Жаңалықтар

Үшінші қаланың мейрамханалары қандай болуы керек?

                           Үшінші қаланың мейрамханалары қандай болуы керек?          Аптап ыстықта шөл басу үшін сусын іздеп кафеге бас сұққанымызда біз жайғасқан үстелдің жанына даяшы қыз да тез жетті. «Сусын әкеліңіз» дегенімізде ас мәзірін ұсынған ол:          – Міндетті түрде бірінші немесе екінші асқа тапсырыс бересіз, әйтпесе тек сусынның өзі босатылмайды, - деп мәлімдеді.               Иә, бұл  жәйт қаладағы дәмханалардың басым бөлігіне тән. Келушілер өз қалауы бойынша емес, кафенің жазылмаған шартына сәйкес ас таңдауға мәжбүр. Тіпті кейбірінде тәбетіңіз тартпаса да екінші ас пен салаттың бір түрін таңдауға тиіссіз. Өкініштісі, клиентінің көңілінен шығуды емес,  қалтасын қағуды көздейтін мейрамханалар жайлы айтатын жәйт бір бұл емес.       Шаһардағы «Кентукки», «Камшат», «Есім», «Быстро, Маэстро» мейрамханалары екінші тағамын ішкізбей клиентін жібермейді.  Ал, «911» кафесінде ұнатқан, ұнатпағаныңызға қарамастан сіздің есебіңізден музыка үшін 400 теңге талап етеді. Өзін Ләйлә деп таныстырған іс басқарушы:          –  Еуропалық немесе азиялық тағам түрлерін дайындайтын  кез келген дәмханада, мейрамханада қазақтың ұлттық тағамы ас мәзіріне енуі тиіс. Жергілікті тұрғындардан өзге шетелдік қонақтардың қай уақытта болса да келуі мүмкін екенін есте ұстауға тиіспіз. Ал, әуен үшін ақы  талап ету мекеме басшысына байланысты. Себебі, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ететін солар ғой. Арнайы музыкалық композицияға тапсырыс берсеңіз, қосымша ақы төлейсіз. Көпшілікке сіздің жеке сұранысыңыз бойынша орындалатын әуен екені хабарланады, - деп пікір білдірді.         Администратордың айтуынша, музыкалық қызмет түрі кешкі сағат 19.00-ден түн жарымға дейін орындалады. Түнгі 00.00-ден асқан уақытта әуен ойналатын болса мекемеге айыппұл салынатын көрінеді.         Бірқатар мейрамханаларда темекі шегетіндер үшін арнайы зал жабдықталған. Ал, ондай жайы жоқ кафелерде үлкен залда отырып темекі тарта бересіз. Егер, сіз өзіңізді зиянды түтіннен қорғағыңыз келсе жеке кабинаға жайғасуыңызға болады. Алайда, ол үшін қосымша ақы сіздің есебіңізге енгізіледі. «Астория» кафесінде де осындай жағдай. Сонда келушілер темекі тартпағаны үшін ақы төлеуге мәжбүр болғаны ма? Керісінше, қоғамдық орынды ластағаны үшін шылымқор клиенттерге ақша төлету орынды болар. Тағы байқағанымыз, мейрамханалар мен кафелердің басым бөлігінде ас мәзірі тек орыс тілінде жазылған. «Алтын орда», «Ауылым» мейрамханаларын да ғана тағам тізімі мемлекеттік тілде көрсетілген. Бұл енді конституциялық құқығымызды шектеу болып табылса керек. ҚР «Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы» Заңында мемлекеттік органдарда, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда темекі шегу тыйым салынғаны белгілі. Бұл туралы заңгер Перизат Нарбекова былай дейді:          -  2009 жылы 18 қыркүйекте шыққан «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес жекелеген қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте темекі шегуге тыйым салынған. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендей көпшілік тамақтанатын орындарда шылым тартуға қатаң тыйым салынған.          Маманның айтуынша, егер қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар белгіленген жағдайда ешқандай әкімшілік шара көрілмейді екен. Дегенмен, осы шылымқорларға арналған орын санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы тиіс. Ал, аталған заңның 1-бабында көрсетілгендей жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзған жағдайда бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейсіз. Сондай-ақ, бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барсаңыз, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. «Мекеме ішінде темекі тартуға болмайды» деген ескертуге қарамастан шылым тартсаңыз кафе басшысы сізден 10 айлық көрсеткішке дейін, ал заңды тұлға болсаңыз 40-айлыққа дейінгі мөлшерде айыппұл талап етуге құқылы.          Бүгінде «Бізде калян бар» деген жарнаманы кез келген мейрамхана, кафе маңдайшасынан оқуға болады. Калян дегеніңіз қазақшалағанда қорқор. Бізге арабтардан келген. Өкінішке қарай соңғы кезде оны ермек ететіндер көбейді. Алайда, олар мұндай  көңіл көтерудің өз денсаулығы үшін қаншалықты қымбатқа түсетінінен бейхабар. Солай болса да адамдардың санасын жаулаған қорқор үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, калян түнгі клубтар, мейрамханалар мен кафелердің сәніне айналды.         Ең алғаш Үндістанда пайда болған қорқор аз уақыт ішінде мұсылман елдеріне тарапты. Қорқорға арналған табактың сыртында әдетте 0,5 пайыз никотин және 0 пайыз шайыр бар деп көрсетіледі. Сондай-ақ калян құтысында баяу жанып тұратын көмірдің түтіні де адам денсаулығы үшін кері әсерін тигізері сөзсіз. Қорқордың залалы жайлы терапевт Дана Тасболатова былай дейді:        - Калян өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздырады, қатерлі ісіктің өршуіне де себепші. Бір сағат қорқор тартқан адам бір тал шылым шеккен кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ адам өкпесіне никотинмен қатар түрлі зиянды заттар мен тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. Соның салдарынан асқазан қабыршықтанып түрлі ішкі аурулардың да өрбуіне ықпал етеді. Калянды шегу үшін оның түтікшесін ауыз қуысына апарып күшпен ішке қарай ауаны тартасыз. Түтін асқазан, өкпені жайлап кетеді. Қорқор қарапайым темекіден жұмсақ әрі жағымды иісімен ерекшеленеді. Сонысымен де шылым шекпейтін адамдарды қызықтырады. Әдетте мейрамханаларда калянды бірнеше адам болып тартады. Мундштук деп аталатын қорқордың сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиян. Сілекей арқылы гепатит, герпес, туберкулез секілді аурулардың жұғуына себепкер болады. Қорқорды үнемі пайдаланушылар гипоксиядан, яғни оттегінің жетіспеуінен зардап шегеді.           Жандар Жұматайұлы, онколог-хирург:           - Қорқор өкпенің, өңеш немесе ішкі органдардың қатерлі ісігі өрбуіне себепкер болады. Сол себепті оны пайдалануға заң жүзінде тыйым салынса калянмен әуестенушіледің қатары азаятыны сөзсіз. Ал, біз дәрігер ретінде алдымызға келген науқасқа калянды пайдаланудан бас тартуға кеңес береміз, заң жүзінде оған шектеу қою билік басындағыларға байланысты. Өкпенің қатерлі ісігінен зардап шегетін адамның бұл зарарлы нәрседен алшақ жүргені жөн. Тіпті, көлік  түтінінің өзі өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар үшін қыруар кесірін тигізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң шығарушы өкілетті органдарға қорқорды қолдануға шектеу қоюға қатысты ұсыныс білдірсе деп тілейміз.           Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «Ендігі жерде  онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ. Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда елімізде қатерлі ісікпен ауыратын 145 мың адам тіркелген және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 5 пайызға өсіп отыр екен. Онкологиялық көмек көрсетудің 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес скринингтерді дамыту жолымен  онкосырқаттардың алдын алу және дер кезінде анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарланған. Осы бағдарлама аясында қатерлі ісікпен күрес жүргізу ісінде  қатерлі ісікті  тудырушы факторларға да аса көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ, қорқордың пайдалануына да заң жүзінде тыйым қойылатын болса онколог мамандардың да  жұмысы жеңілдейтіні белгілі. Жұмысты қойыңызшы, ел байлығы адамдардың аурулары азаяр еді-ау.         Кафе администраторының айтуынша, мекемеде қорқор қызметі үшін ешқандай рұқсаттың қажеті жоқ.         - Басшы бізден тазалықты және тәртіпті талап етеді. Ал, калянмен және оған қажетті заттармен өзі қамтамасыз етеді. Мұнда даяшылардан өзге калян дайындайтын жігіттер бар. Солар келушілердің тапсырысы бойынша  қорқорды түрлі хош иістендіргіштерімен әзірлеп береді, - дейді іс бақылаушы Ләйлә.    Алғашқыда тек қызығушылықпен, өзгелерге еліктеушілікпен шеккен адам бірте-бірте қорқорқұмарға айналғанын аңғармай да қалады. Себебі, адам ағзасында никотинге деген тәуелділік қалыптасады. Ауруды ақшаға сатып алмайын десеңіз, каляннан алыс жүргеніңіз абзал.          Шаһардағы мейрамхана, кафе, дәмханалардың барлығы жекеменшік иелігінде. Әр мекеме қожайыны қандай тәртіп енгізсе де өз еркі. Дегенмен, аталмыш қоғамдық орындарда ортақ бір ереже немесе орындалуы міндетті шарт орнатылса деген ой түйдік. Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын қолдануға қатаң тыйым салынса және қорқорды пайдалануға да шектеу қойылса игі. Мейрамхана қызметі тұтынушылардың талап-тілектеріне де көңіл бөліп, клиенттерді тартуға және олардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталғанда  мейрамханалық бизнес нарығында тұрақты дамуына  әрі оң бейне қалыптастыруына да өз септігін тигізері сөзсіз.                                                                                              Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.
07.12.2012 23:41 5388

 

 

                       Үшінші қаланың мейрамханалары қандай болуы керек?

 

       Аптап ыстықта шөл басу үшін сусын іздеп кафеге бас сұққанымызда біз жайғасқан үстелдің жанына даяшы қыз да тез жетті. «Сусын әкеліңіз» дегенімізде ас мәзірін ұсынған ол:

         – Міндетті түрде бірінші немесе екінші асқа тапсырыс бересіз, әйтпесе тек сусынның өзі босатылмайды, - деп мәлімдеді.

              Иә, бұл  жәйт қаладағы дәмханалардың басым бөлігіне тән. Келушілер өз қалауы бойынша емес, кафенің жазылмаған шартына сәйкес ас таңдауға мәжбүр. Тіпті кейбірінде тәбетіңіз тартпаса да екінші ас пен салаттың бір түрін таңдауға тиіссіз. Өкініштісі, клиентінің көңілінен шығуды емес,  қалтасын қағуды көздейтін мейрамханалар жайлы айтатын жәйт бір бұл емес.

      Шаһардағы «Кентукки», «Камшат», «Есім», «Быстро, Маэстро» мейрамханалары екінші тағамын ішкізбей клиентін жібермейді.  Ал, «911» кафесінде ұнатқан, ұнатпағаныңызға қарамастан сіздің есебіңізден музыка үшін 400 теңге талап етеді. Өзін Ләйлә деп таныстырған іс басқарушы:

         –  Еуропалық немесе азиялық тағам түрлерін дайындайтын  кез келген дәмханада, мейрамханада қазақтың ұлттық тағамы ас мәзіріне енуі тиіс. Жергілікті тұрғындардан өзге шетелдік қонақтардың қай уақытта болса да келуі мүмкін екенін есте ұстауға тиіспіз. Ал, әуен үшін ақы  талап ету мекеме басшысына байланысты. Себебі, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ететін солар ғой. Арнайы музыкалық композицияға тапсырыс берсеңіз, қосымша ақы төлейсіз. Көпшілікке сіздің жеке сұранысыңыз бойынша орындалатын әуен екені хабарланады, - деп пікір білдірді.

        Администратордың айтуынша, музыкалық қызмет түрі кешкі сағат 19.00-ден түн жарымға дейін орындалады. Түнгі 00.00-ден асқан уақытта әуен ойналатын болса мекемеге айыппұл салынатын көрінеді.

        Бірқатар мейрамханаларда темекі шегетіндер үшін арнайы зал жабдықталған. Ал, ондай жайы жоқ кафелерде үлкен залда отырып темекі тарта бересіз. Егер, сіз өзіңізді зиянды түтіннен қорғағыңыз келсе жеке кабинаға жайғасуыңызға болады. Алайда, ол үшін қосымша ақы сіздің есебіңізге енгізіледі. «Астория» кафесінде де осындай жағдай. Сонда келушілер темекі тартпағаны үшін ақы төлеуге мәжбүр болғаны ма? Керісінше, қоғамдық орынды ластағаны үшін шылымқор клиенттерге ақша төлету орынды болар. Тағы байқағанымыз, мейрамханалар мен кафелердің басым бөлігінде ас мәзірі тек орыс тілінде жазылған. «Алтын орда», «Ауылым» мейрамханаларын да ғана тағам тізімі мемлекеттік тілде көрсетілген. Бұл енді конституциялық құқығымызды шектеу болып табылса керек. ҚР «Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы» Заңында мемлекеттік органдарда, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда темекі шегу тыйым салынғаны белгілі. Бұл туралы заңгер Перизат Нарбекова былай дейді:

         -  2009 жылы 18 қыркүйекте шыққан «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес жекелеген қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте темекі шегуге тыйым салынған. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендей көпшілік тамақтанатын орындарда шылым тартуға қатаң тыйым салынған.

         Маманның айтуынша, егер қоғамдық тамақтану орындарында темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар белгіленген жағдайда ешқандай әкімшілік шара көрілмейді екен. Дегенмен, осы шылымқорларға арналған орын санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы тиіс. Ал, аталған заңның 1-бабында көрсетілгендей жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзған жағдайда бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейсіз. Сондай-ақ, бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барсаңыз, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. «Мекеме ішінде темекі тартуға болмайды» деген ескертуге қарамастан шылым тартсаңыз кафе басшысы сізден 10 айлық көрсеткішке дейін, ал заңды тұлға болсаңыз 40-айлыққа дейінгі мөлшерде айыппұл талап етуге құқылы.

         Бүгінде «Бізде калян бар» деген жарнаманы кез келген мейрамхана, кафе маңдайшасынан оқуға болады. Калян дегеніңіз қазақшалағанда қорқор. Бізге арабтардан келген. Өкінішке қарай соңғы кезде оны ермек ететіндер көбейді. Алайда, олар мұндай  көңіл көтерудің өз денсаулығы үшін қаншалықты қымбатқа түсетінінен бейхабар. Солай болса да адамдардың санасын жаулаған қорқор үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, калян түнгі клубтар, мейрамханалар мен кафелердің сәніне айналды. 

       Ең алғаш Үндістанда пайда болған қорқор аз уақыт ішінде мұсылман елдеріне тарапты. Қорқорға арналған табактың сыртында әдетте 0,5 пайыз никотин және 0 пайыз шайыр бар деп көрсетіледі. Сондай-ақ калян құтысында баяу жанып тұратын көмірдің түтіні де адам денсаулығы үшін кері әсерін тигізері сөзсіз. Қорқордың залалы жайлы терапевт Дана Тасболатова былай дейді:

       - Калян өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздырады, қатерлі ісіктің өршуіне де себепші. Бір сағат қорқор тартқан адам бір тал шылым шеккен кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ адам өкпесіне никотинмен қатар түрлі зиянды заттар мен тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. Соның салдарынан асқазан қабыршықтанып түрлі ішкі аурулардың да өрбуіне ықпал етеді. Калянды шегу үшін оның түтікшесін ауыз қуысына апарып күшпен ішке қарай ауаны тартасыз. Түтін асқазан, өкпені жайлап кетеді. Қорқор қарапайым темекіден жұмсақ әрі жағымды иісімен ерекшеленеді. Сонысымен де шылым шекпейтін адамдарды қызықтырады. Әдетте мейрамханаларда калянды бірнеше адам болып тартады. Мундштук деп аталатын қорқордың сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиян. Сілекей арқылы гепатит, герпес, туберкулез секілді аурулардың жұғуына себепкер болады. Қорқорды үнемі пайдаланушылар гипоксиядан, яғни оттегінің жетіспеуінен зардап шегеді.

          Жандар Жұматайұлы, онколог-хирург:

          - Қорқор өкпенің, өңеш немесе ішкі органдардың қатерлі ісігі өрбуіне себепкер болады. Сол себепті оны пайдалануға заң жүзінде тыйым салынса калянмен әуестенушіледің қатары азаятыны сөзсіз. Ал, біз дәрігер ретінде алдымызға келген науқасқа калянды пайдаланудан бас тартуға кеңес береміз, заң жүзінде оған шектеу қою билік басындағыларға байланысты. Өкпенің қатерлі ісігінен зардап шегетін адамның бұл зарарлы нәрседен алшақ жүргені жөн. Тіпті, көлік  түтінінің өзі өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар үшін қыруар кесірін тигізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң шығарушы өкілетті органдарға қорқорды қолдануға шектеу қоюға қатысты ұсыныс білдірсе деп тілейміз.

          Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «Ендігі жерде  онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ. Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда елімізде қатерлі ісікпен ауыратын 145 мың адам тіркелген және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 5 пайызға өсіп отыр екен. Онкологиялық көмек көрсетудің 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес скринингтерді дамыту жолымен  онкосырқаттардың алдын алу және дер кезінде анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарланған. Осы бағдарлама аясында қатерлі ісікпен күрес жүргізу ісінде  қатерлі ісікті  тудырушы факторларға да аса көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ, қорқордың пайдалануына да заң жүзінде тыйым қойылатын болса онколог мамандардың да  жұмысы жеңілдейтіні белгілі. Жұмысты қойыңызшы, ел байлығы адамдардың аурулары азаяр еді-ау.

        Кафе администраторының айтуынша, мекемеде қорқор қызметі үшін ешқандай рұқсаттың қажеті жоқ.

        - Басшы бізден тазалықты және тәртіпті талап етеді. Ал, калянмен және оған қажетті заттармен өзі қамтамасыз етеді. Мұнда даяшылардан өзге калян дайындайтын жігіттер бар. Солар келушілердің тапсырысы бойынша  қорқорды түрлі хош иістендіргіштерімен әзірлеп береді, - дейді іс бақылаушы Ләйлә.    Алғашқыда тек қызығушылықпен, өзгелерге еліктеушілікпен шеккен адам бірте-бірте қорқорқұмарға айналғанын аңғармай да қалады. Себебі, адам ағзасында никотинге деген тәуелділік қалыптасады. Ауруды ақшаға сатып алмайын десеңіз, каляннан алыс жүргеніңіз абзал.

         Шаһардағы мейрамхана, кафе, дәмханалардың барлығы жекеменшік иелігінде. Әр мекеме қожайыны қандай тәртіп енгізсе де өз еркі. Дегенмен, аталмыш қоғамдық орындарда ортақ бір ереже немесе орындалуы міндетті шарт орнатылса деген ой түйдік. Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын қолдануға қатаң тыйым салынса және қорқорды пайдалануға да шектеу қойылса игі. Мейрамхана қызметі тұтынушылардың талап-тілектеріне де көңіл бөліп, клиенттерді тартуға және олардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталғанда  мейрамханалық бизнес нарығында тұрақты дамуына  әрі оң бейне қалыптастыруына да өз септігін тигізері сөзсіз.

 

                                                                                           Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға