УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионатын Еуропаның бірнеше елінде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады баспасөз мәжілісінде УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфантино. Турнирді өткізудің нақты форматы кейінірек анықталады, деп хабарлады BNews.kz Лента.Ру агенттігіне сілтеме жасап.
Инфантиноның хабарлауынша, осындай форматта чемпионат өткізуді Еуропаның 53 футбол қауымдастығының 52-сі қолдады. Тек Түркия қарсы болды. Себебі ол ұзақ жылдар бойы Еуропа чемпионатының өз елдерінің аумағында өткенін қалады және Еуро-2020 өткізуге басты үміткерлердің бірі болды.
Еуро-2020 матчтарын өткізу үшін қалалардан өтініш 2013 жылдың наурыз айынан бастап қабылданады, ал 2014 жылдың көктемінде қалалардың нақты тізімі бекітіледі.
Еуро – 2020 бірнеше елде өтеді
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді