Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Күні кеше ғана сияқты еді. Оған да төрт жыл болыпты. Пәлен күнге созылған парламент дауы да аяқталды. Дауыс берілді. Басым көпшілік егемендікті жақтады. Алаң толы жастар қабылданған құжатты сол бойда жариялауды талап етті. Бір топ депутаттар алдына барып оқып берді. Қомсынғандар да табылды. «Бірден тәуелсіздік жариялау керек еді. Мұндай егемендіктің қажеті қанша?» – десті олар. Бірақ, ондай егемендіктің де әбден қажет екенін келесі жылдың тамызы көрсетіп берді. Аяқ астынан жарияланған төтенше жағдай тек Мәскеудің аумағымен шектелді. Егемен республикаларға ықпал ете алмады. Күллі кеңестік кеңістіктегі азаматтық соғысқа айналып кетуі әбден мүмкін саяси айла-шарғы жаңа егемендік сынды құқықтық тосқауылға тап боп, тоқырап қалды. Оған сол жылы қоңыр күзде одақтық парламент пен республика парламенттері делегациялары бірлесіп өткізген мәжілісте әбден көзіміз жетті. Қабылданған қорытынды құжат империялық құрылымдардың хәлі мүшкіл екенін айқын аңғартқандай еді. Алайда, жағдайды одан әрі шиеленістіре түскісі келетін күштердің де аз емес екендігі байқалады. Таптық идеология патриоттары баспасөз залына жиналып, үсті-үстіне мәлімдеме қабылдап жатты. Ұлы державашыл күштер әжетхана алдындағы вестибюльдерге жапырласып, желпіне сөйлеп тұрған Владимир Жириновскийге ауыздарын ашып бақты. Сөйтіп, қоғамды одан әрі реформаландырудың тізгіні орталықтан біржола кетіп, шет аймақтарға, бұрынғы одақтас республикаларға көшті. Егемендік кепілі болып табылатын президенттік институттар құрылды. Олар бүкілхалықтық дауыс беру жолымен сайланды. Қазақстан да өз Президентін сайлап, өз тәуелсіздігін жариялады. Оны әлемдік қауымдастық бірден мойындады. Тәуелсіздікті заңды жолмен бекітетін Жаңа Конституция керек болды. Белая Вежада бас қосқан Кеңестер Одағының тарихи құрылтайшылары одақтан шығатындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан үлкен империя күйреді. Оған қуанғандардан гөрі үрейленгендер көп болды. Олар тек, кейбір саясатшылар көп айта беретіндей,«бір күнде «шет елдік» боп шыға келген жиырма бес миллион орыстар» ғана емес еді. Бірлесіп басталған реформа аяқталмай қалды. Демократиялық үрдіс әбден орнығып үлгермеді. Либералдық қағидалардан таптық қағидалар әлі де үстем түсіп тұрды. Жалпы гуманистік мұраттардан гөрі таптық интернационализм қисындары әлі де кеңінен танымал еді. Мұндай жағдайда жаңа жарияланған егемендіктер мен тәуелсіздіктер заңды күшін сақтап қала ала ма? Сонау қайта құрудың басындағы солақай басшылық әдейі қолдан қоздатқан ұлтаралық кикілжің өрті енді кешегі кеңестік кеңістікті түгел қамтып кетпес пе екен? Демократиялық жолмен қайта құрылып үлгермеген қоғам халықаралық нормаларға мойын ұсынып, бейбіт жолмен ыдырап, кейін халықтардың азаттығына, мемлекеттердің тәуелсіздігіне нұқсан келмейтіндей боп, мемлекетаралық қатынастардың осы заманғы озық үлгілеріне сәйкес қайтадан бейбіт ықпалдасып, бейбіт ынтымақтасуын қамтамасыз ете ала ма?.. Жаңа егемендіктер күрделі өзгерістерді одан әрі ойдағыдай өрістетіп кете ала ма? Кертартпа пиғылдарға не орынсыз асығып-үсігушілікке ұрынып, реформаны да, демократияны да, тәуелсіздікті де тәрк етіп алып жүрмей ме? Орынды уайым. Алматы ұшырасуына да сол себеп болды. ТМД да сол себептен құрылды. Кеңестер Одағы енді жоқ. Оған кірген мемлекеттер бұдан былай бір-бірімен достық, тең құқылық жағдайында ықпалдасатын болады. Ол шешім қағаз жүзінде қалды деген бекер сөз. Егер мемлекеттер арасында ашық қырғи-қабақтыққа жол берілмей келе жатса, ол да әлгі уақытылы қабылданған шешімнің арқасы. Алайда, Белая Вежа да, ТМД да – жаңа тәуелсіздіктер жолындағы тұзақты түгел үзіп кете алмапты. Оған «егемендік» пен «тәуелсіздікті» әлі күнге келеке ете сөйлейтін саяси риториканың өзі-ақ дәлел. Олар Кеңестер Одағындағы жағдайдың бұлай өрістеуін іштегі ұлтшылдық пен сырттағы жымысқылықтан көреді. Оларға айтқызсаңыз, ешқандай тоқырау да болмаған сияқты. Тоқырамаса, Кеңестер Одағындай әлемдік держава тапа-тал түсте өз-өзінен құлап қалар ма еді?! Нағыз іштен іріп-шіру деген осы. Оны, әрине, ішкі, сыртқы оппозиция бірден байқады. Сөйтіп, қоғамдық санада әуелі айтылып жатқан сөзге сенбейтін, кейін өкіметтердің істеп жатқан ісіне сенбейтін секемшілдік пайда болды. Кейін ол ашық наразылыққа ұласты. Бұрын жоғарының сөзіне сенгіш қауым енді көлденеңнің сөзіне сенгіш болды. Жаппай қарулану мен бейбіт экономикалық бәсекеде бірдей ұтылу ішкі оппозицияның тілін шығарды. Ол мінез қоғамның төменгі қабаттарынан жоғарғы қабаттарына өрмеледі. Ұзақ жыл билеп-төстеген геронтократия (ақсақалшылдық) билікке асыққан жас элитаның көз қырына қалды. Көшедегі наразылық ордадағы наразылықпен жең ұшынан жалғасты. Жоғарыдан түсетін нұсқауды екі етпейтін құлақкесті психологияны пайдалана отырып, бұқараның штабтарға, төменгі штабтардың жоғарғы штабтарға, шет аймақтардың орталыққа мойын ұсынбауы күшейді. Сол табысына мастанған жаңа элита ұлтаралық қарым-қатынасты қайтадан жетілдірем деп жүріп, «ұйықтап жатқан аждаһаны» өзі түртіп оятты. Мұндай авантюраның салдарынан қашып, өздері республикалық партия ұйымдарын автономдандыра бастады. Республикалар егемендік жарияламай тұрып, республикалық партия ұйымдары өз уставтарын қабылдап үлгерді. Кремльдің «жаңа арманшылдары» егемендіктер парадын» қаншама келеке еткенмен, өздері бастап берген жаппай ыдырау процесін тоқтатар айла таба алмады. Партия комитеттерін тастап, кеңестерге ауысты. Ол да жаппай ыдырауды тоқтата алмады. Енді бүкіл державалық халық шаруашылығы комплексінің өміршеңдігіне жүгінуге мәжбүр болды. Жергілікті өкіметке онсыз да бағынбайтын одақтық кәсіпорындарды одан сайын бағынбайтындай қылу мақсатымен, кәсіпорындардың өз билігі өзіне берілді. Сөйтіп, империяның бірден бір жұлыны болып табылатын орталықтан үйлестіру және басқару жүйесінің тамырына балта шабылды. Одақ осылай ыдырады. Тәуелсіздік осылай орнады. Бәрі де жоғарыдан және орталықтан жүзеге асырылды. Ол үшін енді жершілдік пен ұлтшылдыққа өкпелеудің еш жөні жоқ. Егер ара-тұра ондай да құбылыстар кездессе, олар да «қайта құру көсемдерінің» өз мақсаты жолында неден де болса тартынбағандығының салдарынан орын алды. Қысқасы, жаңа коммунистік элита өзі отырған бәйтерекке өзі балта шапты. Ұзақ жыл билік басындағы партия даңғойлық пен ішкі ала құлалылыққа ұрынбай тұра алмасы белгілі. Қоғамдағы қай күш те ықпалды топта өз адамын ұстағысы келеді. Сөйтіп, ол мүдде бірегейлігі мен көзқарас бірегейлігінен айырылады. Біреулердің тіпті істің тап осылай тынғанына әуелден де тілектес болуы әбден мүмкін еді. Екіншілері, әліптің артын бақты. Үшіншілері, сазға отырып қалғанын кеш байқады. Жағдайды түзейміз деп жүріп, әбден күзеп алды. Сөйтіп, Белая Вежа, түптеп келгенде, болары әбден болып, бояуы әбден сіңіп қойған тарих шешімін заңдастырды. Мұндай жағдай әлемдік империялардың бәрінің де басынан өткен. Бірақ жаңа жағдайда бұрынғы метрополия мен отарлар арасында өшпенділік өршіп кетпеуіне көп мән берілген. Британ, француз Достастығы да содан туған. Біздегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы да солай туды. Өйткені, тәуелсіз мемлекеттердің бәрі де жаңа заманға лайық жаңармайынша қатарға қосыла алмайды. Оған озық технология, инвестиция және халықаралық қолдау керек. Ол тек орнықты ахуалдағы елдерге ғана көрсетіледі. Сондықтан неоимпериализм, неоколониализм, ұлттық томаға-тұйықтыққа ұрындырмайтын әлемдік ықпалдастыққа ұмтылады. Ол үшін де егемендік ықпалдастыққа ұмтылады. Ол үшін де егемендік пен тәуелсіздік керек. Ендеше, сыртымызда тұрып та, өз ішімізде жүріп те егемендік пен тәуелсіздікті біржақты келеке ететіндер, шындап келгенде, ынтымақ пен ықпалдастықты емес, бұрынғы біреуге басыбайлылық пен кіріптарлықты аңсайтындар болып табылады. Олар нақты адамдардың басындағы нақты қиындықтар мен нақты қолайсыздықтарды тілге тиек етеді. Оған түсінген жөн. Отандастарымыздың қай-қайсысының да уайымына ортақ боп, көмектескен абзал. Бірақ, адамдар да, халықтар да әлдеқашан жүріп кеткен пойыздың соңынан жүгірмей, қалыптасқан жағдайда өзіне де, өзгелерге де бірдей тиімді пәтуа ұстана отырын, өзгеріп жатқан дүниеден өз орынын таба алатынын да ұмытпаған дұрыс. Кешегі кеңестік кеңістікте әлі де болса, буынсыз жерге пышақ ұру, сол арқылы тәуелсіздіктерді тұқыртып бағу пиғылдары орын алып отыр. Жаңа тарихи ситуацияны атымен ескергісі келмеген, бір жаққа ғана тиімді нормаларды көлденең тартып, болашақта тығырыққа тіреуі ықтимал стандарттарды тықпалап баққан саяси жымысқылық өз дегеніне жете алмады. Алайда, саяси жолмен жүзеге асыруға шамалары келмегенді экономикалық жолмен жүзеге асыруға ұмтылатындар ұпайларын жіберер емес. Олар қалыптасқан байланыстардың бұзылуын асқынтып, қайтарымдық-төлемдік, тасымалдық, жабдықтаушылық, энергетикалық қысымды күшейтіп бақты. Ұлттық ақша дүниеге солай келді. Бұған байланысты халықтың кейбір бөлігінде туған алаңдаушылықты пайдаланып, ашық саяси қоқан-лоққыға көшкісі келгендер де бой көрсетті. Бір кезде қайта құру процестеріне тыңғылықты ойланып алып кіріспеген кеңестік кеңістіктегі ахуал әлі солқылдақ. Біреулер оның орынында пайда болған мемлекеттер қазіргі қалпында да іргелі мемлекет болып кете алатынына сенеді. Енді біреулер оларды одан әрі ыдырата түскісі келеді. Үшінші біреулер кешегі кеңес кезіндегі империяны, төртінші біреулер баяғы патша тұсындағы империяны аңсайды, бесінші біреулер таза славяндық, алтыншы біреулер, мүмкін болса, Орталық Азияны да, ең кемінде Қазақстанды да қамти кететін түркі-славян одағын құруды көксейді. Ал, қалыптасып отырған жағдайды одан әрі орнықтырып, тәуелсіз мемлекеттердің өзара екі жақты байланыстарын да, көп жақты байланыстарын да былайғы дүниемен қарым-қатынасын да өз еркімен көңінен дамытып, жаңа қағидалар негізінде жасақтала бастаған әлемдік ықпалдастыққа тікелей шығуын тереңдете түскісі келетіндердің дауысы тым әлсіз естіледі. Бұл ешкімді де енжар қалдыра алмайтын жағдай. Тәуелсіздік пен ықпалдастықтың аясын тек кешегі немесе баяғы тарихи дәстүрлі ауқымдармен ғана шектеу жаңа империяшылдықтың, жаңа гегемонизмнің, саяси-мәдени жаңа бөліне-жарылушылықтың қаупін күшейтіп, енді-енді бәсеңдеп келе жатқан әлемдік текетірестік ахуалды қайта қоздырып алуы да ғажап емес екендігін ескермей болмайды. Ынтымақтастық та, ықпалдастық та бір-бірінің мүддесін нәзік түсініп, қатаң қадағалауды талап етеді. Онсыз ол баяғы сол баса көктеушілікке ұласып кетеді. Шынайы ынтымақтастық пен ықпалдастық шынайы тәуелсіздік бар жерде ғана жүзеге асады. Осы даусыз ақиқатқа көзжұмбайлықпен қарап, үйреншікті үрдіс пен көне сүрлеулерге жүгіру кешегі кеңестік кеңістіктің шын мәніндегі демократиялық кеңістікке айналуына бірден-бір қол байлау боп келеді. Отандастарға қамқорлық жасаған жөн. Бірақ ол көрші мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұғу деген сөз емес. Тіпті қайда болса да, баса-көктеп кіріп бурадан да тартынбайтындардың бар екендігі де көрінбей қалып жатқан жоқ. Ондай ниет үстемдік еткен жерлерде екі жақтың да боздақтарының қаны мен аналарының көз жасы бірдей төгілуде. Соған қарамастан, көрші кеңістіктерде сәл нәрсені сылтау етіп бөліне-жарылушылық пиғылдарды қоздырғысы келетін іріткі әрекеттерге әуестердің саны азаяр емес. Бұндайдан сескенген жаңа тәуелсіздіктер ішінара төтенше амалдар қарастыруға мәжбүр болатыны айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздікке қысым жасау демократияға қысым жасауға ұрындырмай қоймайды. Шынында да адам бостандығын жақтайтын күштер тәуелсіздік тағдырына да енжар қарай алмаса керек-ті. Өйткені, тұтас халықтардың бостандығы аяққа басылып отырған қоғамда азамат бостандығы да аяққа басылмай қалмайтынын кешегі кеңестік кезеңде өз көзімізбен көрдік. Ендеше, тәуелсіздікке немқұрайды қарау деген сөз – демократияға немқұрайды қарау деген сөз. Демократияға немқұрайды қарау – адам бостандығына немқұрайды қарау. Осыны ұқпай, оңды-солды тәуелсіздікке тиісетін, өмірде кездесіп отырған келеңсіздіктердің бәрін егемендік пен тәуелсіздіктен көретін пиғыл, түптеп келгенде, демократиялық пиғыл боп санала алмайды. Ондай оспадарсыз пиғылдың опық жегізбей қоймайтынына да енді көзіміз кетті. Алайда, оспадарсыздыққа оспадарсыздықпен жауап беріп, тәуелсіздіктің көсегесін бәрібір көгерте алмайтынымыз да рас. Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның алдындағы ғана емес, өз тағдыры алдындағы жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның жарастығын ойлаған адам ғана жарастықты дүниеде өмір сүре алады. Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде ондай шынайы жарастық орната алады. Өйткені, халық бостандыққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Қоғам бостандыққа жете алмай тұрып, адам бостандыққа кете алмайды. Сондықтан да, бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғамдардың, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі – ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым. Қазіргі адамзаттың ең басты мұрасы, ең асыл игілігі. Демек, заман бәрібір біздікі. Бостандыққа ұмытылған адамдар мен азаттыққа ұмытылған халықтардікі. Тәуелсіздікке ұмытылған мемлекеттердікі. Оны түсінбеу өзін де, өзгелерді де қара суға теріс ағызу болып шығады. Ол үшін өтпелі кезеңнің келеңсіздіктерін көлденең тартудың да жөні жоқ. Мың жылдап күткен арманды бір күнде жүзеге асыра салмасымыз белгілі. Ғасырлап аңсаған азаттық бәрімізді бір күнде бай қылып, барша мұратқа жеткізбей жатқаны да рас. Қиындық пен қиянаттың көбеймесе, азаймай тұрғаны да рас. Бәрі де рас. Бірақ, бәрі де тәуелсіздіктен емес. Жаңаны көрсе, жағасынан алып бағатын жаны қас кертартпалықтан. Кешегісін көксеп оқыранған отаршыл озбырлықтан. Тарысы піскеннің тауығы бола салып, ел пайдасынан гөрі өз пайдасын көбірек ойлайтын тоғышар пысықайлықтан. Жаңаның атын малданып – бақ, абыройын малданып – байлық тапқанша асыққан әлеуметтік әумесерліктен. Қысқасы, даңғойлық пен даңғазалықтың бұрын оянып, шын намыстың әлі ширықпай жатқандығынан. Әркім өз пікір мен өз әрекетінің тізгінін өзі қолға алып, нақты іске кірісе алмай жатқандығынан. Ол үшін біріміз емес, бәріміз ұяттымыз. Соны мойындасақ, келеңсіздік бүгін жойылмаса, ертең жойылады. Әзір орнай алмай жатқан молшылық пен әділет бәрібір орнамай қоймайды. Қай халық та ондай дәуренге жетсе, тек тәуелсіздіктің арқасында жетіп жатыр. Ал қолымызға әзер қонған азаттық құсын бір үркітіп алсақ, қайта айналып қонғанша қашан?! Олай болса, уақытша қиындықтарға бола мәңгілік-мұраттарымызды тәрк ете алмаймыз. Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркеюі жолында күш-жігерді аямаймыз. Тарихтың қандай қатал сынына да табандылықпен төтеп бере аламыз. Өйткені, тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы  
08.12.2012 05:20 6140

Күні кеше ғана сияқты еді. Оған да төрт жыл болыпты. Пәлен күнге созылған парламент дауы да аяқталды. Дауыс берілді. Басым көпшілік егемендікті жақтады. Алаң толы жастар қабылданған құжатты сол бойда жариялауды талап етті. Бір топ депутаттар алдына барып оқып берді. Қомсынғандар да табылды. «Бірден тәуелсіздік жариялау керек еді. Мұндай егемендіктің қажеті қанша?» – десті олар.

Бірақ, ондай егемендіктің де әбден қажет екенін келесі жылдың тамызы көрсетіп берді. Аяқ астынан жарияланған төтенше жағдай тек Мәскеудің аумағымен шектелді. Егемен республикаларға ықпал ете алмады. Күллі кеңестік кеңістіктегі азаматтық соғысқа айналып кетуі әбден мүмкін саяси айла-шарғы жаңа егемендік сынды құқықтық тосқауылға тап боп, тоқырап қалды. Оған сол жылы қоңыр күзде одақтық парламент пен республика парламенттері делегациялары бірлесіп өткізген мәжілісте әбден көзіміз жетті. Қабылданған қорытынды құжат империялық құрылымдардың хәлі мүшкіл екенін айқын аңғартқандай еді. Алайда, жағдайды одан әрі шиеленістіре түскісі келетін күштердің де аз емес екендігі байқалады. Таптық идеология патриоттары баспасөз залына жиналып, үсті-үстіне мәлімдеме қабылдап жатты. Ұлы державашыл күштер әжетхана алдындағы вестибюльдерге жапырласып, желпіне сөйлеп тұрған Владимир Жириновскийге ауыздарын ашып бақты.

Сөйтіп, қоғамды одан әрі реформаландырудың тізгіні орталықтан біржола кетіп, шет аймақтарға, бұрынғы одақтас республикаларға көшті. Егемендік кепілі болып табылатын президенттік институттар құрылды. Олар бүкілхалықтық дауыс беру жолымен сайланды. Қазақстан да өз Президентін сайлап, өз тәуелсіздігін жариялады. Оны әлемдік қауымдастық бірден мойындады. Тәуелсіздікті заңды жолмен бекітетін Жаңа Конституция керек болды. Белая Вежада бас қосқан Кеңестер Одағының тарихи құрылтайшылары одақтан шығатындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан үлкен империя күйреді.

Оған қуанғандардан гөрі үрейленгендер көп болды. Олар тек, кейбір саясатшылар көп айта беретіндей,«бір күнде «шет елдік» боп шыға келген жиырма бес миллион орыстар» ғана емес еді. Бірлесіп басталған реформа аяқталмай қалды. Демократиялық үрдіс әбден орнығып үлгермеді. Либералдық қағидалардан таптық қағидалар әлі де үстем түсіп тұрды. Жалпы гуманистік мұраттардан гөрі таптық интернационализм қисындары әлі де кеңінен танымал еді. Мұндай жағдайда жаңа жарияланған егемендіктер мен тәуелсіздіктер заңды күшін сақтап қала ала ма? Сонау қайта құрудың басындағы солақай басшылық әдейі қолдан қоздатқан ұлтаралық кикілжің өрті енді кешегі кеңестік кеңістікті түгел қамтып кетпес пе екен? Демократиялық жолмен қайта құрылып үлгермеген қоғам халықаралық нормаларға мойын ұсынып, бейбіт жолмен ыдырап, кейін халықтардың азаттығына, мемлекеттердің тәуелсіздігіне нұқсан келмейтіндей боп, мемлекетаралық қатынастардың осы заманғы озық үлгілеріне сәйкес қайтадан бейбіт ықпалдасып, бейбіт ынтымақтасуын қамтамасыз ете ала ма?.. Жаңа егемендіктер күрделі өзгерістерді одан әрі ойдағыдай өрістетіп кете ала ма? Кертартпа пиғылдарға не орынсыз асығып-үсігушілікке ұрынып, реформаны да, демократияны да, тәуелсіздікті де тәрк етіп алып жүрмей ме?

Орынды уайым. Алматы ұшырасуына да сол себеп болды. ТМД да сол себептен құрылды. Кеңестер Одағы енді жоқ. Оған кірген мемлекеттер бұдан былай бір-бірімен достық, тең құқылық жағдайында ықпалдасатын болады. Ол шешім қағаз жүзінде қалды деген бекер сөз. Егер мемлекеттер арасында ашық қырғи-қабақтыққа жол берілмей келе жатса, ол да әлгі уақытылы қабылданған шешімнің арқасы.

Алайда, Белая Вежа да, ТМД да – жаңа тәуелсіздіктер жолындағы тұзақты түгел үзіп кете алмапты. Оған «егемендік» пен «тәуелсіздікті» әлі күнге келеке ете сөйлейтін саяси риториканың өзі-ақ дәлел. Олар Кеңестер Одағындағы жағдайдың бұлай өрістеуін іштегі ұлтшылдық пен сырттағы жымысқылықтан көреді. Оларға айтқызсаңыз, ешқандай тоқырау да болмаған сияқты. Тоқырамаса, Кеңестер Одағындай әлемдік держава тапа-тал түсте өз-өзінен құлап қалар ма еді?! Нағыз іштен іріп-шіру деген осы. Оны, әрине, ішкі, сыртқы оппозиция бірден байқады. Сөйтіп, қоғамдық санада әуелі айтылып жатқан сөзге сенбейтін, кейін өкіметтердің істеп жатқан ісіне сенбейтін секемшілдік пайда болды. Кейін ол ашық наразылыққа ұласты. Бұрын жоғарының сөзіне сенгіш қауым енді көлденеңнің сөзіне сенгіш болды. Жаппай қарулану мен бейбіт экономикалық бәсекеде бірдей ұтылу ішкі оппозицияның тілін шығарды.

Ол мінез қоғамның төменгі қабаттарынан жоғарғы қабаттарына өрмеледі. Ұзақ жыл билеп-төстеген геронтократия (ақсақалшылдық) билікке асыққан жас элитаның көз қырына қалды. Көшедегі наразылық ордадағы наразылықпен жең ұшынан жалғасты. Жоғарыдан түсетін нұсқауды екі етпейтін құлақкесті психологияны пайдалана отырып, бұқараның штабтарға, төменгі штабтардың жоғарғы штабтарға, шет аймақтардың орталыққа мойын ұсынбауы күшейді. Сол табысына мастанған жаңа элита ұлтаралық қарым-қатынасты қайтадан жетілдірем деп жүріп, «ұйықтап жатқан аждаһаны» өзі түртіп оятты. Мұндай авантюраның салдарынан қашып, өздері республикалық партия ұйымдарын автономдандыра бастады. Республикалар егемендік жарияламай тұрып, республикалық партия ұйымдары өз уставтарын қабылдап үлгерді. Кремльдің «жаңа арманшылдары» егемендіктер парадын» қаншама келеке еткенмен, өздері бастап берген жаппай ыдырау процесін тоқтатар айла таба алмады. Партия комитеттерін тастап, кеңестерге ауысты. Ол да жаппай ыдырауды тоқтата алмады. Енді бүкіл державалық халық шаруашылығы комплексінің өміршеңдігіне жүгінуге мәжбүр болды. Жергілікті өкіметке онсыз да бағынбайтын одақтық кәсіпорындарды одан сайын бағынбайтындай қылу мақсатымен, кәсіпорындардың өз билігі өзіне берілді. Сөйтіп, империяның бірден бір жұлыны болып табылатын орталықтан үйлестіру және басқару жүйесінің тамырына балта шабылды.

Одақ осылай ыдырады. Тәуелсіздік осылай орнады. Бәрі де жоғарыдан және орталықтан жүзеге асырылды. Ол үшін енді жершілдік пен ұлтшылдыққа өкпелеудің еш жөні жоқ. Егер ара-тұра ондай да құбылыстар кездессе, олар да «қайта құру көсемдерінің» өз мақсаты жолында неден де болса тартынбағандығының салдарынан орын алды.

Қысқасы, жаңа коммунистік элита өзі отырған бәйтерекке өзі балта шапты. Ұзақ жыл билік басындағы партия даңғойлық пен ішкі ала құлалылыққа ұрынбай тұра алмасы белгілі. Қоғамдағы қай күш те ықпалды топта өз адамын ұстағысы келеді. Сөйтіп, ол мүдде бірегейлігі мен көзқарас бірегейлігінен айырылады. Біреулердің тіпті істің тап осылай тынғанына әуелден де тілектес болуы әбден мүмкін еді. Екіншілері, әліптің артын бақты. Үшіншілері, сазға отырып қалғанын кеш байқады. Жағдайды түзейміз деп жүріп, әбден күзеп алды.

Сөйтіп, Белая Вежа, түптеп келгенде, болары әбден болып, бояуы әбден сіңіп қойған тарих шешімін заңдастырды. Мұндай жағдай әлемдік империялардың бәрінің де басынан өткен. Бірақ жаңа жағдайда бұрынғы метрополия мен отарлар арасында өшпенділік өршіп кетпеуіне көп мән берілген. Британ, француз Достастығы да содан туған. Біздегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы да солай туды. Өйткені, тәуелсіз мемлекеттердің бәрі де жаңа заманға лайық жаңармайынша қатарға қосыла алмайды. Оған озық технология, инвестиция және халықаралық қолдау керек. Ол тек орнықты ахуалдағы елдерге ғана көрсетіледі. Сондықтан неоимпериализм, неоколониализм, ұлттық томаға-тұйықтыққа ұрындырмайтын әлемдік ықпалдастыққа ұмтылады. Ол үшін де егемендік ықпалдастыққа ұмтылады. Ол үшін де егемендік пен тәуелсіздік керек.

Ендеше, сыртымызда тұрып та, өз ішімізде жүріп те егемендік пен тәуелсіздікті біржақты келеке ететіндер, шындап келгенде, ынтымақ пен ықпалдастықты емес, бұрынғы біреуге басыбайлылық пен кіріптарлықты аңсайтындар болып табылады. Олар нақты адамдардың басындағы нақты қиындықтар мен нақты қолайсыздықтарды тілге тиек етеді. Оған түсінген жөн. Отандастарымыздың қай-қайсысының да уайымына ортақ боп, көмектескен абзал. Бірақ, адамдар да, халықтар да әлдеқашан жүріп кеткен пойыздың соңынан жүгірмей, қалыптасқан жағдайда өзіне де, өзгелерге де бірдей тиімді пәтуа ұстана отырын, өзгеріп жатқан дүниеден өз орынын таба алатынын да ұмытпаған дұрыс.

Кешегі кеңестік кеңістікте әлі де болса, буынсыз жерге пышақ ұру, сол арқылы тәуелсіздіктерді тұқыртып бағу пиғылдары орын алып отыр. Жаңа тарихи ситуацияны атымен ескергісі келмеген, бір жаққа ғана тиімді нормаларды көлденең тартып, болашақта тығырыққа тіреуі ықтимал стандарттарды тықпалап баққан саяси жымысқылық өз дегеніне жете алмады.

Алайда, саяси жолмен жүзеге асыруға шамалары келмегенді экономикалық жолмен жүзеге асыруға ұмтылатындар ұпайларын жіберер емес. Олар қалыптасқан байланыстардың бұзылуын асқынтып, қайтарымдық-төлемдік, тасымалдық, жабдықтаушылық, энергетикалық қысымды күшейтіп бақты. Ұлттық ақша дүниеге солай келді. Бұған байланысты халықтың кейбір бөлігінде туған алаңдаушылықты пайдаланып, ашық саяси қоқан-лоққыға көшкісі келгендер де бой көрсетті. Бір кезде қайта құру процестеріне тыңғылықты ойланып алып кіріспеген кеңестік кеңістіктегі ахуал әлі солқылдақ. Біреулер оның орынында пайда болған мемлекеттер қазіргі қалпында да іргелі мемлекет болып кете алатынына сенеді. Енді біреулер оларды одан әрі ыдырата түскісі келеді.

Үшінші біреулер кешегі кеңес кезіндегі империяны, төртінші біреулер баяғы патша тұсындағы империяны аңсайды, бесінші біреулер таза славяндық, алтыншы біреулер, мүмкін болса, Орталық Азияны да, ең кемінде Қазақстанды да қамти кететін түркі-славян одағын құруды көксейді. Ал, қалыптасып отырған жағдайды одан әрі орнықтырып, тәуелсіз мемлекеттердің өзара екі жақты байланыстарын да, көп жақты байланыстарын да былайғы дүниемен қарым-қатынасын да өз еркімен көңінен дамытып, жаңа қағидалар негізінде жасақтала бастаған әлемдік ықпалдастыққа тікелей шығуын тереңдете түскісі келетіндердің дауысы тым әлсіз естіледі. Бұл ешкімді де енжар қалдыра алмайтын жағдай. Тәуелсіздік пен ықпалдастықтың аясын тек кешегі немесе баяғы тарихи дәстүрлі ауқымдармен ғана шектеу жаңа империяшылдықтың, жаңа гегемонизмнің, саяси-мәдени жаңа бөліне-жарылушылықтың қаупін күшейтіп, енді-енді бәсеңдеп келе жатқан әлемдік текетірестік ахуалды қайта қоздырып алуы да ғажап емес екендігін ескермей болмайды.

Ынтымақтастық та, ықпалдастық та бір-бірінің мүддесін нәзік түсініп, қатаң қадағалауды талап етеді. Онсыз ол баяғы сол баса көктеушілікке ұласып кетеді. Шынайы ынтымақтастық пен ықпалдастық шынайы тәуелсіздік бар жерде ғана жүзеге асады. Осы даусыз ақиқатқа көзжұмбайлықпен қарап, үйреншікті үрдіс пен көне сүрлеулерге жүгіру кешегі кеңестік кеңістіктің шын мәніндегі демократиялық кеңістікке айналуына бірден-бір қол байлау боп келеді.

Отандастарға қамқорлық жасаған жөн. Бірақ ол көрші мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұғу деген сөз емес. Тіпті қайда болса да, баса-көктеп кіріп бурадан да тартынбайтындардың бар екендігі де көрінбей қалып жатқан жоқ. Ондай ниет үстемдік еткен жерлерде екі жақтың да боздақтарының қаны мен аналарының көз жасы бірдей төгілуде. Соған қарамастан, көрші кеңістіктерде сәл нәрсені сылтау етіп бөліне-жарылушылық пиғылдарды қоздырғысы келетін іріткі әрекеттерге әуестердің саны азаяр емес. Бұндайдан сескенген жаңа тәуелсіздіктер ішінара төтенше амалдар қарастыруға мәжбүр болатыны айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздікке қысым жасау демократияға қысым жасауға ұрындырмай қоймайды.

Шынында да адам бостандығын жақтайтын күштер тәуелсіздік тағдырына да енжар қарай алмаса керек-ті. Өйткені, тұтас халықтардың бостандығы аяққа басылып отырған қоғамда азамат бостандығы да аяққа басылмай қалмайтынын кешегі кеңестік кезеңде өз көзімізбен көрдік. Ендеше, тәуелсіздікке немқұрайды қарау деген сөз – демократияға немқұрайды қарау деген сөз. Демократияға немқұрайды қарау – адам бостандығына немқұрайды қарау. Осыны ұқпай, оңды-солды тәуелсіздікке тиісетін, өмірде кездесіп отырған келеңсіздіктердің бәрін егемендік пен тәуелсіздіктен көретін пиғыл, түптеп келгенде, демократиялық пиғыл боп санала алмайды. Ондай оспадарсыз пиғылдың опық жегізбей қоймайтынына да енді көзіміз кетті. Алайда, оспадарсыздыққа оспадарсыздықпен жауап беріп, тәуелсіздіктің көсегесін бәрібір көгерте алмайтынымыз да рас.

Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның алдындағы ғана емес, өз тағдыры алдындағы жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның жарастығын ойлаған адам ғана жарастықты дүниеде өмір сүре алады. Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде ондай шынайы жарастық орната алады. Өйткені, халық бостандыққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Қоғам бостандыққа жете алмай тұрып, адам бостандыққа кете алмайды. Сондықтан да, бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғамдардың, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі – ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым. Қазіргі адамзаттың ең басты мұрасы, ең асыл игілігі.

Демек, заман бәрібір біздікі. Бостандыққа ұмытылған адамдар мен азаттыққа ұмытылған халықтардікі.

Тәуелсіздікке ұмытылған мемлекеттердікі. Оны түсінбеу өзін де, өзгелерді де қара суға теріс ағызу болып шығады. Ол үшін өтпелі кезеңнің келеңсіздіктерін көлденең тартудың да жөні жоқ.

Мың жылдап күткен арманды бір күнде жүзеге асыра салмасымыз белгілі. Ғасырлап аңсаған азаттық бәрімізді бір күнде бай қылып, барша мұратқа жеткізбей жатқаны да рас. Қиындық пен қиянаттың көбеймесе, азаймай тұрғаны да рас. Бәрі де рас. Бірақ, бәрі де тәуелсіздіктен емес. Жаңаны көрсе, жағасынан алып бағатын жаны қас кертартпалықтан. Кешегісін көксеп оқыранған отаршыл озбырлықтан. Тарысы піскеннің тауығы бола салып, ел пайдасынан гөрі өз пайдасын көбірек ойлайтын тоғышар пысықайлықтан. Жаңаның атын малданып – бақ, абыройын малданып – байлық тапқанша асыққан әлеуметтік әумесерліктен. Қысқасы, даңғойлық пен даңғазалықтың бұрын оянып, шын намыстың әлі ширықпай жатқандығынан. Әркім өз пікір мен өз әрекетінің тізгінін өзі қолға алып, нақты іске кірісе алмай жатқандығынан. Ол үшін біріміз емес, бәріміз ұяттымыз. Соны мойындасақ, келеңсіздік бүгін жойылмаса, ертең жойылады. Әзір орнай алмай жатқан молшылық пен әділет бәрібір орнамай қоймайды. Қай халық та ондай дәуренге жетсе, тек тәуелсіздіктің арқасында жетіп жатыр. Ал қолымызға әзер қонған азаттық құсын бір үркітіп алсақ, қайта айналып қонғанша қашан?!

Олай болса, уақытша қиындықтарға бола мәңгілік-мұраттарымызды тәрк ете алмаймыз. Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркеюі жолында күш-жігерді аямаймыз. Тарихтың қандай қатал сынына да табандылықпен төтеп бере аламыз. Өйткені, тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға