіндегі қазақ поэзиясына жаңа леп беріп, оның еңсесін көтерген елеулі үлкен туындылары болып қалды.   Бүгін жетпіске келген, арамыздан ертерек кеткен Тайыр Жароков қазақ әдебиетінде өшпейтін орны бар үлкен тұлға. Осындай мәрелі күні үлкен ақынды еске алумен бірге оның артында қалған мұрасы туралы ойланамыз да. «Өнердің алды қызыл тіл». Барша өнер сияқты өнер алды — поэзия да тынымсыз іздену, барлау, өрлеу үстінде. Бір кезде қазақ совет поэзиясының көш басы Сәкен Сейфуллин бастаған топқа ілесе Асқар, Тайыр, Әбділда шықса, бұларға ілесе Қасым, Ғали, Әбу, Жұмағали, Абдолла сияқты тамаша ақындар легі келді. Толқын артынан келе жатқан толқын тоқтаған емес. Қазақ өлеңі де жаңарып, өзгеріп, байып келеді. Әлбетте, поэзиямыздың кейінгі алтын қорын толықтыра түсуде. Бірақ кейде кейбір жастардың ілгергіге шекесінен қарайтын кездері де жоқ емес. Бұрынғыдан өлең техникасы өсіңкіреп кетсе, ой-өрісі ілгерілесе ол өткендердің кемшілігі емес, кейінгі жаңа биікке көтерген, тыңнан жол салған ілгерілердің көмегі. Ал, бүгінгілер кешегілерден төмен тұрса, нағыз қинайтын ұят нәрсе сол.   Солқылдата соғылсын, Бесжылдықтың балғасы. Өлең-жыр солай төгілсін, Бұл өлең соның жалғасы, —   деген болатын Хамит Ерғалиев. Бұл көп келте ойларға қарсы айтылған өте орынды сөз. Біздің әдебиетіміздің ағадан ініге, атадан балаға ауысып келе жатқан қасиетті дәстүрі ешқашан үзілмек емес. Сол қазақ совет поэзиясындағы дәстүріміздің біріне айналған Жароков жырлары да қазақ әдебиеті алдында өз қызметін әлі атқарып келеді. Аяулы ағамыз, бала күнімізден қуатты даусы құлағымызға сіңген тамаша ақынымыз арамыздан ертерек кеткенмен, оның қалтқысыз таза жаны, ақ көңіл, ақеділ пейілі, жаймашуақ жарқын келбеті осы күнге дейін қылау түспей көз алдымызда тұр. Оның үлкен ақындық мұрасына да уақыт кіреуке түсіре алған жоқ. Ақын өмірі әлі де ұзақ.   1978  
08.12.2012 05:52 12318

 

ТАЙЫР ЖАРОКОВ

 

Қалтқысыз, қылау түспес таза жаны

 

Тайыр Жароков. Осы есімді естігенде совет дәуіріндегі қазақ поэзиясынан хабары бар адамның құлағы бір елең етпей қоймайды. Қазіргі егде тартқандардан бүгінгі жастарға дейін Жароков есімі мектеп партасынан таныс. Менің де алғаш хат танып, қолыма кітап алғаннан кейінгі тұңғыш оқыған ақындарымның бірі Тайыр Жароков еді. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» демекші, құлағыңа тұңғыш жеткен жыр да ыстық. Сондықтан да болар осы күнге дейін Тайыр Жароков деген есім мен үшін поэзия деген асыл сөздің баламасы сияқты. Тайыр ақын... Ақын Тайыр... Тайыр Жароков есімінің алды-артына басқа сөз қоя алмаймыз.

 

Шынында да, Тайыр Жароков талай жылдар қазақ совет поэзиясының алдыңғы санында ту көтерушілерінің бірі болды, біздің жадымызда, әдебиет тарихында солай болып қалмақ та. Қазақ совет поэзиясының көш бастаушылары: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтарға ілесе шыққан кейінгі буын — Асқар Тоқмағамбетов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев алғашқы қадамдарынан-ақ жарқ етіп көзге түсіп, жап-жас кездерінде-ақ жаңа ғана сауатын ашып жазба жырға құмартқан халқына бірден әйгілі болған ақындар еді. Дәл осы буынның ақындық тағдыры сәтті болды. Бұлардың алғашқы өлеңдері жыр аңсаған халықтың аузында жатталып кетті де өздері отызға келмей жатып мектеп хрестоматияларына кірді. Жап-жас ақындардың бірден мұндай биіктік дәрежеге көтерілуі, ол кездерде ақындардың аз болғандығынан емес, қай заманда да қазақта өлең жазушы аз болмаған. Дәуірдің жаңа талабына сай жаңаша үн қосқандарынан болар. Бұлар кейінгі іле шыққан аса дарынды ірі ақындарымызбен қоса бүгінгі қазақ поэзиясының үлкен арнасын салды.

 

Қазақ поэзиясының даму жолында белгілі асу болған отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдарда Тайыр Жароков туындыларының орны ерекше. Алғашқы өлеңдері мен соған жалғаса туған поэмалары сол кездегі ел өміріндегі ұлы өзгерістердің айнасы болды. Сәкен Сейфуллинге ілесе ақын байырғы қазақ өлеңіне замананың, жада тірліктің қарқынына сай жаңаша ырғақ, екпін әкеліп, өлеңнің ішкі қуатын ширықтыра түсті.

 

Миллион толқын,

Толқын миллион

Толқындата қимылда!

Солқылдата соғылсын,

Бесжылдықтың балғасы.

 

Осы бір заманында халық аузында жатталып кеткен екпінді ырғақ, отты жолдар кешегі кең сахнадағы көшпенді өмірдің мимырт баяу тірлігін дүр сілкініп оянған қазақ халқының жаңаша серпілісі, сергек екпіні болатын. Өлеңнің ғасырлар бойы қалыптасқан әуенінен ауысып мезгіліне сай жаңа ырғақ, екпін табу тек аса үлкен таланттардың, нағыз ақындық жандардың ғана қолынан келеді.

 

Жаңа заманның, өзгерген заманның жырын ескі әуенмен жырлаған ақындар да аз емес. Бірақ, мазмұнына түрі сай келмеген, әуені мен сөзінің арасы алшақ жатқан мұндай жырлар поэзиямызға жаңалық әкелмегені былай тұрсын, өлең болып ұзақ өмір де сүре алмады.

 

Тайыр ақынның заманы да өзге болды. Ол Ұлы Октябрьден кейін қазақ даласына енген үлкен революциялық өзгеріс заманы еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан рулық-патриархалдық қоғам күйреп, ескі салт-сана сындырылып, баяу тыныс алған кең сахараға дүбірлеген ұлы өндірістің үні келген заман еді. Ен даланы еркін жайлап, баяу өмір кешкен көшпенді халық мешеу тіршіліктен оқыс желпінін, «Қарағанды», «Қарсақбай», «Түрксиб» деген ұранды сөздерге үн қосып, XX ғасырдың өндірісті тіршілігіне бет бұрған-ды. Бұл кезде мәдениетіміз де қайта түлеп, қауырт өскен шағы болатын. Қазақ елінде театр туды, өнердің жаңа сан-саласы дүниеге келді. Кешегі қараңғы халық жаппай білімге ұмтылды. Осындай халықтың қайта түлеген шағында жаңа поэзия, жаңа жыр керек болды.

 

Сол кезеңде тарихи аренаға шығарған Тайыр Жароков сияқты ақындарымыз заманның тынысын, дәуірдің жүрек лүпілін ақындық жанымен сезініп жаңаша жырлады. Поэзиямызға мазмұнын, жаңа түр, соны ырғақ әкелді. Бұл күндері құлағымыз үйреніп, етене болып кеткен Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев поэзияларының бастау кездегі жаңалығын елей бермейтін сияқтымыз. Өйткені, осы жaңa леп кейінгі поэзиямыздың қан тамырына тарап, әбден сіңісті болып кетті.

 

Тайыр Жароков — дәуір туғызған ақын. Оның бар шығармаларына көз жүгіртсек, кешегі еліміз өткен әр кезеңге ақынның бір белгі соқпай қалмағанын көреміз. Отызыншы жылдардың бас кезі ұлы құрылыстардың, ұлы ерліктің жылдары болатын. Ол кезде атақты Магнитогорск, Днепрогэс сияқты алып құрылыстар, Челюскин сапары, Чкаловтың Солтүстік полюс арқылы Америкаға ұшуы сияқты ерлік істер бүкіл совет халқына үлкен бір рухани серпіліс берген-ді. Бұл біздің совет әдебиетінің де үлкен серпілісі болды. Тайыр Жароковтың отызыншы жылдардағы поэзиясы осы дәуірмен толық үндес «Бесжылдықтың балғасы», «Миллион толқын» сол кездегі құрылыстардың ұлы дүбірі болса, «Күн тіл қатты» атты поэмасы совет халқының асқан ерлігінің гимні болатын. Бұлар қазақ өлеңіне жаңаша қуатты серпін, сергек саз берген поэзиямыздың алғашқы қарлығаштарының бірі еді.

 

Қашан да дауысы дәуірмен үндес қолы заманының қан тамырының лүпілін сезіп отырды. Сезімтал да сергек ақын өзі өмір сүрген кезіндегі ұлы өзгерістердің ешқайсысын қалт жіберген емес. Октябрь қазақ даласында ұлы мәдени революция жасады. Соның нәтижесінде қазақтың жаңа ұлттық интеллигенциясы қаулап өсті. Бұл күллі халық өміріндегі үлкен тарихи өзгеріс болатын. Қазақ өміріне кірген осы тарихи жаңа құбылысты ең алдымен поэзия тіліне түсірген ақын — Жароков. Ол алғашқы қазақ интеллигенциясы туралы өзінің атақты «Тасқын» поэмасын жазды. Бұл поэма заманында күллі қазақ поэзиясы үшін үлкен де және соны тың құбылыс болды. Өйткені кеше ғана эпос пен жырдан, ауыз әдебиетінен нәр алып, жазба тілге көшкен қазақ поэзиясы үшін интеллигенция тақырыбын игеру оңай шаруа емес-ті. Мұндай тақырып жазба поэзиясының кемелденіп, мағынасы тереңдеп, ой-өрісі кеңіп, не бір нәзік психологиялық жан құбылысын еркін игерген кезінде ғана мүмкін нәрсе. Осы бір қазақ өлеңінің түріне тимей, тың жатқан тақырыпқа қалам тартуы ақынның үлкен ерлігі. Әрине, бүгінде қазақ поэзиясы интеллигенция тақырыбын еркін игерді деп айтуымызға болады. Бұл салада қызғылықты да елеулі шығармалар аз емес. Бүгінгі биігімізден осыдан қырық жыл бұрынғы алғашқы қадамымызға көз салсақ, сол «Тасқынның» кейбір олпы-солпысын көруге де болатын шығар. Барша ақындарымыздың қырық жылдық талпынысы мен ізденісі қазақ өлеңін бүгінде ілгеріге де әкетті. Бірақ осы бір қиын да қызғылықты заманымызға аса қажет тақырыптың алғаш бетін ашқан «Тасқын» бізге балауса жастық шағымыздай әлі де ыстық, қымбат.

 

Халқымыздың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков поэзиясынан Маяковскийге ұқсастық табатын. Ол өлең формасы жағынан ұқсастық емес, өмірге ақындық белсенділік жағынан ұқсастық болатын. Шынында да, Жароковтың бар творчествосы ақынның өз тұсындағы өмір құбылысына, халық тірлігіне, социализм құру жолындағы күреске, әлемдегі адам баласын тебіренткен де қинаған оқиғаларға ақындық ыстық шабытпен араласып, бар талантын халқының қажетіне жұмсағанының айғағы.

 

Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары ақынның пафосқа толы күмбірлеген күшті дауысы майдан жауынгерлерінің құлағына келіп тұрды. Ұлы Отан соғысынан кейін де Тайыр Жароковтың қаламы шабандап, дауысы бәсеңсіп көрген емес. Оның «Құмдағы дауыл», «Жапанды орман жаңғыртты» атты поэмалары, жүздеген өлеңдері ел өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеп қана қойған жоқ, кезіндегі қазақ поэзиясына жаңа леп беріп, оның еңсесін көтерген елеулі үлкен туындылары болып қалды.

 

Бүгін жетпіске келген, арамыздан ертерек кеткен Тайыр Жароков қазақ әдебиетінде өшпейтін орны бар үлкен тұлға. Осындай мәрелі күні үлкен ақынды еске алумен бірге оның артында қалған мұрасы туралы ойланамыз да. «Өнердің алды қызыл тіл». Барша өнер сияқты өнер алды — поэзия да тынымсыз іздену, барлау, өрлеу үстінде. Бір кезде қазақ совет поэзиясының көш басы Сәкен Сейфуллин бастаған топқа ілесе Асқар, Тайыр, Әбділда шықса, бұларға ілесе Қасым, Ғали, Әбу, Жұмағали, Абдолла сияқты тамаша ақындар легі келді. Толқын артынан келе жатқан толқын тоқтаған емес. Қазақ өлеңі де жаңарып, өзгеріп, байып келеді. Әлбетте, поэзиямыздың кейінгі алтын қорын толықтыра түсуде. Бірақ кейде кейбір жастардың ілгергіге шекесінен қарайтын кездері де жоқ емес. Бұрынғыдан өлең техникасы өсіңкіреп кетсе, ой-өрісі ілгерілесе ол өткендердің кемшілігі емес, кейінгі жаңа биікке көтерген, тыңнан жол салған ілгерілердің көмегі. Ал, бүгінгілер кешегілерден төмен тұрса, нағыз қинайтын ұят нәрсе сол.

 

Солқылдата соғылсын,

Бесжылдықтың балғасы.

Өлең-жыр солай төгілсін,

Бұл өлең соның жалғасы, —

 

деген болатын Хамит Ерғалиев. Бұл көп келте ойларға қарсы айтылған өте орынды сөз. Біздің әдебиетіміздің ағадан ініге, атадан балаға ауысып келе жатқан қасиетті дәстүрі ешқашан үзілмек емес. Сол қазақ совет поэзиясындағы дәстүріміздің біріне айналған Жароков жырлары да қазақ әдебиеті алдында өз қызметін әлі атқарып келеді. Аяулы ағамыз, бала күнімізден қуатты даусы құлағымызға сіңген тамаша ақынымыз арамыздан ертерек кеткенмен, оның қалтқысыз таза жаны, ақ көңіл, ақеділ пейілі, жаймашуақ жарқын келбеті осы күнге дейін қылау түспей көз алдымызда тұр. Оның үлкен ақындық мұрасына да уақыт кіреуке түсіре алған жоқ. Ақын өмірі әлі де ұзақ.

 

1978

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға